Әлем елдері Ұлы дағдырыстан қалай шықты? Дүние жүзі тарихы, 8 сынып, дидактикалық материал.


Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ.

 1929 жылы АҚШ-та эқономикалық дағдарыс басталады.

 Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды.

 Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.

 Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жетті. Жүмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысьг 60% -ға қысқарды,

 АҚШ-тың ауыл шаруашьшық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.

 1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықгар өздерінің банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе бастады. Американың гүлдену дәуіріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.

 1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Ф.Рузвельт жеңіске жетті. 1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзінде «экономикалық жоспарлау» идеясын ұсынды. XX ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбір адам өмір сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы қажет» — деді.

Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты.

 1933 ж. мамыр айында ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң шықты. Бұл заң ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен ұсынысты деңгейлестіру мақсатын көздеді. Фермерлерге мемлекет қарыз берді, қарыз төлемдеріне бірқатар жеңілдіктер белгіленді. Ал фермерлер егіс көлемі мен мал басын қысқартуға тиісті болды, қысқарған жер мен малдың қүнын мемлекет төледі, бұл ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын тұрактандыруға мүмкіншілік берді. 1933 ж. маусым айында Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң қабылданды. Барлық кәсіпкерлік бірлестіктер «адал бәсеке кодексін» жасауға тиісті болды. Бұл қүжаттарда өндірілетін өнімнің мөлшері мен бағаның ең төмеңгі дәрежесі белгіленді. Кодекстерді президент бекіткен соң, күшіне енеді. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтитын 750 кодекс жасалынды. Ұлттық өнеркэсіпті қалыпына келтіру туралы заң кәсіподақтарға ұжымдық шарт жасау қүқығын берді.

 1935 ж. конгресс Вагнер заңын қабылдады (заңды ұсынушы сенатордың атымен аталды). Заң бойынша, жұмысшылар барлық салаларда кәсіподактарға кіру, кәсіп керлермен ұжымдық шарт жасау, ереуілдер ұйымдастыру құқығына ие болды.

 Жұмысшы ұйымдарының іс-әрекетіне кәсіпкерлердің араласуына, жұмысшыларды кәсіподақтарға кіргені үшін қудалауға, ұжымдық шарт жасаудан кәсіпорын иелерінің бас тартуына тыйым салынды. Бұл заң еңбек катынастарын реттеудегі ең алдыңғы қатарлы заң болды.

 1935 ж. АҚШ тарихында бірінші рет еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету туралы заң шықты: қарттарға зейнетақы, жұмыссыздарға жәрдемақы төленетін болды, жетімдер мен мүгедектерге жәрдем беру жүйесі жасалды. 1938 ж. еңбектің, әділетті шарттары туралы заң кабылданды. Заң өндірісте балалар еңбегін пайдалануға тыйым салды, жалақының ең төменгі мөлшері мен жұмыс аптасының ұзақтық мөлшері белгіленді.

 Ауыл шаруашылығындағы кедей топтарға көмектесу үшін фермерлік шаруашылықтарды қорғау әкімшілігі деп аталған мекеме құрылды. Бұл мекеме арендаторларға фермалар сатып алу үшін қарыз берді. Ұсақ фермерлер мен кедей топтардың кооперативтер құруына қажетті қаржы бөліп отырды.

 Ф.Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді. Алайда бұл демократияны шектеген жоқ, оны кеңейте түсті. Азаматтардың құқықтары кеңейтілді: бар-лық американдар әлеуметтік жағынан қорғалу құқығына ие болды; кәсіподақтар мен жұмысшылар ұжымдық шарттар жасау және ереуілге шығу кұқығын алды; фермерлер мемлекеттен көмек сұрау қүқығына ие болды. Демек, АҚШ-та мемлекеттің рөлінің күшеюі демократиялық негізде іске асты. Реформалар «игілік мемлекетінің» іргетасын қалады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу