Көміртегінің жалпы сипаттамасы. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.4В Көміртек және оның қосылыстары

Мектеп:

Күні: Мұғалім:

Сынып:8 Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ 1

Сабақтың тақырыбы:

Көміртегінің жалпы сипаттамасы

Осы сабақта дамытылатын пән мақсаттары

8.4.3.1 көміртегі көптеген қосылыстарында неліктен төрт байланыс түзетіндігін түсіндіру;

8.4.3.2 көміртегі және оның қосылыстарының табиғатта таралуын білу;

Сабақ мақсаттары

Көміртектің қалыпты және қозған күйдегі электрондық және электрондыграфикалық формуласын құру ;

Қазақстандағы көміртегі және оның қосылыстарының маңызды кен орындарын атайды;

Бағалау критерийі

Көміртектің қалыпты және қозған күйдегі электрондық және электрондыграфикалық формуласын өз бетінше құрады;

Қазақстандағы көміртегі және оның қосылыстарының маңызды кен орындарын атайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Оқушылар көміртегі атомының құрылысын ауызша сипаттай алады;

Ғылыми терминалогияны қолдана отырып, көміртектің таралуын ауызша түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

көміртегі, электрондар, сыртқы қабат, байланыстар, қосылыс,көміртектің үш аллотропиялық түрөзгерістері,құрылысы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Себебі, сыртқы қабатта n электрон

Көміртегі байланыс ... түзе алады/қалыптастырадыКөптеген қосылыстарда көміртегі валенттілігі ........

Құндылықтарды дарыту

Құрметтеу. топтық жұмыс барысында оқушылар бір бірін тыңдап өз ойларын бөлісе отырып құрметтеу

Айқындық.тапсырмалар орындау барысында нақтылық қажет екенін түсіну

Пәнаралық байланыс

Физика (көміртектің және қосылыстарының физикалық қасиеттерін қарастру), география ( Қазақстан картасынан көміртек қосылыстарының кен орындарын қарастыру)

Алдыңғы білім

7.4A Химические элементы и соединения в организме человека

7.4B Геологические химические соединения

8.1А Движение электронов в атомах

8.3А Периодическая система химических элементов

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс әрекеттер

Ресурстар

Ой шақыру

0-3 минут

Сәлемдесу. Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру

Сабақтың тақырыбымен танысу.

Сабақ мақсаттарын анықтау.

Презентация

Білімді жаңғырту:

4-10 минут

10-15 минут

16-20 минут

21-30 минут

31-37 минут

Жеке жұмыс

Оқушылар көміртектің электрондық конфигурациясын құрастырады. Екі оқушы тақтаға орындайды. Қалған оқушылар дәптерлеріне орындайды.

Көптеген оқушыларға электрондық формула құрастыру ережелері бар парақтар беріледі.

Кейбір оқушыларға электрондық формуласы негізінде көміртектің кейбір қасиеттерін сипаттауға арналған тапсырмалар беріледі.

Презентация арқылы өзін – өзі тексеру.

Кейбір оқушылар жұмыстарын жауап парақтары арқылы тексереді.

Осы уақытта мұғалім жекелеген оқушыларға сұрақтар қояды, мысалы:

көміртектің қанша электроны бар?

Сыртқы қабатында қанша электрондар бар?

s,p деңгейшелерінде неше электрондары бар?-

деген сұрақтар қойылады.

Жұптық жұмыс.

Проблема туғызу: «Метанның формуласы неге СН4 ал, неге СН2 емес»

Оқушылар жұпта талқылап, 2 минут ішінде жауап дайындайды, дәптерлеріне жазады. Өз жауаптарын кезекпен айтады.

Презентация арқылы өзін өзі тексеру.

Мұғалім марк схемаға комментарий айтады.

Сыныппен жұмыс

Мұғалім оқушыларға көмірсутектердің суреттерін көрсетеді. Оқушылар мақсатқа сәйкес осы суреттерге сипаттама береді. Слайдта: қант, мұнай, көмірқышқылгазы , көмір, табиғи газ суреттері беріледі.

Мұғалім оқушыларды 3-5 адамнан тұратын топтарға бөледі. Топта саны жұп болу керек. Бір топ контур картасымен жұмыс жасағанда екіншісі, көміртек айналымының схемасымен жұмыс жасауы тиіс.

Контур картасы.

Топтарға Қазақстанның контур картасы таратылып беріледі, олар көмірсутектердің шоғырланған жерлерін көрсетуі тиіс. 5 минуттан соң дайын жауаптары бар контур карталары таратылады.

Оқушының деңгейіне қарай кейбір оқушыларға жауап парағы таратылмайды.

Көміртек айналымы.

Оқушыларға көміртек айналымының схемасы және жауап парақтары таратылады. 8 минут ішінде олар схеманы толтырулары қажет. Қалған екі минутта оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Осы кезде мұғалім туындаған сұрақтарға жауап береді.

Қабілетті оқушыларды консультант ретінде қатыстыруға болады.

Топтар әртүрлі тапсырмаларымен өз ара бірігеді. 2 минут ішінде топ мүшелері өз тапсырмаларын сыныпқа түсіндіреді. Тапсырма соңында мұғалім сыныппен талқылайды.

Презентация

Қосымша 1, 2

Презентация

Қосымшалар 3, 4, 5, 6

Рефлексия

38-40 минут

Оқушылар рефлексия парақшасын толтырады

Қосымша 7

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар көміртек атомының электрондық конфигурациясын құрастырады. Неліктен көміртек барлық қосылыстарында төрт байланыс түзетіндігін түсіндіреді.

Көптеген оқушылар көміртек айналымының тізбегін құрастырады.

Кейбір оқушылар көміртектің қасиеттерін басқа элементтердің электрондық конфигурациясы негізінде салыстырады.

Сұрақ-жауап, жауап парақтары арқылы бағалау

Сабақта өзін-өзі бағалау мен бірін-бірі бағалау орын алады. Сонымен қатар сабақ барысында оқушылардың тапсырмалар орындауы мен талқылауларын бақылау арқылы мұғалім оқушыларды бағалайды.

Физика пәнімен пәнаралық байланыс

Көмірсутекті қосылыстардың табиғатта таралуы география пәнінде қарастырылады, ал көміртек айналымы биология пәнінде қарастырылады.

Сабақта позитивті атмосфера қалыптастыру, жеке жұмыс жасау, оқушының денсаулығын сақтауды қалыптастырады.

Сабақ барысында оқушылардың өзін- өзі басқаруына көп мән беріледі.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?