Саяси режимдердің типтері. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал 2.
Қосымша 3
Демократиялық саяси режим
Демократиялық саяси режим мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады.
Демократия — әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады.
Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы".
Демократиялық режимнің белгілері:
1) халық мемлекеттік билікті жүзеге асыруға тікелей (азаматтардың референдумға қатысуы) және өкілдік (халықтың билікті өзі сайлаған өкілдік органдар арқылы жүзеге асыруы) демократия арқылы қатысады;
2) шешімді көпшілік азшылықтың мүдделерін ескере отырып қабылдайды;
3) мемлекеттік биліктің орталық және жергілікті органдарының сайланбалылығы және ауыспалылығы, олардың сайлаушыларға есеп беруі, жариялылық;
4) сендіру, келісу, келісімге келу әдістері жиі қолданылады;
5) қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы заңның үстемдігі;
6) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жарияланады және шын мәнінде қамтамасыз етіледі;
7) саяси плюрализм, соның ішінде көппартиялылық;
8) биліктің тармақтарға бөлінуі және т.б.
Демократиялық саяси жүйе - саяси жүйенің түрі, оған мыналар тән:
- азаматтардың кепілденген құқықтары мен бостандықтарының кең ауқымы қамтылуы;
- билеуші және оппозициялық саяси партиялардың еркін қызмет етуі;
- жалпымемлекеттік өкілетті билік органдарының - парламенттің болуы;
- сайлаудағы заңды күрес қорытындылары бойынша партиялардың үкіметті жасақтауы;
- мемлекеттік және қоғамдық органдардың қызмет етуі принциптері және заңцылықтарына бақылау орнататын тәуелсіз соттар жүйесінің болуы;
- өзін-өзі және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының болуы;
- көз жеткізу, дәлелдеу мемлекеттік органдар ықпалының негізгі құралы ретінде ақпарат көздерінің еркін қызмет етуі.
Осылайша, демократиялық саяси жүйеге жалпы баға бере отырып, олар мыналарды қамтамасыз етеді деп сеніммен айтуға болады:
- басқарушы топтың тұрақты занды мойындалғандығын;
- оны қалыптастыруға қалың бұқараның қатысуы;
- саясаттың негізгі бағыттарын айқындауға бұқараның тікелей немесе жанама түрде қатысуы;
- бұқараның тарапынан басқарушы топты бақылауға алуы.
Осылардың барлығы мүндай саяси жүйелердің бұқараның билік органдарын қалыптастырып, саясатты жүзеге асыруға қатысу құқына негізделгендігін білдіреді.
Халықтың басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыру сипатына байланысты демократияны жүзеге асырудың негізгі үш бағытын бөліп қарастырады:
Тура демократия- халықтың жалпы мемлекеттік және жергілікті ауқымда билікті тікелей жүзеге асыруы, халықтың өзінін (көбінесе сайлаушы азаматтармен) жалпы және жергілікті сипаттағы шешім қабылдауы.. Тура демократияда халық маңызды саяси шешімдерді қабылдауға, билік жүргізуге тікелей қатысады. Оның ұтымды жақтары:
- халықты саясаттан шеттетпейді, саяси жүйенің тұрақтылығын және басқарудың ұтымдылығын арттырады;
- халықтың белсенділігін дамытып, тұлғаның өзін-өзі көрсетуіне, танытуына жол ашады;
- саяси институттар мен қызмет адамдарын бақылаудың ықпалдылығын қамтамасыз етеді, билік мұратын теріс пайдаланудан сақтайды, басқарушы төбе топтың халықтан алшақтануына, шенеуніктердің бюрократтануына жібермейді. Тура демократияға референдум, плебисциттер жатады. Референдумға маңызды заң шығару немесе ішкі және сыртқы мәселені шешу үшін сайлаушылардың көңілін білдіруі жатады. Мысалы: Қазақстан Республикасында референдум арқылы Президенттіңөкілдігі ұзартылады.
Плебисцитарлық демократияда азаматтардың саяси ықпалы кемиді оларға сайлау арқылы заңның немесе басқа шешімнің жобасын қабылдау немесе қабылдамау құқығы беріледі. Оны президент, үкімет, партия, т.с.с. дайындайды. Мұнда халықтың жобаны дайындауға қатынасу мүмкіндігі аз.
Өкілдік демократия - халықтың билікті өзі таңдаған мемлекеттік органдар арқылы жүргізуі. Халық билігінің негізгі екі түрінің бірі (екінші түрі тікелей демократия). Қазіргі демократиялық қоғамда осы екі түр өзара бірін-бірі толықтырады. Заңды күші тұрғысынан басымдыққа тікелей демократия жолымен қабылданған шешімдер ие болады. Өкілдік демократияда халықтың еркі депутаттарға және биліктің өкілетті органдарына беріледі. Азаматтар өздерінің көзқарастарының, мақсаттарының, бағдарламаларының ниеттестігіне байланысты депутаттарды сайлайды, оларға өз мүдделерін қорғауды сеніп тапсырады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру