Көміртегінің жалпы сипаттамасы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«КӨМІРТЕКТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ»
ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 4-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Бұл сабақта оқушылар «8.4.3.1 -көміртек неліктен көптеген қосылыстарында төрт байланыс түзетінін түсіндіру» және «8.4.3.2 -табиғатта көміртек және оның қосылыстарының таралуын сипаттау» оқу мақсаттарына жетуге талпынады. Сабақтың негізгі идеясы көміртектің атом құрылысына негізделеді. Оқушылар атом құрылысының негізінде көміртектің ковалентті қосылыстарында неліктен төрт байланыс түзілетіндігін түсіндіреді және қандай қосылыстардың түсізлуі мүмкін екендігін химиялық байланыс тұрғысынан болжай алады. Ол үшін оқушылар алдымен көміртек атомындағы қарапайым бөлшектерді анықтайды, изотоп ұғымын еске түсіреді, периодтық кестедегі орны бойынша сипаттайды. Одан әрі атомдағы электрондардың орнадасуын көрсетіп, одан әрі электрондық , графиктік формулаларын жазады. Осыдан кейін көміртектің қалыпты және қозған күйдегі электронды-графиктік формулаларын жазады. Бұл оқушылардың көміртек атомының байланыс түзуін толық түсінуіне алып келеді. Оқушылар бірнеше формулаларды құрып жаттығып көреді. Көміртек атомының байланыс түзу қабілетін білу органикалық қосылыстарды оқып-білу үшін алдыңғы білім негізі болып табылады. Сонымен қатар неліктен табиғатта көміртектің қосылыстары көптеп кездесетіндігін түсінеді.
Көміртек табиғатта таралуы жағынан ерекше орын алатындығы белгілі. Оқушылар оның қосылыстарытірі табиғаттың негізін құрайтынын, өсімдік пен жануарлар ұлпасы көміртек қосылыстарынан тұратындығын білулері керек. Ол ұшін оқушыларға түрлі өздігінен жасайтын тапсырмалар ұйымдастыруға болады. Сәйкестендіру тапсырмалары бқл жағдайда жақсы көмек береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру