Сабақ жоспары (ұмж): Ғажайып суасты әлемі (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Ғажайып суасты әлемі (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Махаббат хикаясы: Қала жігітіне алданған ауыл қызы

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Ғажайып суасты әлемі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу
Сабақ мақсаттары: • Суасты әлемінің ерекшеліктерімен танысу;
• Суасты мекендеушілерін әртүрлі материалдарды қолдана отырып бейнелеу/моделін жасау;

Тақырыпқа кіріспе
Сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын белгілеңіз. Оқушыларға су асты көрінісі, оның мекендеушілері берілген суреттерді көрсетіңіз (немесе бейнеролик).
Сұрақтар:
• Суреттерде не бейнеленген?
• Оларды су асты жануарлары деп атауға бола ма? Неліктен?
• Олардың өзара қандай айырмашылықтары бар?
Оқушыларға суастында мекендейтін жануарлар туралы қызықты қосымша ақпарат беріңіз.

Каспий итбалығы – Каспий теңізін мекендейтін жануар. Бұл Қазақстан суқоймаларында өмір сүретін жалғыз сүтқоректі. Ол жойылып кету алдында тұрған жануар, сондықтан да Қызыл кітапқа енгізілген.
Сегізаяқтар - таңғажайып мақұлық. Олардың "аяқтары" тұп-тура басынан өсіп шығады. Сондықтан ғалымдар оны басаяқтылар деп те атайды.

Оқушыларға су астында мекендейтің, қозғалыстары әртүрлі тіршілік иелерін салынған суреттерін көрсетіңіз.

Сұрақтар:
• Суреттерден қандай суасты мекендеушісін көріп тұрсың?
• Суастын мекендеушілер қалай қозғалады?
• Олардың қозғалуына не көмектеседі?
• Бұрын-соңды қай су жануарының қозғалысын бақыладың? Қай жерде?
• Қай суасты мекендеушісінің қозғалысын қолыңның буынымен көрсете аласың?
• Суретші олардың қозғалысын қандай тәсілдермен көрсеткен?

Тәжірибелік жұмыс
Оқушылар кез келген суастын мекендеушінің моделін жасайды.
Оқушылармен бірге су асты жануарын жасауда қандай материалдарды, техникаларды қолдануға болатыны туралы және олардың дене бөліктерінің өлшемдерінің пропорцияларын қалайша сақтауға болатыны туралы талқы жүргізіңіз. ........

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Мына қапшықтарды ешқашан тастамаңыз. Өйткені олардың құны алтыннан да қымбат



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle