Шығарма: XXI ғасыр эпидемиясы

Шығарма: XXI ғасыр эпидемиясы


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Қабірді зиярат еткенде оқылатын дұғалар

Дайындаған: Қадірбекова Дана,журналистика-203
Тексерген: Қалым Жәнібек
Тақырыбы: XXI ғасыр эпидемиясы

Қазіргі заманда салмақ тастау, әр түрлі тренд талаптарына сай келу ең өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Жасөспірімдер сән журналдарынан, ғаламтор желілерінен арықтаудың жаңа жолдарын іздестіреді. Кейде «Корея қыздарының фигурасы» не «Виктория Сикрит» модельдерінің «идеалды»нормаларына сай келу үшін жасайтын әрекеттері тым шектен шығып кетеді.
2013 жылдың статистикасына сенетін болсақ, мың адамнан әр 7-8 -i анорексияға кез болады. Ал жастар арасындағы әлгілі "вконтакте" желісінде, анорексия ауруын жақсы жағынан көрсетіп, оны пропагандаға салып жүрген парақшалар көп. Олардың басты сөздері: "Карның ашса - су іш", " Тамақ ішкің келеме? Алма же. Ал алмаға тәбетің болмаса - онда тамаққа да жоқ" т.б.Бұл парақшаның жан түршіктіретін заттарының бірі - осы парақшадағы мыңдаған 12 - 25 жас арасындағы ару қыздардың жазылуы. Менің осы мәселені көтеруім жай емес. Бұл аурудың қол ұшы менің өміріме де тап болды.Бір жарым жыл бұрын менің жақын құрбым жүйке анорексия ауруына тап болды. «Мектеп бітіру кешіне дейін арықтағым келеді» деген сөзін көп еститін болдық. Ол өзінің осы ауруға шалдыққанын білмейтін, анорексия ауруы туралы ойларды қабылдағысы келмейтін. Ғаламтордан оқыған бір диетаны ұстанатын. Сол кезде анорексия ауруының қаншалықты кауіпті және күрделі екеніне көзім жетті. Құрбым бір ай ішінде қатты жүдеп кетті. Тамақ туралы айтқысы келмейтін. Әр тамақтың калориясын есептеп жүретін. Бірақ біз оны ата-анасымен бірге ары қарай арықтамауға көндірдік. Қазір ол дұрыс тамақтанып, денсаулығын күтуде.
Артық салмақ тастау мәселесін дұрыс зерттеуде мен өзіммен бірге оқып жүрген достарымнан сауалнама алдым.
̶ Сені өз фигураң, түр әлпетің қанағаттандырама? әлде бірдеңе өзгерткің келе ме?
̶ Әрине, ойымда бар. Оны уақыт көрсетеді.
̶ Адам әдемі болуы үшін арық болуы керек деген сөзге келісесіңбе? (өз ойыңыз)
̶ Сенің әдемі болуын арықтықта емес, бірақ та әр қыз бала өзіне қарап, күтініп, әдемі болып жүрген дұрыс деп ойлаймын.
̶ Арықтау үшін адам тамақтан мүлдем бас тарту керек пе? Арықтау үшін қандай тәсілдер қолдану керек?
̶ Әрине жоққ! Қазір көп қыздар арықтаймын деп тамақтан бас тартып өз ішкі организмдерін яғни,асқазанын құртып, алып жүргендер саны көп.Сондықтан деңсаулық өзімізге керек ең бірінші сұлулықты емес, деңсаулықты бірінші орынға қою керек. Қазіргі кезде арықтаудың түрлі жолы бар. 1шіден дұрыс тамақтану. Мысалға газды шырындардан толық бас тарту, тәттіні көп мөлшерде жемеу зиянды тамақтардан аулақ болу, пайдалы өнімдер қабылдау т.б
̶ Егер арықтау сіз үшін сондай маңызды болса иә. Менің ойымша, аз тамақтану немесе мүлдем бас тарту арықтау процессін жылдамдатады.
̶ Анорексия ауруы туралы білесіңбе?
̶ Иә, естідім. Бұл ауруды қазіргі кезде адамдар өздері жасап алады.Арықтататын таблеткалар ішіп,сол ауруға шалдығып жатады,-десе енді бірі бұл ауру туралы мүлде естімегені жайлы айтады.
̶ Денеңді бір қалыпты, сау ұстану үшін не істейсің?-деген сұрағымызға көпшілігі ештеңе жасамайтындығын айтты.
Біздің елімізде анорексия дертін емдеуге көмектесіп, оның алдын алатын дәрігерлер аз! Тіпті қажетті арнайы стационар емханалары да жоқ. Бұл ауруды емдету көп уақыт пен сабырлықты талап етеді. Анорексия ауруынан айыққан адамдардың көбісінде ұзақ ремиссиядан кейін қайталама рецидив басталуы мүмкін. «Мен өз өмірімді анорексиясыз елестете алмаймын. Денемнен артық салмақ көрсем, арықтаудың жолы тек сол секілді болып көрінеді» деген ойлар көп мазалайды. Ол үшін психотерапевттермен көп жұмыс жасау керек. Анорексиялық нервозасы бар науқастар әдетте дәрігерді көргісі келмейді және кіммен байланысу керек екенін білмейді. Мұндайда ғаламторда аурудан зардап шеккендерге арналған көптеген ақпараттық ұсыныстар, сондай-ақ ата-аналарға кеңес беріледі. Анорексия ауруын диеотолог дәрігері емдейді деген қате пікір. Диетолог тағамдық тәртіптің бұзылуын емдеумен емес, дұрыс тамақтануды реттеумен айналысады. Кез келген анорексиямен ауыратын адам дұрыс тамақтану туралы диетологтан жақсы біледі. Бұл ауруды психиатр дәрігерімен және психологпен емдеу керек. Себебі анорексия – бірінші кезекте, психологиялық бұзылу. Соныменқатар, оныңотбасы, жақындары да психотерапияға бірге баруык ерек. Егер оның отбасы бас тартса, онда жазылып кету мүмкіндігі азаяды.
Артық салмақ тастаудың қазіргі кезде көп жолдары бар. Адам таңғаларлық көкөніс-жеміс диеталарынан, әр түрлі арықтауға әкелетін дәрі-дәрмектерге дейін сатуға барады. Егерде шынымен арықтағыңыз келсе жай ғана дұрыс тамақтанып, спортпен айналыссаңыз жеткілікті. Дұрыс тамақтану дегеніміз өзіңе шектеу қою емес, күніне өзіңіздің салмағыңызға сәйкес каллорияны қабылдап, жиі бірақ аз-аздан тамақтану. Тамақты мөлшерден артық жеп қоймау үшін асыңызды кішкентай тарелкеге салсаңыз, миыңызды алдайсыз.Ең бастысы су ішуді әдетке айналдырыңыз. Су аштық сезімін қадағалап, зат алмасуды реттейді. Есте сақтаңыз: Ұйықтар алдынан 3-4 сағат бұрын тамақтанып алыңыз. Диетолог мамандар бұны алтын ереже деп атайды.Спортпен кәсіби айналыспасаңызда, үнемі қозғалыста болсаңыз бұл салмақ тастауға алып келеді. Таңертеңгі жаттығуларды орындап, жүгірумен айналыссаңыз тіпті жақсы. Осының бәрі тек салмақ тастауға әкелмейді, сонымен қатар денеңіздің сау әрі салмақты болуына әсер етеді.

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
«Серпін-2050» бағдарламасы бойынша 2050 бойынша арнайы грант



Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 60 секунд !!!



Комментарии для сайта Cackle