Құрылыс сызбалары туралы жалпы түсінік. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Құрылыс сызбалары туралы жалпы түсінік | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.6.3.1 Құрылыс сызбаларының (жоспар, қасбет, тілік) ерекшеліктері мен міндетін түсіну | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары | 1. Сызбаларды орындаудың негізгі ерекшеліктерін оқып білу 2. Құрылыс сызбаларындағы шарттылықтар мен ықшамдаулармен танысу 3. Құрылыс сызбаларында қолданылатын шарттылықтар мен ықшамдауларды пайдалана отырып, ғимарат сызбасын сызу | ||||||||||||
Жетістік критерийлері | Құрылыс сызбаларын іске асырудың негізгі ерекшеліктері мен ережелерін біледі. Құрылыс сызбаларында шарттылықтар мен ықшамдауларды қалай дұрыс қолдану керектігін біледі. Шарттылықтар мен ықшамдауларды пайдалана отырып ғимарат сызбаларын дұрыс орындайды. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Құрылыс сызбасының ерекшеліктерін оқығанда өздерінің идеяларын көрсете алу үшін жаңа сөздер мен терминдерді қолдану. Глоссарий: Қасбет, жоспар, жабын, тілік, алаң, белгісі, қабат, жазықтық, беті, қабырғалары, тіректер, шатыры, терезелері, есіктері, баспалдақтары, ауданы. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Дұрыс шешімдер қабылдау және қоғам өміріне қатысу үшін шығармашылық және сыни ойлау; Коммуникативті, шығармашылық түрде топта әрекет ету және жұмыс істеу үшін әр түрлі құралдарды қолдану. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Ғимараттың ауданын есептеу кезінде математикамен пәнаралық байланыс. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Әртүрлі сауалнамалар үшін веб-сайттарды және интернет ресурстарын пайдалану | ||||||||||||
Бастапқы білім | Проекциялық сызбаларды орындау туралы жалпы білім, және дағдылар. | ||||||||||||
Күтілетін нәтиже | Құрылыс сызбаларын оқу және орындау кезінде алған білімдері мен түсініктерін көрсету. Шарттылықтар мен ықшамдауларды пайдалана отырып, ғимараттың жоспарын жасау | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы | Ой шақыру: Оқушыларға құрылыс сызбаларын талқылауға ұсыныңыз. Сабақтың мақсатын оқушылармен бірге құрастырыңыз:
- Кескіндемеде не бейнеленген? - Бұл сызбаларда қандай кескіндемелер ұсынылған? - Олар бұрын оқыған сызбалардан немен ерекшеленеді? | ||||||||||||
1 сабақ | Құрылыс сызбаларының негізгі ерекшеліктері Келесі сұрақтарды талқылаңыздар: - Ғимараттын қасбетін қарау кезінде қандай ақпаратты біз оқып білеміз? - Ғимараттын жоспарын қарау кезінде қандай ақпаратты біз оқып білеміз? - Құрылыс сызбаларын орындаған кезде қандай масштабтар қолданылады? - Құрылыс сызбаларындағы өлшемдерді қою ережелері - Ғимараттын тіліктерін қарау кезінде қандай ақпаратты біз оқып білеміз? - Нөлдік белгі дегеніміз не? (Т) Оқушылармен құрылыс сызбаларының негізгі кескіндемелерін (қасбеті, жоспары, тілік) қарастырыңыз. Қасбеттің, жоспардың және тіліктің анықтамасын беріңіз: Қасбет - (ғимараттың алдыңғы жағы, өң беті) ғимараттың сыртқы, алдыңғы жағы. (Википедия) Ғимараттың жоспары - ғимаратты горизонталь жазықтықтағы тілігінің белгілі бір масштабтағы кескіндемесі. (http://photogrammetria.ru/84-plan-zdaniya.htm) Қасбеттер мен жоспарлар үстінде кейде «Қасбет», «1-қабаттың жоспары» және т.б. бойынша жазбалар жазылады. Тілік - ғимарат құрылымын және қабаттарының биіктігін анықтауга арналған (261-суретті қараңыз, в). Оны әдетте терезе мен есік саңылауларынан өтетін, вертикальды кесетін жазықтықтардың көмегімен алады. Тіліктерде, белгілер қойылады. (AD Botvinnikov, VN Vinogradov, IS Vyshnepolsky) (Ө) Тәжірибелік жұмыс: Ғимарат немесе жеке үйлер ғимаратының жоспарын орындаңыз. Масштабын көрсетіңіз және негізгі өлшемдерді қолданыңыз. (Ұ) Сызу құралдарымен жұмыс істеудің қауіпсіздігін еске түсіріңіз Бағалау критерийлері: 1. Құрылыс сызбасының негізгі ерекшеліктерін ескере отырып, үйдің жоспарын жүзеге асырады. 2. Сызбаны орындаған кезінде масштабты сақтайды 3. Құрылыс сызбасының ерекшеліктерін ескере отырып, өлшемдерді дұрыс қолданады. | http://rx-fly.ru/architecture/drawing/47-chtenie-stroitelnyh-chertezhey.html Пішім А3, сызба құралдары, сабаққа презентация, көрнекілік. | |||||||||||
Сабақтың ортасы 2 сабақ | Құрылыс сызбаларындағы шартты кескіндер Жеке ғимарат элементтерін орындауға арналған сызбаларына қажетті шартты кескіндерді оқушылармен талқылаңыз. Олар қалай кескінделеді, олардың орындалу ережелері қандай? Терезе және есіктер
Баспалдақтар торы Санитарлық-техникалық және жылыту құрылғылары және т.б. Тіліктерде материалдарды белгілеу (Ө) Тәжірибелік жұмыс: Алдыңғы тапсырманың сызбасын ғимараттың жеке элементтері мен санитарлық-техникалық құралдардың шартты кескіндерімен толтырыңыз. Бағалау критерийлері: 1. Құрылыс сызбаларын орындаған кезінде шартты кескіндерді қолдануға қабілетті. 2. Құрылыс сызбаларының шарттарын орындау кезінде графикалық ережелерді сақтайды. | ||||||||||||
Сабақтың соңы | Бағалау: - нені үйрендім нені білдім? - не түсініксіз болды? - немен жұмыс істеу керекпін? Мүмкіндігінше оқушылар белгілі бір критерийлер бойынша өз жұмысын және сыныптастарының жұмысын бағалай алады | ||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||
Ресурстар: Пішім A4, сызу құралы, сабаққа арналған презентация, көріну.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру