Ғұндардың жаулап алушылық жорықтары ежелгі заманнан ортағасырларға өтудің бір факторы ретінде. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

 Рим империясында христиандықтың таралуы мен бекуі бұдан кейінгі Еуропа тарихына ықпалын тигізген ұлы мәдени төңкеріс болды.

 Осылайша христиандық орта ғасырларға өтіп қана қоймай және варварлар оны қабылдады, сонымен қатар антикалық мәдениеттің көп белгісін өзіне сіңірді десе де болады.

Рим империясы христиандықты мемлекеттік дін деп, ал Рим империясының өзі христиандық болып саналған кезде халық та христиандықты мойындай бастады. Осы негізде халықтар бір-біріне бір табан жақындады. Ендігі жерде пұтқа табынушылықтан (язычества) гөрі, христиандық дін негізгі дін ретінде тұрақтады. Көптеген тарихшылар ежелгі әлеммен байланысты сақтай отырып, варварлар христиан дінін қабылдау арқылы жоғарғы мәдени дамуға ұшырап, білімдерін көтерді деп көрсетті.

 Бір жағынан антикалық және варварлық элементтердің өзара байланысына тоқтала отырып қарасақ, германдық варварлар саясаты, экономикасы, заң жүйелері дамыған жоғарғы мәдениетті елге келген кезде, дамыған елдің басқару түріне еріксіз бағынған болатын.

Шын мәнінде, экономика, заң және мемлекеттік өмір салаларында ежелгі антикалық және варварлық қағидалар өзара байланысып кетті. Яғни, римдік тәртіппен айналысқан жерлерде германдықтардың өзара қарым-қатынасы басталды, ал екінші жағынан олар бүкіл Рим империясының провинциясы өздерініңзаңдылықтары мен патшалықтарын құрған әлеуметтік-қоғамдық өмірді өзгерте алмады.

 Осы тұрғыдан алғанда ортағасырлық роман-германдық Еуропа Батыстың Рим империясының тікелей жалғастырушысы болып табылады. Бұған бір жағынан бұл империядағы христиан шіркеуінің пайда болуы, ал екінші жағынан әртүрлі герман халықтарының осы империясының әр түрлі шет аумағына қоныстануы өз ықпалын тигізді.

Дегенмен, бұрынғы Батыс Рим империясының қарастырылып отырған кезеңіндегі мәдени-әлеуметтік және қоғамдық өміріне сырттан енген барлық өзгерістердің жаңа дін мен ежелгі әлем халықтарының ықпалы болды деп ойлау қажет емес.

 Орта ғасырлардың көп белгілері құлаған Рим империясының ішкі мәдени және әлеуметтік дамуының нәтижесі

Рим империясы христиандық пен германдықтарды бірден қабылдай салған жоқ. Өзінің дәстүрлі мәдениеті мен саяси құрылысын, шекарасы мен провинцияларын жаңа дін мен сенімнен қорғау үшін өте ұзақ та тұрақты күрес жүргізді. Христиандар мен варварлар Рим империясының құрамында «адам нәсілінің» жаулары болып саналды. Әсіресе антикалық азаматтық қоғам мен білімділіктің жақтаушылары оларды нақ халық жауы деп санады. Осы кезеңнен бастап, империяның құрамында бөтен дәстүрдің әсері біліне бастады. Ал біртіндеп уақыт өте келе осы бастамалар христиандықтың жеңісі ретінде Батыс Рим империясы бөлімінде ежелгі дәуірден орта ғасырға көшудің негізі болып қаланды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу