Адамдар не үшін еңбек етеді? Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім «Адамгершілік»

Мектеп:

Мерзімі: 1-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Адамдар не үшін еңбек етеді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.5.2 Тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • адамның дамуына еңбек қалай әсер ететінін түсінеді;
  • тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің қалай әсер ететінін түсіндіреді.

Бағалау критерийлері

  • тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің қалай әсер ететініне дәлелдер келтіреді;
  • адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің рөлі туралы әңгімелейді;
  • ой еңбегі мен дене еңбегін ажырата алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің қалай әсер ететінін түсіндіреді;
  • ауызша сұрақтар құрастырады және жауап береді.

Терминология:

Ой еңбегі; Дене еңбегі.

Пайдалы сөз тіркестері:

Еңбектің арқасында адам...

Ой еңбегі ... қажет етеді.

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық.

Еңбектің кез келген түрін құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылардың адам өміріндегі еңбектің маңызы туралы білімдері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

4-5

5-6

  • Миға шабуыл

Оқушыларға видеокөрсетілім ұсынылады. Көрсетілім алдында бірқатар сұрақтар қойылады:

- Экраннан көріп отырғандарыңды еңбек деп атауға бола ма?

- Еңбек деген не?

- Еңбектің қандай түрлері болады?

-Адамдар не үшін еңбектенеді?

  • Талқылау және ой білдіру (ұжымда)

Оқушылар сұрақтар төңірегінде ой бөлісіп, талқылайды. Осы көрсетілімнен өзге өздері өмірлерінде көзімен көрген және естіген басқа да еңбек түрлері жайлы әңгіме қозғалады. Мысалдар келтіріледі.

  • Болжау

Оқушылар тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбек қалай әсер ететінін жалпылама болжайды. Барлық болжауларды мұғалім тақтаға жазып, сабақтың соңына дейін жазбаны қалдырады.

  • Сабақ мақсатын анықтау

Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары анықталады:

- адамның дамуына еңбек қалай әсер ететінін түсіну;

- тұлғаның, отбасының, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлін түсіндіру.

Видеокөрсетілім

https://www.youtube.com/watch?v=6SWC-v9e_uk

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Тақта, бор

Презентация Слайд№3

Сабақ ортасы 7-12

13-18

19-29

30-34

  • «Түсіндір» (топта)

- оқушылар 4 топқа бөлінеді. Ол үшін олар жеке сөздерден еңбек туралы 4 мақал құрайды және мағынасын түсіндіреді.

- Әр топқа сюжетті сурет ұсынылады.

Оқушылар «Адамға не қажет, неге мұқтаж?», «Еңбекпен қандай қажеттіліктерді қанағаттандыруға болады?» деген сұрақтарға жауап бере отырып, суретті сипаттайды.

  • «Сәйкестендір» (топта)

Оқушыларға сюжетті суреттер/жазылған сөздер ұсынылады, «ой еңбегі» және «дене еңбегі» деген екі жәшікке оларды бөліп салулары керек. Оқушылар топта талқылап, өз таңдауларының дұрыс екендіктерін дәлелдейді . Тапсырманы мұғалімнің презентациясындағы дұрыс нұсқасымен сәйкестендіріп тексереді.

Бағалау критерийлері:

  • Ой еңбегі мен дене еңбегін ажыратады.

  • Дәлелде (жеке)

Оқушылар дәлелдеуге арналған тұжырымдарды таңдап алады:

-Адамның дамуы үшін еңбектің қажет екендігін дәлелде;

-Отбасы үшін еңбектің маңыздылығын дәлелде;

-Қоғам мен мемлекет еңбексіз дами алмайтындығын дәлелде.

3 минут уақыт ішінде ең аз дегенде 3 дәлелдеме жазулары қажет.

Бағалау критерийлері:

  • адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуына еңбектің әсеріне дәлелдер келтіреді.

  • «Болжауды тексерейік» стратегиясы (ұжымда)

Мұғалім оқушылардың назарын тақтаға аударады. Сабақтың басындағы

адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің әсеріне жасалған болжаулар тексеріледі. Сәйкес келген барлық жазбаға «+» белгісі қойылады. Оқушылар бұл тізімді бүгінгі алған ақпараттарын пайдалана, еңбектің рөлі туралы әңгімелей отырып, толықтырады.

Бағалау критерийлері:

  • адамның, қоғам мен мемлекеттің дамуындағы еңбектің рөлі туралы әңгімелейді.

Параққа жазылған және сөздерге бөлінген 4 мақал

Сюжетті суреттер 14 бет суреттер / жазылған сөздер

Жазбасы бар 2 жәшік, сюжетті суреттер (Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз)

Слайд№4

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Дәлелдер парағы

Стикерлер

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Тақта, бор

Сабақтың соңы

35-40

Рефлексия

Сабағымыз аяқталды, менің айтарым:

  • Мен үшін өте сәтті болғаны............
  • Мен өзімді ............үшін мақтай аламын.
  • Мен .................. үшін мақтай аламын.
  • Мені .................... таң қалдырды.
  • Мен үшін жаңалық болғаны...............
  • Меніңше, ................... менің қолымнан келмеді.
  • Болашақта.........................ескеремін.

Таратпа парақтар

Слайд №8

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дәлелде тапсырмасында оқушылар дәлелдеуге арналған тұжырымдарды таңдап алады. Осы кезде қабілеті жоғары оқушыларға үшінші тұжырымды таңдап, 5 дәлелден көбірек жазуды ұсынуға болады. Оқуда кедергісі бар оқушыларға үлгі ретінде бір дәлелді көрсетуге болады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Сәйкестендір» тапсырмасы мұғалімнің дұрыс жауаптар нұсқасымен тексеріледі. «Дәлелде» тапсырмасы негізгі бағалау мақсатын көздейтін тапсырма болып табылады. Өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады (әрбір дұрыс дәлелдемеге 1 балл).

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу