Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1.
Экономика - бұл адам өміріне қажет материалдық игіліктерді өндіру және бөлісу жүйесі. Тарихтың әр кезеңінде оның өзіндік ерекшеліктері болды.
Феод – әскери, әкімшілік қызмет үшін үлестіріп берілетін жердің түрі.
Барщина – шаруа феодалдың пайдасына атқаратын міндетті жұмыстар. Мысалы, көпір, жолдарды салу, жөңдеу, шөп шабу, егін орау,диірменді тазалау тб.
Оброк – шаруаның феодалға өтейтін міндеткерліктің түрі. Ол натуралды немесе ақшалай алынатын салық.
Феодалдық міндеткерліктер – помещиктің жерін пайдаланғаны үшін шаруаның өтейтін міндеткерліктері.
Қосымша 2.
Тапсырма: мәтінді оқып, феодалдық міндеткерліктің түрін анықтаңыз:
«Шаруа Видрадта толық жер телімі бар. Ол жерді пайдаланғаны үшін феодалға бір шошқа, үш тауық, 18 жұмыртқа төлейді; нан пісіріп, сыра қайнатады. Жыл бойы ол феодалдың жер телімін өңдейді, оған астық егеді, жинайды. Оның әйелі зығыр киім тігуі керек керек».
Барщина | Оброк |
Қосымша 3. Феодализмнің белгілері.
Феодализмнің 1-ші белгісі: Жер – негізгі байлық. | Орта ғасырлар дәуірінде барлық жер феодалдарға тиесілі болды. |
Феодализмнің 2-ші белгісі: екі қоғамдық таптың болуы – феодалдар мен оларға басыбайлы шаруалар. | Шаруалардың меншік жері болмады. Олар жерді феодалдан жалға алды. Сондықтан шаруалар феодалдық міндеткерліктер орындауға міндетті болды: алым, барщина, шіркеу ғұшыры. |
Феодализмнің 3-ші белгісі: натуралды шаруашылықтың үстемдігі | Өмір сүру үшін қажеттінің барлығы шаруашылық ішінде өндірілді. Сондықтан сауда және поместьелер арасындағы байланыс әлсіз дамыған болды. |
Феодализмнің 4-ші белгісі: қоғамның сословиелік бөлінуі. | Феодалдар мен дін басылар үстемдік етуші сословиелер болды және салық төлемеді. Басыбайлы шаруалар және қала тұрғындары ең төменгі сословие болып есептелді. Ең төменгі сословиеден жоғары сословиеге өту мүмкін болмады. |
Феодализмнің 5-ші белгісі: феодалдық бытыраңқылық және феодалдық өзара тартыстар. | Мемлекеттер біртұтас болған жоқ, ол көптеген шағын корольдіктіктерден, княздіктерден тұрды. Ірі феодалдар корольге – басты феодалға бағынғысы келмеді, өздері билік жүргізгісі келді. Феодалдар арасында әскери қақтығыстар жиі туындап тұрды. Феодалдар неғұрлым көбірек жер басып алғысы келді, сондықтан бір-бірінің иеліктеріне шабуыл жасады. |
Қосымша 4. Оқушыларға толтыруға арналған кесте. Қолөнер мен ауыл шаруашылығындағы жетістіктер туралы ақпарат берілген карточкалар.
Ауыл шаруашылығы | Қолөнер |
- Жел және су желдеткіштері пайда болды, олар ұн шығарудың сапасын арттырды.
- Егінді жерлер көбейді (ормандарды шабу, батпақты далалы жерлерді өңдеу натижесінде)
- Қосдөңгелекті ауыр соқаларды пайдаланып, жерді тереңінен жыртып, аударды.
- Темір кенін өндеу ісі жетілдіруді талап етілді, себебі металл өнімдері көбірек талап етілді.
- Қолөнершілердің кәсібі арта түсті, себебі, күрделі заттарды шығару үшін арнайы құралдарды пайдаланды.
- Жерді жаңаша өңдеудің нәтижесінде еңбек өнімділігі өсті.
- Малдың саны артты, себебі жем-шөп көбейді.
- Көптеген темірден жасалған еңбек құралдары пайда болды.
- Кәсіби қолөнершілер пайда болды
- Жылқыны тек әскери қызметте ғана емес, шаруашылыққа да пайдаланды – жүк тасымалдауға, жер жыртуға (ауыздық пен таға пайда болған соң).
Қосымша 5. Ортағасырлық қалалардың пайда болу себептері мен «Еуропа (ХІ-XIV ғғ) қалаларының өсуіндегі, қолөнер мен сауданың дамуы» атты карта.
Ортағасырлық қалалардың пайда болуының себептерін анықтауға арналған таратпа карточкалар:
1.Темір кенін өндеу ісі жетілдіруді талап етілді, себебі металл өнімдері көбірек талап етілді.
2. Қолөнершілердің кәсібі арта түсті, себебі, күрделі заттарды шығару үшін арнайы құралдарды пайдаланды.
3. Кәсіби қолөнершілер пайда болды
Қосымша 6. Сызба «Қолөнер цехы».
Қолөнершілердің цехтарға бірігу себептері | Қолөнер цехы | Қолөнер цехының құрылымы |
Жарғының құрастырылу мақсаттары (кем дегенде 2) | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру