Реферат: Информатика | Информация және есептеу машиналары

Реферат: Информатика | Информация және есептеу машиналары



Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғылар құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абақты — орыс есеп шотына ұқсас құрылғыны пайдаланған.
XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардын бірі математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Савдарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. аягыңда екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған.
Есептеулерге арналған құрылғылармен қатар, берілген программа бойынша автоматты турде жұмыс істейтін механизмдер де (музыкалық автоматтар, шарманкалар, дабыл қағатын сағаттар және т. с. с.) дамыды. Мысалы, шарманкаға әрқалай орналасқан таяқшалары бар дискілер орнатылған — таяқшалардың орналасуына байланысты қандай да бір әуен орындалатын. Жаккардтың тоқу станогында матаға түсетін өрнек жіңішке картон карталардағы (перфокарталардағы) тесіктердің көмегімен берілетін. Өрнекті ауыстыру үшін перфокартадағы тесіктерді басқаша тесіп шығу жеткілікті болатын.
Есептеуіш техника саласындағы маңызды прогресс Чарльз Беббидждің (XIX ғ. ортасы) есімімен байланысты. Лейбництің механикалык арифметикалық машинасы идеясын программамен басқару идеясымен біріктіре отырып, Беббидждің өзі "аналитикалық" деп атаған машинаның жобасын жасап шығарды. Бұл жоба іске асырылған жоқ, алайда өзінің мүмкіндіктері бойынша, Беббидждің машинасы алғашқы ЭЕМ-нен кем түспейтін: онда 50 ондық таңбадан түратын 1000 санды сақтайтын зерде жасалған; арифметикалық амалдар Жаккардтық перфркарталарта жазылған программаға сәйкес орындалатын. Программада арифметикалық амалдардың бір тобын автоматты түрде қайталау, сонымен қатар амалдар тобын қайсыбір шарт сақталғавда ғана орындау мүмкін болатын. Беббидж машинасына байланысты программалаушы мамандығы пайда болды. Дүние жүзінін, алғашқы программалаушысы ақын Дж. Байронның қызы Ада Лавлейс болды. Ада Лавлейс жазған программалар қайсыбір сандық функциялардын мәндерін есептеуге арналды.
XX ғ. 30-жылдарының аяғында американдықтар Дж. Атанасов (шыққан тегі болгар) пен К. Берри ЭЕМ жасап шығарды, онда электронды зерде және қосу мен азайтуға арналған электронды қүрылғы, оларға қоса біраз механикалық бөліктер болды. Бұл машина әлде де болса әмбебап емес еді, алайда оның пайдалану салалары механикалық арифмометрмен салыстырғанда әлдеқайда кең болды. 1942 ж. Атанасов — Берри ЭЕМ-інің жетілдірілген моделі жасалды, ол ең алдымен сызықтық тендеулер жүйесін (30-ға дейін белгісізі бар 30 теңдеуден тұратьш) шешуге арналды.
40-жылдардын аяғына дейін бұлардан қуаттырақ және жетілдірілген біраз басқаша машиналар жасалды. 1946 ж. үш американдық ғалымның — Дж. фон Нейман, Г. Голдстайн, А. Бернстың — ғылыми мақаласында әмбебап ЭЕМ құрастырудың негізгі принциптері баяндалған, онда өңделетін мәліметтерді сақтауға және есептеу программасын сақтауға ортақ бір ғана зерде пайдаланылатын. Осы принциптер іске асырылған алғашкы машина — ЕDSAC ЭЕМ —1949 ж. Англиядағы Кембридж (онда бір кездері Беббидж оқыған) университетінде М. В. Уилкстың басқаруымен жасалды. Бір жылдан соң АҚШ-та әмбебап ЕDVAS ЭЕМ жасалды.
Біздін, еліміздегі есептеуіш техниканың негізін қалаушы Сергей Алексеевич Лебедев болды. Онын, басқаруымен алғашқы отандық ЭЕМ-дер жасалды: 1951 ж. Киевте — МЭСМ (Малая Электронная Счетная Машина) және 1952 ж. Москвада — БЭСМ (Быстродействующая Электронная Счетная Машина). БЭСМ-мен бір уақытта дерлік М —2 және "Стрела" ЭЕМ-дері жасалды.
50- жылдардын, ортасынан бастап есептеуіш техниканың күрт дамуы басталды. Қазір дүние жүзінде 50 миллионнан астам дербес компьютерлер, ондаған миллион басқа құралдарға іштей орналастырылған, ойьшға арналған, үй тұрмысындағы компьютерлер жұмыс істейді. Қоғамның даму деңгейі энергияны меңгеру шамасымен емес, "информацияны меңгеру" шамасымен: жұмыс істейтін бір адамға келетін ЭЕМ саны мен оның жұмыс өнімділігі, дүние жүзілік байланыс желілеріне қосылу мүмкіндігі және т. б. анықтала бастады.
ҚАПШЫҚТАРДЫ, ФАЙЛДАР МЕН ТАҚБАШАЛАРДЫ ЖЫЛЖЫТУ ЖӘНЕ КӨШІРУ
Windows объектілерімен жұмыс істегенде, оларды көшіру немесе бір орыннан екінші орынға жылжыту қажет болады.
Объектілерді көшіргенде, объект бұрынғы орнында қалады, ал көшірмесі жаңа орынға орналастырылады. Қанша көшірме қажет болса, сонша алуға болады. Объектіні жылжытқанда,ол жаңа орынға орналастырылады да, бұрынгы орнынан жоқ болып кетеді.
Объектілерді жылжыту мен көшірудің бірнеше жолы бар. Соларды қарастырайық.
Инфоратика – информацияның өзгешелігі мен құрылымын, сондай – ақ адам қызметінің әр қилы салаларында оны алумен, мақтаумен, іздеумен берумен, қайта өңдеумен, қайта өзгертумен және пайдаланумен байланысты мәселелерді зерттейтін ғылым саласы.
Информация – бұл бізді қоршаған өмір шындығындағы құбылыстар мен обьектілердің өзгешелігін санамызға сіңіретін сигналдардың жиынтығы.
Экономикалық информация – мемлекеттің экономикасы мен оның жекелеген буыдарын басқарудағы экономикалық тұрғыдан ұйымдастыру жұмысын жүзеге асыруда пайдаланылатын деректер жиынтығы.
Информатика – ЭЕМ арқылы информацияны жаинау, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән.
Информатиканы оқудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ – дерді пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен тарату заңары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ – дер күнбе күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми – техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді.
Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.
Информатиканың негізгі обьектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі информация болып саналады. Сондықтан «информация» ұғымы информатика мен ЭЕМ – де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Графикалық редакторлар (ГР) - әр түрлі суреттерді, сызбаларды, иллюстрацияларды дайындау барысында пайдаланылатын қолданбалы программалардың тобын қалыптастырады.
Компьютерлік графиктердің қолданылатын бірқатар аймақтарын айта кетейік: визиткалар мен хабарландырулардың, кітаптардың суреттерін әзірлейді; нақты іс жоқ обьектілерді моделдейді (үлгілейді); үш өлшемді сцена мен анимациялық фильмдерді құрастыралы; жарнама роликтерін жасайды және т.б.
Барлық ГР- ды екі топқа бөлуге болады: растрлық және векторлық. Растрлық ГР- да кескін квадраттардың шамалары бойынша кішкентай әрі тең растрларды құрылады.
Растрлық редактордың негізгі элементі – нүкте (оның жағдайы, анық та қанық болуы, түсі).
Информацияны көрсетудегі растрлық тәсілдің артықшылығы - оюьектінің формалары мен түсін өзгерте алатын мүмкіндіктері шексіз десе де болады. ГР- дың бұл тобының типтік өкілі - Windows операциялық жүйелерінің құрамына кіретін Paint графикалық редакторы болып табылады. Растрлық графикалық редакторларға мыналар жатады: Adobe Photoshop, Photostyler, Adobe Photo – Paint, Picture Publisher, Corel.
Векторлық графиктік (ВГ) негізгі элементіне сызық және метематикалық формула жатады. Олар осы сызықты сызады.
Векторлық графикте обьектінің масштабын өзгерткен кезде әртүрлі пиксельдердің орналасу қатарлары емес, обьектінің метематикалық модельдерін жадында сақтаудың арқасында пропорция дәлме – дәл сақталады. ....


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle