Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІІ тоқсан)


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қатерлі ісіктің алдын алатын үздік тағам түрлері

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3В Қазақстан Ресей империясының құрамында
Сабақ тақырыбы: Қазақтардың 1860-1870 жж. азаттық күресі 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты: 1860-70жж Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілістеріндегі тарихи тұлғаларды анықтау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Өткен материалды еске түсіру
Кім? Не? Қашан? Қайда? Неге?
(М) – Орал, Торғай, Маңғыстау көтерілістерінің жетекшілері кім?
-Көтерілістің басталуына не себеп болды?
-Көтеріліс қашан басталды?
Жазалаушы отрядтар қайда келді?
Неге келді?
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері хабарланады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Себеп-салдар
Зерттеу сұрағы: XIX ғасырдың 60-70 жылдарындағы ұлт-азаттық көтерілістердегі халық талаптарының сабақтастығы неден көрінді?
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма.Мәтінмен жұмыс
«Тарихи тұлғалар»
(Т) Топтағы оқушыларға көтеріліс барысындағы тарихи тұлғалар туралы мәтін таратылып беріледі. Алдымен әрбір топ (1,2,3,4) өздеріне қатысты тұлға туралы мәтінді оқып ақпаратты игереді, топ ішінде талқылайды.Мұғалім оқушыларды аралап, қолдау-көмек береді. Сонан соң «Джигсо» әдісі бойынша әрбір топ өкілдерінен жаңа топ құрылады. (1-1-1-1, 2-2-2-2, 3-3-3-3, 4-4-4-4) Әр топ өкілдері жаңа топқа өз тобына бөлінген тұлға туралы ақпаратты баяндап, бір-бірімен ақпарат алмасады. Мұғалім оқушыларды аралап, олардың тапсырманы қаншалықты орындап жатырғанын тексереді.Жаңа топтағы оқушылар өз топтарына оралып, жаңа игерілген ақпаратпен бөліседі.
1-топ. Орал, Торғай көтерілісі жетекшілері
2-топ. Маңғыстау көтерілісі жетекшілері
3-топ. Көтерілісті басқан жазалаушы отряд басшылары
Дескриптор:
-Тұлға өмір сүрген дәуірді сипаттайды;
- Тұлғаның өмір сүрген ортасын анықтайды;
-Қоғамда алатын орнын, тұлға ретіндегі іс–әрекетін талдайды;
-Адами қасиеті мен ерекшеліктерін анықтайды;
-Тұлғаға тарихи баға беріп, қорытындылайды;
-Тұлға туралы пікірі мен көзқарасын ұсынады
Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы.....

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Тартымды адамдардың қағидалары



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle