Циклоалкандар. Химия, 11 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 11.1В Көмірсутектер және олардың көздері | Мектеп: | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақтың тақырыбы | Циклоалкандар. | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.4.2.17 циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін қарастыру 11.4.2.18 изомерлерінің формулаларын құрастыру, IUPAC бойынша атау; | ||
Сабақ мақсаттары | - циклоалкандардың гомологтық қатарын, құрылысын, физикалық, химиялық қасиеттерін қарастыру - изомерлерінің формулаларын құрастыру, IUPAC бойынша атау; | ||
Бағалау критерийлері | -құрылымдық формулалары бойынша циклоалкандарды IUPAC номенклатурасын қолданып, атайды; -циклоалкандардың аталуы бойынша құрылымдық формуласын жазады; -циклоалканның молекулалық формуласы бойынша изомерлерін жазып, аттарын атайды. - циклоалкандардың физикалық қасиеттерін алкандармен салыстырады; - химиялық қасиеттерді сипаттайды және реакция теңдеуін жазады. | ||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: арнайы лексика мен терминологияны пайдалана отырып, циклоалкандардың изомерлерін құрастыру принципін, оларды атау жолын және құрылысы мен қасиеттерін түсіндіреді. Лексика және терминология: циклоалкан, қаныққан көмірсутек, гомолог, изомер, физикалық қасиеттері, қосылу реакциясы, орынбасу реакциясы. Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер: Циклоалкандардың молекулалық масса артқан сайын ..................................... артады / кемиді, себебі ............................... ............................ қосылу реакциясы тән, себебі ............................ .........................орынбасу реакциясы тән, себебі ............................ | ||
Құндылықтарды дарыту
| Өмір бойы оқу, құрмет пен ынтымақтастық құндылықтары жұптық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады. | ||
Пәнаралық байланыстар | Геометрия – үшбұрыш және көпбұрыштар | ||
АКТ қолдану дағдылары | Интернеттен қажетті ақпаратты табу | ||
Бастапқы білім | Оқушылар: - көмірсутектердің молекулалық, эмпирикалық, құрылымдық формулаларын ажыратады; - IUPAC номенклатурасын қолданады; - гомологтық қатарлардың қалай түзілетіндігін түсінеді және олардың ұқсастығы мен айырмашалығын түсіндіреді; | ||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, жоқ оқушыларды анықтау, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. І. Оқушыларды сабақтың тақырыбы, оқу және сабақ мақсаттарымен таныстыру, күтілетін нәтижелерді анықтау. ІІ. Сыныппен жұмыс. Сабақтың тақырыбына ену үшін тапсырма орындау (1-қосымша) Гомологтар дегеніміз не? Гомологтық қатар қалай түзіледі? Изомерлер деген не? Изомерленудің қандай түрлері бар? | Презентация 1-қосымша | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы | ІІІ. Циклоалкан туралы түсінік беру. Оқушыларға циклоалкандардың молекулалық, құрылымдық және қаңқалық формулаларын кестеге толтыру жұмысын ұйымдастыру. (2-қосымша) Кестені толтырғаннан кейін циклоалкандардың гомологтық қатарын талқылау (Не себепті ең бірінші мүшесі үш көміртек атомынан тұрады? Циклоалкандардың жалпы формуласын қалай жазуға болады? Көміртегі атомдары қандай гибридтелген күйде болады?) ІV. Мұғалімнің циклоалкандардың номенклатурасын және изомерлерін түсіндіруі. Циклоалкандарды IUPAC номенклатурасы бойынша атау және изомерлерін жазу тапсырмасын жұпта орындауды ұйымдастыру. (3-қосымша) Оқушылардың қажеттілігін қанағаттандыру және ынтасына ықпал ету мақсатында ұсынылатын тапсырмалардың мазмұны, ойлау дағдысы мен күрделілік деңгейліктері бойынша әртүрлі. Оқушылар жауаптарын жауап картасымен салыстыру арқылы тексереді. Циклоалкандардың физикалық және химиялық қасиеттері жайлы білімді тірек конспектісін зерделеу және талқылау арқылы білім қалыптастыру. Талқылау сұрақтары:
Содан кейін циклоалкандардың химиялық қасиеттерінің теңдеуін циклобутан (1-нұсқа) мен циклогексанның (2-нұсқа) жазуды ұсыну. Бекіту. Алкандар мен циклоалкандарды құрамын, құрылысын, физикалық және химиялық қасиеттерін салыстыру.
| 2-қосымша Презентация 9-16 слайдтар 3-қосымша Тірек конспектісі | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Шығу билеті. Әрбір оқушы стикерге жазып, есікке жапсырады. Мен түсіндім................. Мен орындай аламын ................ Мен түсінбедім ................. | |||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Тапсырмаларды орындау кезінде қабілеті төмен оқушыларды қолдау үшін қабілетті оқушылардың потенциалын қолдану. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушының іс-әрекетін дұрыс бағытқа бағыттайды және оның мотивациясын ұсыныстар беру арқылы қолдайды. | Сабақ барысында сыныппен жаппай әңгімелесу, сондай-ақ тапсырмаларды орындау және жұптық жұмысты орындау кезінде оқушылардың элементтердің массалық үлесі мен салыстырмалы тығыздық бойынша заттың молекулалық формуласын табуға арналған есептерді шығаруға арналған оқу мақсаты қаншалықты меңгергендіктері анықталады. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың жауаптары ауызша бағаланады | Сабақтың өң бойында оқушылар мен мұғалім арасында, өзара оқушылардың арасында пікірталастар орын алады, бұл қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және өзге пікірді құрметтеуді үйренуге мүмкіндік береді. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? | ||||||||||||||||||||||||
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | ||||||||||||||||||||||||
Жеткізбесе, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? | ||||||||||||||||||||||||
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||
1-қосымша.
1-тапсырма. Төменде бес көміртек қосылыстарының құрылымдық формуласы келтірілген.
А. СН3 – СН2 – СН3; C. СН2 = СН – СН2 – СН3;
B. СН3 – СН – СН2– СН3; D. СН3 – СН2 – СН2 – СН2 – СН3;
CH3 E. СН3 – СН = СН2 – СН2 – СН3;
Осы қосылыстар бойынша төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріңіздер. Әр қосылыс бір рет, бірнеше рет немесе мүлдем қолданылмауы мүмкін.
i. Қай қосылыстар алкандар класына жатады? _______________________________________________
ii. Қай қосылыстар бір гомологтық қатарға жатады? ____________және_______________
iii. Қай қосылыстар бір-біріне изомерлер болып табылады? ___________________________________
iv. B және Е қосылыстарын атаңыздар.
Жауабы:
i. А, В және D
ii. А және D
iii. В және D
iv. 2-метилбутан, пентен-2
2-қосымша.
2-тапсырма. Кестеге үлгі бойынша циклоалкандардың молекулалық, құрылымдық және қаңқалық формулаларын толтырып жазыңыздар.
Циклоалканның атауы | Көміртек атомының саны | Молекулалық формуласы | Құрылымдық формуласы | Қаңқалық формуласы |
Циклопропан | 3 | С3Н6 | ||
Циклобутан | 4 | |||
Циклопентан | 5 | |||
Циклогексан | 6 | |||
Циклогептан | 7 |
3-қосымша.
Бағалау критерийі:
- құрылымдық формулалары бойынша циклоалкандарды IUPAC номенклатурасын қолданып, атайды;
- циклоалкандардың аталуы бойынша құрылымдық формуласын жазады;
- циклоалканның молекулалық формуласы бойынша изомерлерін жазып, аттарын атайды.
Дескрипторлар:
- Орынбасушылардың атауларын ескере отырып, циклдегі көміртек атомдарын белгілейді;
- Орынбасушыларды алфавиттік тәртіпке сай белгілі ретпен атауларын жазады;
- Сақинадағы көміртек атомының санына байланысты циклоалканды дұрыс атайды;
- Циклоалкандардың аталуы бойынша олардың құрылымдық формулаларын жазады;
- Циклоалканның молекулалық формуласы бойынша изомерлерін жазып, аттарын атайды.
3-тапсырма. а) Төменде берілген циклоалкандарды IUPAC номенклатурасы бойынша
атаңыздар.
Жауабы:
- 1,4-диметилциклогексан;
- 1-метил-3-пропилциклопентан;
- 3-циклобутилпентан;
- 1-бром-4-этилциклодекан;
- 1-метил-2-изопропилциклогексан;
- 4-бром-2-метил-1-третбутилциклогептан.
b) Мына заттардың: 1-йод-4-хлорциклогексан, 1-фтор-4-метилциклогексан, метилциклогептан, транс- 1-бром-2-йодоциклопропан, транс- 1-бром-2-йодоциклопропанның құрылымдық формулаларын жазыңыздар.
с) Циклогептанның,С7Н14, мысалында изомерлер түрінің әрқайсысына екі изомерден жазыңыздар және оларды атаңыздар.
- Көміртек қаңқасы бойынша изомерлері:
- Орынбасушылардың сақинадағы орны бойынша изомерлері:
- Алкендермен класаралық изомерлері:
- Кеңістіктік (цис-транс) изомерлері:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру