Авагадро заңы. Молярлық көлем. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«АВАГАДРО ЗАҢЫ. МОЛЯРЛЫҚ КӨЛЕМ» ТАҚЫРЫБЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2-тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В Стехиометриялық есептеулер
Бұл сабақ алдыңғы өтілген сабақтарды жете түсінуге және күрделендіруге арналған. Ең басты мақсаты кез келген газдың 1 молі стандартты жағдайда 22,4 л көлем алатынын түсіндіре келіп, газдардың молярлық көлемі жайлы түсінікті қалыптастыру және сандық есептер шығару үшін осы өлшем бірліктерді пайдалану болып табылады.
Алдымен өткен сабақтарды қайталау үшін тапсырмалар орындау ұсынылады. Сонда оқушылар ұғымдарды біртұтас көріп түсіне алады.
Тапсырма. Кестеде берілген қателіктерді анықта және әр ұяшықтарды дұрыс орнына орналастыр.
Шама | Мәні немесе есептеу жолы | Өлшем бірлігі |
M | 6,02∙1023 | моль |
N | m/M | г/моль |
m | сумма Ar(Э) | моль-1 |
n | n∙NА | молекулалар (атомдар) |
NA | n∙M | г |
Сосын мұғалім сабақты түсіндіруге көшеді. Бұл сабақта оқушылар «молярлық көлем» өлшем бірлігін және оның мәнін түсіну керек. Химия реакция теңдеулеріндегі реагенттер мен өнімдерге қойылатын коэффициенттер газ тәрізді заттардың моль (мөлшері) санымен қатар олардың көлемдерін де көрсететінін түсіндіру керек. Сосын оқушыларға молярлық көлемнің формуласы беріліп есепті шығару реті түсіндіріледі. Оқушылар алдымен зат мөлшерін молярлық көлемге айналдырып үйреніп, жақсылап түсініп алғаны жөн, содан кейін ғана реакция теңдеулері арқылы шығарылатын есептерге өткен дұрыс болады. Ондай есептерді кесте түрінде беруге болады, сонда оқушылар ұғымдар арасындағы байланысты жете түсіне алады.
Нұсқа | формула | М(г/моль) | n (моль) | m (г) | N (молекулалар) | V (л) |
1 | HF |
| 0,5 |
|
|
|
2 | SiH4 |
|
| 8 |
|
|
3 | O3 |
|
|
| 3∙1023 |
|
4 | C2H6 |
| 1,5 |
|
|
|
5 | HBr |
|
| 121,5 |
|
|
6 | SO2 |
|
|
|
| 2,24 |
7 | NH3 |
| 2 |
|
|
|
8 | CH4 |
|
|
| 2∙1023 |
|
9 | CO2 |
|
| 4,4 |
|
|
10 | H2S |
|
|
|
| 67,2 |
Есептер
- Көлемдері 50 л оттегі мен көмірқышқыл газы қалыпты жағдайда өлшенген, олардағы молекулалар санын және массаларын табыңдар.
- Массасы 10 г оттектің қалыпты жағдайда алатын көлемін және зат мөлшерін анықтаңдар.
- Газдың 1 л (қ.ж) массасы 1,964 г болса, осы газдың салыстырмалы молекулалық массасын тауып,оның 0,5 молінің массасын есептеңдер.
- 20 г CaCО3 тұрақты массаға дейін қыздырғанда 10,12 г СаО алынған. Бөлінген СО2 көлемі қандай?
- 2,7 г суды толық сутегі мен оттегіне ыдыратқанда 0,3 г сутегі алынған. Алынған оттегінің зат мөлшері, массасы және көлемі қанша?
- Егер газдың көлемі 250 мл, массасы 0,715 г тең болса (қ.ж). Оның салыстырмалы молекулалық массасы қандай болады?
- 0,2 моль О2 , 0,2 моль Н2 (қ.ж) қандай көлем алады?
- 7 г N2; 5,1 г NH3; 6,8 г H2S (қ.ж) қандай көлем алады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру