Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

 Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 2-сабақ (8 сынып, II тоқсан )

Пән: Қазақ әдебиеті
Бөлім атауы: Көркем әдебиет және эпикалық сарын
Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» өлеңі 2-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 8.А/И3. Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис) қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтау
Сабақтың мақсаты: Шығармадағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдай отырып, автор стилін анықтайды.
Сабақ барысы:
Қызығушылықты ояту
Оқушылар 1,2,3,4 сандары бойынша топтарға бөлінеді.
«Пазл әңгіме»
Топтарға жыр бөлімдері қиылып таратылады. Оқушылардан берілген бөліктерді 2 минут ішінде рет-ретімен құрау сұралады. Соңында оқушылар бір-бірінің жұмыстарын дайын мәтін арқылы тексереді. Қай топ бірінші аяқтаса және пазлды дұрыс құраса, сол топ жеңімпаз атанады.
Оқушылар сабақ тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен танысады.
Мағынаны тану
1-тапсырма ТЖ.
Топтар төмендегідей бөлімдерді бөліп алады:
1-топ 1-7- бөлім;
2-топ. 8-13- бөлім;
3-топ. 14-20- бөлім;
4-топ. 21-26- бөлім;
5-топ. 27-31- бөлім.
Оқушылар «Фишбоун» әдісі арқылы мәтіннен көркемдегіш құралдарды, тұрақты тіркес, астарлы мағынадағы сөздер, риторикалық сұрақтар, әсірелеулер т.б. тауып, мағынасын анықтайды.
Орындалу барысы:
басы – шығарманың тақырыбы;
үстіңгі сүйектеріне мәтіннің ішіндегі көркемдегіш құралдардың түрлері, тұрақты тіркес, астарлы мағынадағы сөздер;
астыңғы сүйектеріне үзінділер арқылы дәлелдер;
құйрығына- шығарманың тілі жайлы оқушының ойы жазылады.
Көркемдегіш құралдарды тауып, талдай отырып, автор стилін анықтайды.
Қалыптастырушы бағалау
Бағалау парағы
Бағалау критерийі Дескрипторлар:
Әдеби сын-пікірлерге сүйеніп, өзіндік көзқарасын білдіріп, сыни пікір жазады. - Ақынға қатысты әдеби сын-пікірлерді оқып танысады;
- Таңдаған тақырыбына қатысты мәліметтерді жинақтап белгілейді;
- Ақын шығармашылығына қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға беріп, өзіндік сыни пікір жазады.
2-тапсырма. ЖЖ. Жұпта талқыла!
Өлеңнен алынған шумақтардың (тармақ) қайсысын бүгінгі күнмен байланыстыра алар едіңіз?
Жұпта талқылап, өз пікірлеріңізді топта білдіріңіздер.
Әр топтан үздік жұп қорғайды. Алғашқы боп аяқтаған үш жұптың жауабы тыңдалады.
3-тапсырма. «Дәйексөз» ТЖ.
A. Сюжет: Әңгімелеуші кім? Осы сәтте не болып жатыр?
B. Интерпретация: Үзіндінің немесе дәйексөздің маңызы неде? Кейіпкер туралы не айтылады? Тақырып. Тартыс. Өңдеңіз.
C. Анализ: Жоғарыдағы сұраққа жауапты автор қолданған әдеби құралдармен байланыстыру: дикция, детальдар, суреттеу, диалог.
 1. Топтарға дәйексөзді талқылауға 4 минут беріледі. Дайын болған топ бастайды. Жұмысын қорғауға 2 минут беріледі.
2. Топ өз жұмысын таныстырып болғаннан кейін, қалған топтардың жұмысын толықтыра алады.
3. Әр топқа өз жұмысын таныстыруға 1 минут беріледі. Көп ұпай жинаған топ жеңіске жетеді.
4-тапсырма. «Постерге саламын!» ТЖ.
 Ақын өлеңінен өздеріңіз қалаған үзіндіні
таңдаңыздар.
 Таңдаған цитатаны бүгінгі өмірмен байланыстырып,
автор идеясын ашатындай етіп, постерге сурет
салыңыздар.
 Өз постерлеріңізді қорғаңыздар.
 Үздік постерді дауыс беру арқылы анықтаңыздар......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 2 107



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?