Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Жоғалған қыз)

Қазақша өлең: Міржақып Дулатұлы (Жоғалған қыз)



Тұманды қоңыр бір күнде
Жоғалып шықты сұлу қыз.
Қараңғы түн және өтіп,
Таң атып болды һәм күндіз.
Бүл таннан бізге не пайда?
Табылған жоқ әлі сұлуымыз.
Бүтін елден бір адам
Көрсейші жоқтан ешбір із!
Ұрлады ғой өлім деп,
Қайғырып жастар қылды сөз.
Іздесе де жабылып,
Болмады бұған ешкім кез.


Комментарии для сайта Cackle