Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты. Құқық негіздері, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы:

Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшарты  

11 сынып

Оқу мақсаты

11.3.1.1келісімшарттың ерекше белгілерін айқындай отырып мазмұнын түсіндіру;  11.3.1.2 келісімшарттың негізгі шарттарын нақты мысалдар арқылы түсіндіру

Сабақ мақсаты

Жалға беру, тұрғын үйді жалдау, қарыз, сақтандыру келісімшартының ерекшеліктерін анықтап, мысалдарды келтіру.

Бағалау критерийлері

  • Жалға беру келісімшарты. Тұрғын үйді жалдау. Қарыз келісімшарты. Сақтандыру келісімшартының анықтамасын біледі;
  • Азаматтық кодексінің баптарын пайдалана отырып, шарт түрлерінің ерекешеліктерін анықтап, сұрақтарға жауап береді;
  • Тұрғын үйді жалдау, қарыз, сақтандыру келісімшартының үлгісін жасай алады.

Тілдік міндеттер

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • меншік құқығы
  • Шарт
  • Жалға беру туралы шарт
  • Тұрғын үйді жалдау туралы шарт
  • Қарыз келісімшарты
  • Сақтандыру келісімшарты

Құндылықтарды дарыту

Өзін қандай да бір ұлттың өкілі ретінде сезіну

- патриотизм

- ұлттық сана-сезім

- тәуелсіздік

- ар-ождан бостандығы

Құзреттілік құндылықтарын деңгейлік тапсырмалар арқылы, ал белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын топтық жұмысында дарыта аламыз.

Пәнаралық

байланыстар

Қазақстан тарихымен байланысты, өйткені меншік туралы тақырып «Қазақстан Республикасының экономикалық жағдайы» деген тақырыбында кездеседі.

АКТ қолдану

дағдылары

Интернет ақпарат материалдарын және слайд-презентацияны Әділет kz сайтымен жұмыс жасау.

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Дерек көздері

Сабақтың басы

5 минут

2 минут

Сабақтың ортасы

10 минут

2 минут

10минут

6 минут

2 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру.
  • Ой шақыру. «Миға шабуыл» әдісі бойынша тақырыпты анықтау үшін оқушыларға келісімшарт туралы суреттер көрсетіледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақ тақырыбын анықтайды.
  • Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен оқу, сабақ мақсатымен таныстыру. Мұғалім бағалау критерийлерді слайдта шығарып оқушылармен талқылайды. Оқушылар өздерінің де бағалау критерийлерін ұсына алады.
  • Сұрақ-жауап әдісі

Оқушылар таратпа материалдағы Азаматтық кодекстен алынған ақпаратты оқып, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор: жалға беру, тұрғын үйді жалдау, қарыз, сақтандыру келісімшартының маңызын түсінеді

1) жалға беру келісімшарты кімдердің арасында жасалады?

2) тұрғын үйді жалдау барысында келісімшартта не көрсетілуі тиіс?

3) қарыз келісімшартында не көрсетіледі?

4) сақтандыру келісімшартын қандай уақыттарда қолдануға болады?

5) тұрғын үйді жалдау келісімшарты не үшін керек?

6) сақтандыру келісімшарты не үшін керек?

Ж/Ж. Оқушылар қалыптастырушы бағалау тапсырмасын орындайды.

Бағалау жүргізу. Оқушылар өзіндік бағалау жүргізіп, бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім қосымша кері байланыс береді.

5. ЖИГСО стратегиясы арқылы топтық жұмыс ұйымдастырылады. Топтар ютубтағы ақпаратты қолданып келісімшарттың үлгісін жасайды.

Дескриптор: оқушылар тұрғын үйді жалдау, қарыз, сақтандыру келісімшарттарының үлгісін жасай алады.

І топ – тұрғын үйді жалдау келісімшарты https://www.youtube.com/watch?v=5BKJndx5X8E

ІІ топ – қарыз келісімшарты https://www.youtube.com/watch?v=Mg-2RSG2I3A

2:57 минуттан бастап https://www.youtube.com/watch?v=sY4y9T1rIDE

ІІІ топ – сақтандыру келісімшарты https://www.youtube.com/watch?v=E2-Nocif_QM

Оқушылар «ЖАДА» әдісі бойынша мәліметтерімен алмасады. Кейін әр топтан бір спикерді таңдап, шарт ерекшеліктері туралы жауаптарын тындау керек. Жауаптар арқылы талқылауды ұйымдастыру және кері байланыс беру.

Бағалау жүргізу. Оқушылар өзіндік бағалау жүргізіп, бір-біріне кері байланыс береді. Мұғалім қосымша кері байланыс береді.

Слайд-презентация.

ҚР Конституциясы

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі

http://adilet.zan.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

http://www.akorda.kz/

Ноутбук не А 4 қағаз

3 минут

Сабақтың соңы

Кері байланыс:

  • - нені білдім, нені үйрендім
  • - нені толық түсінбедім
  • - немен жұмысты жалғастыру қажет

Бағалау. Мұғалім оқушыларға оқу мақсатына жеткенің немесе жетпегенін айтады.

Үй тапсырмасы. Қайталау.

Стикерлер

Қосымша ақпарат

Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың білімін қалай тексересіз?

Талқылау үрдісі кезінде барлық оқушылардың бірегей қатысуын қадағалаймын.

Дәйекті дәлелдерге ғана негізделген қорытындыға жетудің мағынасының мәні, сыныптағы қабілеті төмен оқушы дәлелдерге негізделе отырып кем дегенде өзін ойын білдіре алады, ал қабілеті жоғары оқушы тәуелсіз, негізгі жауап береді.

Үлгерімі жоғары оқушылар көбінесе дәлел мен фактілерді келтіреді.

Рефлексия

Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқушылалар жұпта/топта дескрипторларды пайдалана отырып, өзара бағалауды жүргізеді.

Мұғалім қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын тексеріп кері байланыс береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру