Галогеналкандар. Химия, 9 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3B Көмірсутектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Галогеналкандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.4.3.7 алкандардың химиялық қасиеттерін сипаттау және оны реакция теңдеулерімен дәлелдеу;9.4.3.8 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың маңызы мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Алкандардың химиялық қасиеттерін біледі және реакция теңдеулерін жаза алады, алкандардың хлорлану реакцияларының маңызын түсінеді.

Бағалау критерийлері

Білу, түсіну және қолдану

  • Алкандардың жану реакцияларының химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жазады;
  • Алкандардың химиялық қасиеттерін көрсететін реакцияларды біледі және жазады;

Құндылықтарды дарыту

Миссия.

Зияткерлік әлеуетті дамыту(сабақ бойында)

Пайым.

Сыни тұрғысынан ойлауды дамыту(тапсырма орындауда)

Құндылықтар

Сыйластық (топтық жұмыста)

Ашықтық (жеке жұмыста)

Мақсаттылық (сабақ бойында)

Жауапкершілік (сабақ бойында)

Өмір бойы оқыту (сабақ бойында)

Пән аралық байланыстар

Математика, физика, экология

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, ғаламтор ресурстары

Бастапқы білім

8.2A Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстар құрылымы

10.3А Органикалық химияға кіріспе

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

0-7 минут

Сабақтың ортасы

7-23 минут

23-35 минут

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сыныпты түгелдеу.
  • Сыныпты ұйымдастыру.

Тапсырма түрі: cыныппен жұмыс (W)

8 сыныпта өткен көмірсутектекті отындардың жану реакцияларын еске түсіру:

  • Метанның жану реакциясы;
  • Этанның жануы;
  • Пропанның жануы;
  • Бутанның жануы;

Оқушыларды оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Тапсырма атауы: постер қорғау.

Тапсырма мақсаты: Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін түсіну.

Тапсырма түрі: топтық жұмыс (G)

Тапсырма сипаты:

Алкандар жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттау үшін оқушыларды түрлі түсті маркер түстері бойынша топтастырып, топтық жұмыс жасаймыз. Мұнда топтарға постер жасау тапсырылады.

Постерге қойылатын талаптар:

  • Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыздар;

- мазмұнды болуы;

- проблемалардың шешу жолдарын ұсыну;

Бағалау критерийлері.

Бағалау түрі: бірін-бірі бағалау.

Тапсырма атауы: жаңа білімді меңгеру.

Тапсырма мақсаты: еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың мәнін түсіну.

Тапсырма түрі: cыныппен жұмыс (W)

Тапсырма сипаты:

  • Алкандардың хлормен реакцияға түсіп, хлоралкандар тудыратындығын ату;
  • Метанның сатылап хлорлану реакциясын жаздыру, түсіндіру.
  • Хлоралкандарды, олардың бұрын қолданылмаған аумағын және экологиялық зардабын зерттеу;
  • Қоршаған ортаға қауіптілігінің алдын алу туралы плакат, кітапшалар дайындау.

Бағалау критерийлері.

Бағалау түрі: формативті бағалау

Сабақтың соңы

35-40 минут

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия:

  • Не үйрендім?
  • Нені түсінбедім?
  • Мен үйрете аламын...

Қорытынды.

Үйге тапсырма:

  • Автокөлік 100 км жол жүргенде, 20 м3 пропан газын жағады. Автокөлік 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газын шығарады?
  • Жүк машинасы 50 км жол жүргенде, 10л бензин жағады.Егер бензиннің әр литрінің жануына 1,8 м3 ауа жұмсалса, онда бір автобильге (жылдамдығы 60км/сағ болса) бір жұмыс (8 сағ) күнінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшерін есептеңіздер. ( Бензин- изооктан изомері ретінде )
  • Ауа бойынша тығыздығы 29-ға тең массасы 2 грамм алканды жағы үшін қажет оттектің көлемін есептеңіздер.
  • Массасы 720г пентанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет?
  • Көлемі 44.8л пропанды жағу үшін қажет оттек пен ауаның көлемін есептеңіздер.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар біледі:

Алкандардың жануына сипаттама береді;

Жану өнімдерін айтай алады;

Жану реакциясын дұрыс жаза алады және қолданылуын сипаттай алады;

Алкандардың жану тақырыбына есептерді шығара алады

Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттай алады ;

Ой талқылар кезінде жауап беруіне;

Берілген тапсырмалар арқылы;

Топтық жұмыста белсенді қатысуында.

Партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру