Рәміздер айтысы

Жүргізуші: Бір күні үш дос кім мемлекеттік рәміздерді жақсы біледі деп жарысады. Біреуі елтаңба болып, біреуі елтаңба болып, ал үшіншісі әнұран болып ойнайды.
Ту айтты:
- Мен ең мықтымын. Еліміздің барлық ұйымында желбіреп тұратын менмін. Барлық үлкен жиналыстарда, салтанатты кештерде, мереке - тойларда төрден орын алатын менмін.
Елтаңба болса, былай дейді:
- Әрине, ең мықты менмін. Еліміздің барлық мекемелерінің маңдайшасында тұратын менмін. Мен ақша тиындарда, бағалы қағаздарда боламын. Адамдардың төлқұжаттарында мен бармын.Тіпті, шекарадағы бағаналарда тұрып елді қорғаймын.
Сонда әнұран сөзге араласты:
- Босқа таласпаңдар. Ең мықты менмін.Барлық үлкен жиындар мен мерекелік кештерді мен бастап беремін мен аяқтаймын.Мен, сөйлеген кезде барлық адам тік тұрып тыңдайды.
Жүргізуші: Үшеуің де дұрыс айтасыңдар. Үшеуің де мықтысыңдар. Үшеуің болмасаңдар, ешбір елдің, ешқандай халықтың қадір - қасиеті болмайды. Ешкім ол елді құрметтемейді.
Жүргізуші: Ал, енді балалар сәл тынығып, сергіп алайық. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Қазақ тілін білемін

Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру. Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру. Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту.
Қатысушылар: Балалар және ата - аналар
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!.....
Балабақша сабақ жоспары
Толық