3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№85 сабақ_Дидактикалық материал
Бөлімі: Атақты тұлғалар
Сабақ тақырыбы: 85-сабақ.
Қосымша №1
Венн диаграммасы
Қосымша №2
1-топ
Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі «Аман бол, шешем, аман бол» күйі. Күйшінің анасы Алқаға арналған бұл шығарманың тарихы мынадай. «Бірде түрмеге айдалып бара жатқан Құрманғазы анасын көріп, көзіне жас алды. Мұны көрген анасы Алқа: «Мен ұл таптым деп жүрсем, жасық неме екен ғой туғаным. Кімнің алдында көзіңнің жасын төгіп тұрсың. Егер мына солдаттардың алдында жасыңды көрсетсең, менің күнім қандай болмақ. Неге соны ойламайсың? Көтер басынды!»-деп жағынан шапалақпен тартып жіберді. Негізі Құрманғазының анасы өте қайратты, күшті, ер мінезді, намысты бірінші орынға қоятын қатал мінезді әйел болған екен. Сонда ғана Құрманғазы есін жиып алып, «Әй, қайран, менің шешемдей адам бұл дүниеде жоқ шығар: Маған қайрат, жігер беретін де, өмірде қайыспай күресерде қуат беретін де осы анамның тілегі емес пе?» - деп сол жерде шешесіне жігермен қарап, қоштасып, «Қайран шешем» деп күй шығарған екен. Екі күй екі түрлі болғанмен, мұңы, тақырыбы, саздылығы ұқсас.
Сөздік жұмысы:
көзіне жас алды, көзіңнің жасын төгіп – жылап;
жасық неме – әлсіз;
жігер – күш.
Қосымша №3
2-топ
«Құрманғазы Орал түрмесінде жатып қалады. Бір күні қысқы серуен кезінде Лавочкин деген орыс тұтқынымен танысады. Ол «ақ патшаға тіл тигізгені үшін» қамалған орыс жұмыскері болып шығады. Өзі қазақ арасында көп болып, қазақша судай білетін болады. Бірде, түрме қарақшыларының бірі Лавочкинге оның шешесі келгенін хабарлайды. Ол түрме бастықтары рұқсат еткен бөлмеге барып, шешесімен көріседі. Шешесі пісіріп алып келген тамақтарын надзирательдің көзінше баласына береді. Бір нанның ішінде болат ара барын ыммен білдіреді. Шешесі қоштасып кеткесін, Лавочкин тамақтарды камераға алып келіп, болған жайды Құрманғазыға баяндайды. Екеуі қашу жоспарын жасап, ол ойларын өздеріне іш тартып жүрген надзирательге білдіреді. Ол бұларға жәрдемдесуге уәде береді». Құрманғазы Сағырбайұлы Лавочкиннің анасына арнап, «Лаушкен» күйін шығарған.
Сөздік жұмысы:
қарақшы – түрме қызметкері;
надзиратель – түрмедегі бақылаушы.
Қосымша № 4
3-топ
Күндерден күн өткенде Құрманғазы амалдың жоқтығын біліп, қалайда түрмеден қашуды ойлайды. Айсыз қараңғы бір түнде жұмыстан қайтып келе жатып, аяғы ауырып, тіпті жүргізбеген болып Құрманғазы тұтқындар тобынан кейін қала береді. Қапысын тауып, конвойдың біреуін қағып түсіріп, қаша жөнеледі. Қараңғыда күйшінің ізін жоғалтып алған конвойлар түрмеге қайтады. Оның алдында күндіз жұмыс үстінде Құрманғазы баяғы Лавочкиннің шешесі берген болат араны ұлтарағының астынан суырып, кісеннің бір жағын кесіп жай орнына байлап қойған болатын. Қашарда бір жағын қолына алып адымдай жөнеледі. Қаладан алысырақ бір сарайға барып, кісеннің екінші басын да кесіп, сол араға лақтырып тастайды. Ол күні қалың шөптің арасынан ешқайда шықпайды. Кеш бата Құрманғазы Жайықтың бойын төмен қуа жүре береді. Таң ата бір ауыл шетіндегі малшының үйіне келіп, өзінің мән-жайын айтады. Ол үйдің иелері Құрманғазыны тамақтандырып, басқалардың көздерінен тасалап, тыным алдырады. Жарасына сормақта тартып, жақсылап байлап береді. Кішкене тыныққасын, Құрманғазы домбыра алдырып, бірнеше күй тартады. Ең соңғы күйінде қайғының үні шығады. Айналадағыларға Құрманғазы бұл күйдің атын «Кісен ашқан» екенін айтады.
Сөздік жұмысы:
қапысын тауып – ыңғайлы сәтте;
конвой – тұтқындарды күзетуші;
сормақта – суға матырылған түйенің жүні.
Қосымша № 5
4-топ
«Қыз Данайдың қырғыны» – Құрманғазының күйі. 1850 жылы Құрманғазы Жем өзенінің бойындағы Төремұрат, Өтен, Нарымбай ағаларымен барып қыз Данайды алып қайтады. Қыз соңынан шапқан қуғыншыларды Құрманғазы отауға жібермей келгенін қағып түсіріп, қорғап тұрады. Оның бұл батырлығына нағашылары риза болып, сый – құрмет жасайды. Шабыты шалқыған күйші осы қуанышқа арнап «Қыз Данайдың қырғыны» күйін шығарады. Құрманғазы күй арқылы ат тұяғының дүбірін, қиян-кескі ұрысты суреттейді. Арасында қыз Данайдың сұлулығын, сыңғырлаған күлкісін сазды дауыстармен бейнелей білген. Бұл күйдің шығуына байланысты Төремұрат ел жиып, мал сойып үлкен той жасайды.
Сөздік жұмысы:
ұрыс – соғыс;
отау – үй.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру