Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Бір үзім нан)

Қазақша өлең: Қадыр Мырза Әли (Бір үзім нан)

Жал-жая ма?
Қадірлеген атамыз.
Коньяк па?
Аздап дәмін татамыз.
Бәрін қойып дастарханға,
О тоба!
Нан қоюды ұмытып кетіп жатамыз.

Бүгін көңіл семірді ғой,
Семірді!
Бітік егін жауып кетті өңірді.
Бір жүз грамм арақ емес,
Бір кезде
Бір үзім нан алып қалған өмірді.



Комментарии для сайта Cackle