ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)
Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының басталуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.2.2 Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. басында қалыптасқан саяси жағдайға байланысты Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдау себептері мен салдарларын талдайды.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Слайд арқылы Анна Иоановна патшайым мен Әбілхайыр хан портреттері және Ресей қабылдауындағы Кіші жүз елшілігінің суреті көрсетіліп, оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады:
- Суретті көріп, не туралы ойландыңыз?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): Себеп және салдар
Зерттеу сұрағы: Әбілқайыр ханның Анна Иоанновна патшайымға жазған хатының себептері мен салдарлары қандай болды?
Сыныпты топқа бөлу.
(Б) 1-тапсырма. Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Оқушыларға жаңа ұғымдар жазылған стикер таратылады. Сынып қабырғаларында олардың анықтамалары ілініп тұрады. Әр оқушы өз ұғымының анықтамасын тауып, сол қабырғаның қасында тұрады. Оқушыларды деңгейіне қарай топтастыру ескеріледі. Сыныптың 3 бұрышында, осылайша 3 топ құрылады. Сынып алдында әр топ өздеріне тиесілі жаңа ұғымдардың мағынасын түсіндіреді.
1-топ.
Отар Күшті мемлекетке тәуелді мемлекет
Грамота Тарихи оқиғаны растайтын мемлекеттік құжат
2-топ.
Отаршылдық Артта қалған елдерді жаулап алып, халқын тонау, қанау саясаты
Елшілік Бір мемлекеттен екінші мемлекетке жолданатын өкілдер тобы
3-топ.
Бодан Қорғаушы, қамқоршы
Аманат Қымбат, бағалы затты, адамды біреуге уақытша қалдыру
(Т) 2-тапсырма. «Детективтер агенттігі»
Мәтінмен жұмыс
Оқушылар - агенттік қызметкерлері, ал мұғалім – клиент ролін ойнайтын болады. Клиент агенттікке сұраныс тапсырады, ал агенттік қызметкерлері тапсырысты орындайды. Тапсырманы жеңілден күрделіге қарай бөлу арқылы дифференцацияны жүзеге асыру ескеріліп, топтарға қабілетіне қарай 3 деңгейдегі тапсырмалар ұсынылады. Топтар деректерді оқып, талқылап, зерттеу жұмысын жүргізеді. Зерттеулерін ментальда карта, хат, есеп формасында дайындап, сынып алдында қорғайды. Топтар бір-біріне кері байланыс береді.
Клиенттің тапсырысы:
(Мәтінді талдау тапсырмасы)
1-топ. Деректі материал мен мәтінді зерттеп, Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың Ресей бодандығын қабылдау себептері мен тарихи оқиғаның жүру барысын анықтап беру;
2-топ. Әбілқайырдың осындай шырғалаңы көп жағдайда неліктен осындай шешім қабылдағанын түсіндіру;
3-топ. Оның шешімінің салдарларын талдау.....
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

Последние комментарии
Ажихан Алма - Сегодня, 04:05
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маган 4 сынып адебиеттен тжб 1 токсан жауаптары керек.

Зульфия - Сегодня, 00:41
Әдебиеттік оқу (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Сәлеметсіз бе. 4 сынып Әдебиеттік оқудан ТЖБ жауаптарв керек

Гость Асемай - Сегодня, 00:20
Математика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Отиниш маган математикадан тжб жибериндерши Атамура китебынан

Гость Жулдыз - Вчера, 23:13
Ағылшын тілі (Бастауыш 3 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Ағылшын тили 3сынып тжб жауаптары 1токсан

Гость асем - Вчера, 23:11
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

жаратылыстанудан бжб жауатары керек еді 1 тоқсан

Алима - Вчера, 22:56
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

рақмет

Әсель - Вчера, 22:47
Жаратылыстану (4 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

4тапсырмадағы жануар біріншісі қарақұйрық екіншісі Дуадақ😁

ZHARAR - Вчера, 22:44
Абай Құнанбаев қара сөздері және мағынасы

керемет қара сөздер

Аслан - Вчера, 22:43
Жаратылыстану (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Марс ты знаешь меня больше

ZHARAR - Вчера, 22:39
Дос, достық 🤝 туралы тақпақтар

Достар бірге жүреміз, бірге ойнаймыз,күлеміз. Бірге балық аулаймыз міне,біздер қандаймыз!