3. Қазақ тілі_3-сынып_6-бөлім_Атақты тұлғалар_№84 сабақ_Дидактикалық материал


Бөлімі: Атақты тұлғалар

Сабақ тақырыбы: 84-сабақ.

Қосымша №1

Қосымша 2

Өзара бағалау парағы

Топ

Баяндаушылардың айтқаны тыңдаушыларға бірден түсінікті болды ма? Олар не туралы айтты?

Тыңдаушылардың сұрақтары түсінікті болды ма?

Барлық сұраққа баяндаушы немесе айтушы жауап бере алды ма?

Тыңдаушылардың сұрағы баяндаушыларға кедергі келтірді ме? Немесе қорытынды жасауға көмектесті ме?

Қосымша 3

1-мәтін

Құрманғазы Сағырбайұлы – күйші, композитор.Құрманғазы Сағырбайұлы туып - өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Батыс Қазақстанда 1818 жылы дүниеге келген.Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жерге жерленді.Алғашқы ұстазы Ұзақ күйші. Күйлері: «Ақсақ құлан», «Адай», «Қайран шешем» т. б. күйлері бар. Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алып, есейген шағында домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытты.

Қосымша № 4

2-мәтін

ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы. Құрманғазы Сағырбайұлы – теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол – заманындағы қоғамдық - әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық – зомбылыққа қарсы күресіп өткен адам. Ол 71 жасында қайтыс болады.«Атақты күйші Динаға «Қайран шешем» күйін үйретіп отыр еді. Сырттан аттың дүбірі естілді. Құрманғазыны тұтқынға алып, ол домбырасын Динаның қолына ұстатады. «Мұрамды саған тапсырамын, халқыма жеткіз», - дейді».

Қосымша № 5

3-мәтін

Дина Нұрпейісова (1861-1955ж.)Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Қайтыс болған жері Алматы қаласы. Қазақстанның халық әртісі. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында жеңіске жетті. Одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.

Қосымша № 6

4-мәтін

Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу