2D бейне құруға арналған БҚ (бағдарламалық қамсыздандыру). Графика және жобалау, 11 сынып, сабақ жоспары.
«Графика және жобалау» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар
1-тарау: Ақпаратты визуализациялаудың графикалық тәсілдері мен құралдары (компьютерлік графика) | Мектеп: ФМБ НЗМ Шымкент қаласы | ||||||||
Дата: 2 сабақ | Мұғалімнің аты-жөні: Жусипова А.С. | ||||||||
Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Сабақ тақырыбы: | 2D бейне құруға арналған БҚ (бағдарламалық қамсыздандыру) | ||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.1.2.3 2D объект құру үшін БҚ (растрлық немесе векторлық) таңдау (сызық қалыңдығы және түсі, тікбұрыш, көпбұрыш, шеңбер, доға, эллипс, сплайн сызық, штрихтау, штрихтау масштабы, өлшемдерін қою, координациялық тор) | ||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||
Бағалау критерийлері | -Растрлық бағдарламалардың, векторлық графиканың және оларды қолдану негіздерін біледі; -Графикалық редактордың векторлық бағдарламасымен және растрмен жұмыс жасауды біледі. | ||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәндік лексика және терминология Векторлық графика, растрлық графика, бағдарлама интерфейсі, саймандар панелі, примитивтер, объектілер, операциялар, координаттар торы, қабаттар, түрлі түсті градиент.
Берілген бейнелерден … ақпаратты алуға болады. Осы графикалық редакторлардың тағайындалуы … Осы компьютерлік бағдарламалардың негізгі рөлі … Осы қабатты арттыру үшін …
| ||||||||
Құндылықтарды дарыту | -Мәдениеттер мен пікірлердің алуан түрлілігін құрметтеу жеке, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктің болуын болжайды; -Оқушылар арасындағы ынтымақтастық; | ||||||||
Жаһандық азаматтық | Мәдениеттер мен пікірлердің алуан түрлілігін құрметтеу үшін жеке, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттілік қажет. | ||||||||
Пәнаралық байланыстар | информатика, сызу | ||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет-ресурстармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. | ||||||||
Бастапқы білім | Сызу негіздері, құрастыру және жобалау, пішінді түрлендіру, техникалық, сәулет-құрылыс және ақпараттық графика элементтері | ||||||||
Сабақ барысы | |||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||
1 сабақ | |||||||||
Сабақтың басы 3 -5 минут | Оқушыларға сабақтағы мақсаттары мен міндеттерін айқындау. Сабақтың басында берілген материалды қайталап өту (примитивті мен және, құралдар тақтасымен жұмыс жасау). Оқушылармен бірге 2D бейне (объект) түсінігін талқылаңыз. Сұрақтар: 1. 2D объектіні қалай алуға болады? 2. 2D бейне қайда қолданылады? 3. 2D бейненің мүмкіндіктері мен шектеулері қандай? | ||||||||
Сабақтың ортасы 35 минут | Оқушылармен бірге 2D бейне жасау бойынша компьютерлік бағдарламаны қарастырыңыз (мысалы, КОМПАС - LTD). Бағдарлама интерфейсін (саймандар панелі, параметрлер жолы және т.б.) және оның мүмкіндіктерін қарастырыңыз. Оқушыларды 2D объект құруға арналған примитивтермен таныстырыңыз (тікбұрыш, көпбұрыш, шеңбер, доға, эллипс, сплайн сызық). Примитивтерді редакциялау мүмкіндіктерін қарастырыңыз. Оқушылармен бірге негізгі геометриялық объектілердің параметрлерін қарастырыңыз (сызық қалыңдығы және түсі, штрихтау, штрихтау масштабы, координациялық тор). Сызықтық, радиальды және бұрыштық өлшемдер қалай қойылатынын қарастырыңыз. Оқушылармен бірге графикалық редактордың (КОМПАС - LTD) геометриялық құрылымдарды орындау (түйіндесулер, шеңберді бірдей бөліктерге бөлу) бойынша мүмкіндіктерін және өлшемдерді салу кезіндегі шарттылықтарды қарастыру. Практикалық жұмыс №1 Примитивтерді қолдана отырып 2D нысанын жасап сызу. Оқушылармен векторлық және растрлық графиканың түрлі түсті модельдерін еске түсіріңіз (CMYK, RGB). Дескрипторлар: -Примитивтер көмегімен 2D нысанын сала алады. -Векторлық және растрлық графиканың түсті үлгілерін біледі (CMYK, RGB) -Формалардағы логикалық операцияларды және үйлесімді функцияны қолдана отырып, графикалық примитивтерден күрделі объектілерді жасай алады; | Презентация «Основные виды компьютерной графики» | |||||||
Сабақтың соңы | Практикалық жұмысты қарау. Сабақты қорытындылау кезінде оқушылар өз және басқалардың жұмысын талдап бағалайды | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. | Сұрақ-жауап алу және орындаған тәжірибелік жұмыстары бойынша оқушының тақырыпты меңгергендігін тексеру. | Техника қауіпсіздігі ережесі бойынша құрал-жабдықтармен мұқият жұмыс істеу. | |||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру