Ынтымақ, бірлік туралы мақал-мәтелдер

Ынтымақ түбі –игілік,
Тірлік, тірлік түбі – бірлік.

Ағайын тату болса – ат көп,
Абысын тату болса – ас көп.

Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді;
Төртеу түгел болса,
Төбедегі келеді.

Тозған қазды
Топтанған қарға алады.

Мақал-мәтелдер
Толық

Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан – егеменді, тәуелсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашағымыз – бүгінгі жастар. Олардың міндеті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық.....
Шығармалар
Толық

Кітап

Кітап - алтын қазына.

Кітап алтын сандық:
іші толған қазына, құт,
оқы, оқы, ойыңа тұт.

Кітап - білім бұлағы,
Білім - өнер шырағы.
Мақал-мәтелдер
Толық

Жақсы мен Жаман

Айтқызған - жамандықтың белгісі,
Қамшылатқан - шабандықтың белгісі.

Адам мен адам арасы, аспан мен жердей.

Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ,
Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ.

Ай - ортақ, күн - ортақ, жақсы - ортақ.

Мақал-мәтелдер
Толық

Еңбек пен кәсіп

Рахат түбі — кейіс,
Бейнет түбі — кеңіс.

Ер дәулеті — еңбек.

Келген дәулет,
Кеткен бейнет.

Мақал-мәтелдер
Толық

Достық, дос туралы мақал-мәтелдер

Дос — ажарың, жолдас — базарың.  
Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылғысы келген дос аяулыңды сұрайды.
Айрылар дос ердің артқы қасын сұрайды.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Мақал-мәтелдер
Толық