Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
6 СЫНЫП, САБАҚ 5.2
II бөлім: Феодализм
Сабақтың тақырыбы: Феодалдық экономика ерекшеліктері неде?
Оқыту мақсаттары:
6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;
6.4.1.1 қолөнер мен сауда рөлін анықтау, ортағасырлық қалалардың дамуын сипаттау;
6.1.1.1 феодалдық қоғамның әлеуметтік құрылымын сипаттау.
Тарихи концепт: дәлел
Сабақ компоненттерінің өзара байланысы:
1. Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Оқушылардың сабаққа психологиялық тұрғыда дайын болуына көз жеткізу маңызды.
2. Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға ежелгі Римдегі құлдық жұмысының көрінісін ұсынып, сұрақ қойыныз: Қалай ойлайсыңдар, құлдар өз қожайынның шаруашылығында қалай жұмыс істеді: ынтасымен немесе жазалаудан қорыққандықтан ғама ма? Неліктен құлдар өз жұмысының нәтижесіне қызығушылық танытпады? Неліктен олар жиі құралдарды бұзып, нашар жұмыс істеді?
Оқушылардың жауабы;
Құлдар жұмысының нәтижесіне қызығушылығы болмады, себебі олар еркін адамдар болмады және олар жұмыстары үшін төлемақы алмады. Олар өз қожайындарын жек көрді, өйткені олар құлдарды қатал түрде жазалаған,отбасыларынан ажыратған, сатып жіберген немесе кез-келген басқа тауарға айырбастауға құқылы болған.
Оқушылардың пікірін тыңдап болып, Батыс Рим империясының құлдырауымен құл еилену кезеңі аяқталғанын айтыныз. Құлдардың еңбегін пайдалану тиімді болмады, сондықтан жер иелері еркін шаруалардың еңбегін қолдана бастады. Шаруалар егіннің бір бөлігін жер иесіне береді, ал қалғанын қала тұрғындарына сатуға немесе қажет нәрселеріне: киім, құрал-саймандар, жұмысшы мал және т.б. заттарға алмастыра алды. Экономикалық және әлеуметтік салада жаңа қатынастар пайда болды, олар феодалдық деп аталады. Оқушыларға «Феодализм» бөлімін оқып бастап жатқандарын айтыңыз.
Содан кейін мұғалім сабақтың тақырыбын хабарлайды, оқушыларға оқу мақсаттарын түсіндіреді, тарихи концептісі және бағалау критерийлерімен таныстырады. Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады. Оқушылар сабақтың мақсаттарын түсінгендігіне көз жеткізіңіз. Мұғалімнің алдын ала дайындаған слайдты пайдаланып, оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін зерттеу бағытарын анықтайды.
Зерттеу маршруты келесі элементтерді қамтиды:
- Феодализм ұғымын және оның ерешеліктерін қарастыру.
- Феодалдық қоғам кезіндегі экономиканың ерешеліктерін анықтау.
- Құлиеленушілік және феодалдық экономикасын салыстыру.
3. Оқушылардың назарына феодалдық экономикасына байланысты негізгі ұғымдар мен олардың анықтамалары көрсетілген презентацияны ұсынады: феодализм, феод, тәуелді шаруалар, феодалдық шаруашылық, артық өнім, натуралды шаруашылық, барщина, оброк (алым), шіркеу ғұшыры, міндеттемелір. Алынған ақпаратты бекіту үшін оқушыларға дәптеріне «Феодализм дегеніміз не?» сқрағына жауабын бір сөйлем көлемінде жазуды сұраңыз.
Оқушылардың жауабының нұсқасы:
Феодализм - бұл белгілі бір экономикалық қатынастар жүйесі; мұнда жер иегігі жоқ, бірақ жеке басы ерік шаруалар жериеленушілерге - феодалдардың пайдасына жұмыс істейді. Олардың алынған егін өнімінің бір бөлігін өздеріне қалдыруға құқықтары болған. Шаруалардың міндеттемелері барщина және оброк (алым) деп аталған. Сонымен қатар шаруалар шіркеуге егіннің оннан бір бөлігін – шіркеу ондыңын ғұшырын төледі.
Оқушылардан жауаптарын оқып беруін сұраңыз, содан кейін тақтаға дұрыс жауапты көрсетіңіз, сол бойынша оқушылар өз жұмыстарын тексере алады.
4. Оқушылар оқулықтағы мәтінді оқиды. Оқып болған соң, оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз: Сіз қалай ойлайсыңдар, шаруалар неліктен, құлдардмен салыстырғанда, өз жұмысының нәтижесіне қызығушылық танытты? Неліктен олар мол өнім алуға ұмтылды? Бұл үшін олар не істеулері мүмкін?
Оқушылардың мүмкін жауаптары:
Шаруалар ынтасымен жұмыс істеді, еңбек құралына мұқият қарауды, өйткені олар егіннің бір бөлігін өздеріне қалдырды. Олар көп өнім жинауға тырысты, ол үшін жерді өңдеудің технологиясын жақсарта бастады, жердің құнарлығы таусылмау үшін оны мұқият өңдеді, оған тыңайтқыштарды қомты, екіөрісті және үшөрісті жүйені пайдаланды.
Оқушылардын жауаптарын тыңдап болғаннан кейін, оларды феодалдық қарым-қатынастар экономикалық дамудың жеделдетілуіне әкелгені туралы қорытынды жасаныз.
Өнімдер көп шығарыла басталды. Барлық міндеттемелерін орындағаннан кейін және отбасын қамтамасыздандырғанан кейін қалған артық өнімдерді шаруалар сатуға мүмкіндік алды немесе қолөнершілердің өнімдеріне алмастыра алды. Бұл өз кезегінде сауда мен қолөнердің дамуына ықпал етті.
5. Жаңа ақпаратты бекіту үшін оқушыларға топтық жұмыс ұсыныңыз. Феодалдық экономика туралы карикутура, коллаж немесе комикс салуды ұсыныныз. Бұл тапсырма үшін ресурс ретінде феодализм жүйесі туралы бейнеролик көрсетіңіз, тақырыпқа байланысты ақпараттық мәтіндермен, иллюстрациялармен қамтамасыз етіңіз.
Дескрипторлар. Оқушылар:
- түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты таңдай алады;
- жаңа терминдерді көрнекілі түрде көрсете алады;
- феодалдық экономиканы түсіндіру үшін жаңа терминдерді қолда алады.
Оқушылар өз жұмыстарын сынып алдында қорғайды, өз идеяларын түсіндіреді.
Өзара баға беру үшін олар түрлі түсті карточкаларды пайдаланады: сары түсті карточка - - жұмысты жақсарту, түзету керек, көк түсті карточка - жақсы талаптарға сай жасалған, жасыл түсті карточка – жұмыс жоғары деңгейде жасалған.
Оқушылар ұсынған ақпаратты жинақтап, қажетті түсініктемелер және түзетулер ұсыныңыз.
6. Жұмыстың келесі түрі - жаңа терминдердің және олардың түсініктемелерін сәйкестендіру, жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз.
Сәйкестікті орындауға арналған материал (карточкалар):
Феод – ірі жер иеленуші әскери немесе басқа да қызметi үшiн өзіне бағынышты вассалдарына мұрагерлік реттінде берiлетін жер үлесі.
Натуралды шаруашылық - өмір үшін қажетті барлық өнімдер мен заттар сату үшін емес, тұтыну үшін өндірілетін феодалдық шаруашылық.
Оброк (алым) - шаруалардың жер иеленушіге тамақпен немесе ақшамен төленетін міндеттеме түрі.
Сеньор – өзіне тәуілді кішігірім феодалдары – вассалдары – бар феодалдық лорд, ірі жериеленуші.
Феодалдық міндеттілік – жер үлесін пайдаланғаны үшін шаруалардың феодалдың пайдасына жасайтын борыштары: барщина – феодалдың жерін өндеу, оброк – натуралды немесе ақсалай алым төлеу міндетті.
7. Сабақтың рефлексиясы «Қадамдар мен терминдер» деген ойын тапсырмасын қолдану арқылы жасалуы мүмкін.
Оқушы сынып алдына шығады және ол өзінің әр қадамына сабақта кездестірген бір термин айтуы керек. Оқушы мүмкіндігінше коп қадам жасауға тырысады. Осылайша, оқушылардын жаңа терминдерді естеріне сақтауды ұйымдастыруға болады.
8. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға «Тарихқа саяхат» баспа үйінің «Орта ғасырлар» сериясынын үзінділерін оқуп келуді тапсырыңыз және келесі сабақта алған жаңа білімдері туралы бөлісуді ұсыныныз.
Саралап оқыту мүмкіндіктері
Көпшілік оқушылар орындай алатын тапсырма.
Тапсырма: Жаңа терминдердің бірін төменде көрсетілген алгоритм арқылы талдау:
- Термин
- Қысқаша анықтамасы
- Синоним
- Антоним
- 2 ассоциаци
- Терминді қолданып тұжырым, сөйлем құрастыру.
Сабақтың тақырыбына байланысты қосымша теориялық материалы.
Мәтін: «Шаруаларының өмірі мен еңбегі»
Шаруалар ауылда өте кедей үйлерде тұрды. Кішкентай ағаш үйлерінің төбесі сабанмен жабылған. Пеш құбырлары болмады, пеште от жанып тұрған кезде, қалың, тұншықтыратын түтін тар бөлмені толтыратын. Кішкентай тар терезелер жарықты аз жіберді; суық кезде оларды сабан немесе шүберектермен бекіткен. Мал мен құсты суықтан сақтау үшін қысқы уақытта оларды адамдармен бірге бір бөлмеде ұстаған. Шаруаның үйінің іші қараңғы, лас және дымқыл болды.
Бөлме пештің оты арқылы жарықтандырылды. Өрттің үстіне темір үшаяқты орнатып, оған тамақ дайындауға арналған қазан орналастырылды. Бөлменің қабырғаларында балық аулайтын тор ілінген. Шаруа қарапайым құралдардың көмегімен аяқ киімді өзі жасады. Үйдін бір бұрышында ұршық ұйырып оның әйелі отырды. Жамалған ескі киім киген балалары қастарында еденде отырып, ағаштан себет тоқыған.
Үйдің жиһазы қабырғаның тұсында қойылған бірнеше орындықтармен өрескел жасалған үстелден тұратын. Жалғыз төсекте немесе едендегі төсек орнында ұйықтағын. Шаруалар қарапайым, өздері тігіп алған киім, ауыр ағаш аяқ киім кийген.
Алымдар мен міндеттемелерден көз ашпаған шаруалар азапты өмір сүрді. Шаруалар жерді өздерінің әкелері мен аталары қолданған құрал-маймандарды пайдаланған. Олардың көбісінде тырмағы болмағандықтан, жерді бөренені сүйрелеп жұмсартқан. Бидайды таяқпен соғып немесе ағаш тізбектермен ұсақтаған. Топырақты ұрықтандырмаған. Ауыл шаруашылығында кіші мал басы - қой, ешкі, шошқа басым болды. Жылқылар мен сиырлар өте аз болды, себебі мұндай ірі мал үшін жемшөп жеткіліксіз болды.
Феодалдың жерінде жұмыс істеп жүріп, шаруалар өз жер иелігін жақсы өңдей алмады. Астық өте төмен болды; өнім егілгеннен 2-3 есе ғана көп болатын. Сонымен қарат, аяздар немесе құрғақшылық егінді бір күнде жойып кететін болды. Мұндай сорлылықтардан соң ашаршылық жылдар болып тұрған. Шаруалар алдымен барлық мал мен құстарды жеді. Аштыққа төзе алмай, олар ағаш тамырларын, шөпті және балдырды жеуге мәжбүр болатын. Жұқпалы аурулар тарап, мыңдаған әлсіреген адамдардың өмірін қиды.
Бірақ шаруалар жоғары өнім алуға бар күштерін жұмсады. Олар темірден шалғы, айыр, балта, күрек, тырнауыштарды өздері жасап алды. IX ғасырда шаруалар жеңіл ғана емес, сонымен қатар ауыр доңғалақ соқаны қолдана бастады. Мұндай соқалармен шаруалар топырақты тереңірек жыртты; оны темір тістері бар ағаш тырмамен жұмсатты.
Екіөрістік (двухполье) үшөрістікпен (трехполье) ауыстырылды. Егінді екіге емес, үшке бөлетін болды. Жердің бір бөлігіне бидайді күз. Енді егіннің жартысы емес, тек үштен бөлігі бос қалдырылатын болды. Үшөрістік жүйе өнімнің өсуіне себеп болды.
Шаруалар жерді ауыр темір доңғалақ соқалармен айдады. Соқада топырақты көлденесінен кесіп өтетін пышақ, және оны қосымша тікеден-түк кесетін темір күрегі болған. Дөңгелек алды соқаның қозғалысын жеңілдетіп, оны тұрақтылық етті.
Орта ғасырдың басында ауыл шаруашылығының техникасы өте төмен болды. Бірақ шаруалар біртіндеп өз еңбектерінің арқасында жұмыс құралдарын және жер қндеу әдістерін үнемі жақсартып отырды.
Тарихи дереккөз.
Феодалдық шаруашылықты қалай басқару болатынын түсіндірілген
Ұлы Карл корольдің жарлығысынан үзінді.
Әрбір шаруашылықты басқаратын қызметші жыл феодалдың үстелі тамақ өнімдеріне толы болуын қамтамасыз етуі керек.
Жыл сайын үстелімізге көкөністер, балық, ірімшік, сары май, бал, қыша, сірке (уксус), тары, кептірілген және балғын шөптер, балауыз, сабын және басқа да кіші буйым заттарды толтыруы керек. Шаруашылықта кемінде 100 тауық және 30 қаз болуы керек.
Уйде төсек, асжаулық, орындықтардағы кілемдер, ыдыстар, бұрылыстар, осьтер, бұрғылар, пышақтар және әртүрлі заттар болуы тиіс, яғни оларды біреуден сұрап алуға немесе қарызға алудың қажеті болмауы керек.
Әйелдер бөлмелеріне жұмыс жасау үшін материалдармен қамтамасыз етілуі қажет, олар: зығыр, жүн, бояулар, жүн тарайтын тарақ, сабын және басқа да кішкене заттар.
Әрбір қызметші жақсы шеберлерді танып білетін болуы қажет: темір ұсталарды, күміс және зергерлік бұйымдар жасайтын шеберлерді, аяқ киім өндірушілерді, ағаш ұсталарды, сабын дайындаушылар, сыра қайнатқыштар, наубайшылар және басқаларды.
Өнімнің барлық түрлерінің артықшылықтарды біздің тапсырысымызға дейін, қоймада сақталуы немесе сатылуы қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру