«Қазақ тілі» жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 6-сынып


«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде)

жиынтық бағалауға арналған

әдістемелік ұсыныстар

6-сынып

Нұр-Сұлтан, 2022

Құрметті мұғалім!

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.

 Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

 Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген.

 

 Әдістемелік ұсыныстар негізгі мектеп мұғалімдеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп үйлестірушілеріне арналған.

 

 

 

Мазмұны:

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар................................................4

1-бөлім, №1 «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»………..................................5

Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика......................................................................7

2-3 бөлім, №2 «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің

жеті кереметі. Лексикография»...................................................................................................8

Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................10

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар.............................................11

4-бөлім,№1«Астана–мәдениетпенөнерордасы.Лексикография»..........................................12Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................14

5-бөлім, №2 «Тарихи тұлғалар. Лексикография»....................................................................15

Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................17

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..............................................18

6-7 бөлім, №1 «Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»,«Спорт.

Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»................................................................................19

Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................22

7-8 бөлім, №2 «Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары», «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары

мен салт-дәстүрлері» Наурыз.....................................................................................................23

Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................25

4-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар..............................................26

9-бөлім, №1 «Әлемдегі ірі кітапханалар».................................................................................27

Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика....................................................................30

10-бөлім, №2 «Ғылым мен технология жетістіктері».............................................................31

Ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика...................................................................33

1-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография»

№1

Оқу мақсаты6.1.1.1 мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжау;

6.2.1.1 - мәтіннен негізгі және қосымша, детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру;

6.4.1.1 тақырып бойынша жеке сөздер, бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазу.

Бағалау критерийіБілім алушы

  • мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;
  • мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды;
  • бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану

Орындау уақыты15 минут

1-тапсырма.

1.Суреттерді мұқият қарап, онда Қазақстанның қандай жерлері бейнеленгенін жұпта әңгімелеңіз. Суреттер арқылы тыңдалым мәтінінің тақырыбын болжап, талқылаңыз.

2. Мәтіннің алғашқы бөлігін мұқият тыңдап, талқылаған тақырыптарыңызбен салыстырыңыз және мәтіннің келесі бөлігі не туралы болатынын болжаңыз.

1-бөлік

 Көкшетауға ат басын бұратын көптеген саяхатшылардың қызығушылығын оятатын әрине табиғаттың көз тартар сұлулығы. Соның ішінде Бурабайдағы «Оқжетпес» тасының жөні бөлек. Атауының өзі бір ерекше. Жыл сайын демалуға барып жүргенімізбен, сол «Оқжетпес» жартасының қалай біткені жайында біле бермейміз әрі мән де бермейміз. Ал аңыз былай дейді:

2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беру арқылы детальді ақпараттарды анықтап, түсіндіріңіз.

  • Көкшетаудың қандай көрікті жерлері бар? ___________________________________ ___________________________________________________________________________
  • ___________________________________________________________________________
  • Бурабай демалыс орны несімен танымал?_____________________________________ ___________________________________________________________________________
  • ___________________________________________________________________________
  • Оқжетпес - Көкшетаудың қай бөлігінде орналасқан? __________________________ ___________________________________________________________________________
  • _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3-тапсырма. Мәтіннен бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.

Бірігіп жазылатын сөздер

Дефис арқылы жазылатын сөздер

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы

көтерілетін мәселені болжайды;

1

бейнеленген суреттер бойынша жұпта әңгімелеседі;

суреттер арқылы мәтіннің тақырыбын талқылайды;

1

1

жұпта талқылаған тақырып пен мәтінінің тақырыбын салыстырады;

1

Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды;

2

мәтіннің келесі бөлігіне болжам жасайды.

Мәтіндегі детальді ақпаратты анықтайды;

Сұрақтарға жауап береді

Детальді ақпараттарды түсіндіреді;

1

1

1

1

Бірге және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

3

Мәтіннен бірге жазылатын сөздерді жазады;

Мәтіннен дефис арқылы жазылатын сөздерді жазады;

Орфографиялық нормаға сай жазады.

1

1

1

Барлығы

10

«Қазақстандағы көрікті жерлер. Лексикография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 Білім алушының аты-жөні________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіннің атауын талқылау және алғашқы бөлігін тыңдау арқылы көтерілетін мәселені болжайды;

Мәтіннен детальді ақпараттарды анықтайды;

Мәтіннен көтерілген мәселені болжауда, детальді ақпаратты анықтауда қиналады.

Мәтіннен көтерілген мәселені болжауда, детальді ақпаратты анықтауда қателеседі.

Мәтіннен көтерілген мәселені болжайды, детальді ақпаратты анықтайды,.

Бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуда қиналады.

Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазуда қателеседі.

Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады.

1-тоқсан бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлімдер «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография» №2

Оқу мақсаты6.2.5.1 Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.3.6.1- Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау

6.4.2.1 Екпіннің түрлерін (сөз екпіні, тіркес екпіні, логикалық екпін) сөз және сөйлем ішінде орынды қолдану.

Бағалау критерийіБілім алушы

  • мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 5 нақтылау сұрақтарын құрастыра алады;
  • мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау;
  • екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратады.

Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану

Орындау уақыты15-20 минут

Отбасы – тәрбие көзі

Отбасы – адам тұрмысын ұйымдастырудың қайнар көзі, ол материалдық және рухани үдерістерімен сипатталады. Отбасы – жас ұрпақтың тәлім-тәрбие алып, өсіп-өнетін негізгі институты. Тал шыбықтай жас ұрпаққа бесіктен бастап берілген тәлім-тәрбие, ұстаным-тәртіп қағидалары есейгенде оның мінез-құлқының, сана-сезімінің, ар-ождан намысының темірқазығына айналады. Данышпан Абай былай деген: «Балаға көбіне үш алуан түрлі мінез жұғады: біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстаздан, үшіншісі – құрбысынан». Сондықтан қаншалықты шаршап-шалдығып жүрсе де ата-ана ұрпақ тәрбиесін ұмытпауы тиіс. Ұрпақ – әр жанұяның бақыты. Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік. Ата-ана, ұстаз, қоғам – үшеуі тәрбие басы. Бір тұтасып, біріктірсе тәрбиенің үш мектебі адамның мінез-құлқын қалыптастырып, адамгершілік болмысын жетілдіреді. Адамның кім болмағы ата-ана, ұстаз, қоғамға ғана тәуелді емес, ол адамның өзіне байланысты. Ұрпақ тәрбиенің үш сатысы негізінде өсіп, жетіледі. Олар: ой саулығы, жан саулығы, тән саулығы. Жақсы қасиеттер кез келген адамның жан дүниесінен табылады.

Ұрпақтың бойындағы қасиетті дұрыс қалыптастырып тәрбиелеу ата-ананың міндеті. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтеді. Ұрпақ өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштары – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі. Ата-аналардың ұрпақтарының алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы, ал ұрпақтары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады. Тұғыры берік елдің отбасы да берік болады, отбасы қазығы нық қағылса, шаңырағы берік тәрбиеленер ұрпағы да өнегелі болады.

1-тапсырма. Көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Берілген тірек сөздерден нақтылау сұрақтарын құрастырыңыз.

Тірек сөздер

Нақтылау сұрақтары

Ұрпақ тәрбиесі

Отбасы

Ата-ана

2-тапсырма. Сөйлемдердегі тыныс белгілерінің дұрыс қойылған нұсқасын белгілеңіз.

Әлемдегі ең үлкен қорған Қытайда орналасқан.

Асыл мұраларға Семирамида бағы Египет пирамидалары Зевс мүсіні Артемида ғибадатханасы Родос алыбы Галикарнас мавзолейі Александрия маягі жатады

а) Әлемдегі ең үлкен қорған - Қытайда орналасқан. Асыл мұраларға: Семирамида бағы, Египет пирамидалары, Зевс мүсіні, Артемида ғибадатханасы, Родос алыбы, Галикарнас мавзолейі-Александрия маягі жатады

ә) Әлемдегі ең үлкен қорған - Қытайда орналасқан. Асыл мұраларға: Семирамида бағы, Египет пирамидалары, Зевс мүсіні, Артемида ғибадатханасы, Родос алыбы, Галикарнас мавзолейі, Александрия маягі, жатады

б) Әлемдегі ең үлкен қорған - Қытайда орналасқан. Асыл мұраларға: Семирамида бағы, Египет пирамидалары, Зевс мүсіні, Артемида ғибадатханасы, Родос алыбы, Галикарнас мавзолейі, Александрия маягі жатады.

3-тапсырма. Екпін түрлерін дұрыс нұсқасымен сәйкестендіріңіз.

а) Сөз екпіні

Жара-а-айсың, балам, өнерің өрге жүзсін!

в) Дыбыс екпіні

Қазақта ұл бала - ер-азамат, шаңырақ иесі.

с) Тіркес екпіні

Қыз бала өмірге келсе, бақ келді, шаттық келді деп қуанады.

д) Ой екпіні

Бүгін менің туған күнім.

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 5 нақтылау сұрақтарын құрастыра алады;

1

Көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады;

1-сұрақ

2-сұрақ

3-сұрақ

1

1

1

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау;

2

Мәтіндегі орфографиялық қателерді түзетеді;

Мәтіндегі пунктуациялық қателерді түзетеді;

Емле ережелеріне сүйенеді

1

1

1

Екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратады.

3

Екпін түрлерін табады

а) Сөз екпіні

ә) Дыбыс екпіні

б) Тіркес екпіні

в) Ой екпіні

1

1

1

1

Барлығы

10 балл

«Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»

бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 Білім алушының аты-жөні________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған 5 нақтылау сұрақтарын құрастыра алады;

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыруға қиналады.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыруға қателеседі.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастырады.

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялау;

Екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратады.

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялауда және екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратуда.

қиналады.

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп түзету, редакциялауда және екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратуда қателеседі.

Мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп редакциялайды және екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратады.

2-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

2-тоқсан бөлім бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексикография»

№1

Оқу мақсаты 6.4.3.1 Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданысы аясын түсіну және ажырата білу.

6.3.4.1 Эссе тақырыбынан ауытқымай абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу,келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу.

Бағалау критерийіБілім алушы

  • Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата алады;
  • Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;
  • Тақырыбына сай,құрылымы жүйелі келісу,келіспеу эссесін жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану

Орындау уақыты20 минут

1-тапсырма.

 Бір нәрсеге, өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет. Өнер біткеннің бәрәне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққы жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты-адамның эстетикалық қажетін қанағаттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка тілі бір-біріне етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды түзетуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді.

  • Мәтіндегі қарамен жазылған сөздер қай сөздердің қатарына жатады. [1]

 

а) Диалект сөздер б) Кәсіби сөздер

ә) Жаңа сөздер в) Термин сөздер

  • Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта қалады? [1]

а) Қол өнері мен музыка үйлескенде

ә) Спорт пен музыка үйлескенде

с) Сурет өнері мен музыка үйлескенде

д) Тіл мен музыка үйлескенде

2-тапсырма. Келесі лексикалық ұғымдарды ережемен сәйкестендір. [4]

Диалект сөздер

Жаңа сөздер

Кәсіби сөздер

Белгілі бір кәсіпке байланысты айтылатын сөздер

Белгілі бір аймақ тұрғындарының тілінде ғана қолданылатын сөздер.

Сөздік қорған жаңадан енген сөздер

Термин сөздер

Ғылым мен техниканың түрлі саласында қатысты сөздер

3-тапсырма. «Астана-Қазақстанымның елордасы бола алды ма?» деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Эссеңізде мәтіннен іріктелген мысалдарды қолданыңыз. [4]

Мәтін

«Астана-Қазақстанның елордасы. Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан. Астана қаласы 1997 жылы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды. Мұнда көптеген ғимараттар бар. Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан. Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген, дамып жатқан қала болды.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата алады;

1

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздер қай сөздердің қатарын табады.

Мәтін бойынша сұраққа жауап береді.

1

1

Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;

2

Лексикалық ұғымдарды ережемен сәйкестендіре алады.

а) диалект сөздер

ә) жаңа сөздер

б) кәсіби сөздер

в) термин сөздер

1

1

1

1

Тақырыбына сай,құрылымы жүйелі келісу,келіспеу эссесін жазады.

3

Келісу, келіспеу эссесін жазады

Мәтіннен мысалдар келтіреді

Орфографиялық норманы ескереді

Ойын анық жеткізеді

1

1

1

1

Барлығы

10

«Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексикография»

бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 Білім алушының аты-жөні________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата алады;

Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінуде және ажырата алуда,

оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп оқуда қиналады.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінуде және ажырата алуда,

оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп оқуда қателеседі.

Неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсінеді және ажырата алады;

Оқылым мәтінінен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды.

Тақырыбына сай,құрылымы жүйелі келісу,келіспеу эссесін жазады.

Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу, келіспеу эссесін жазуда қиналады.

Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу, келіспеу эссесін жазуда қателеседі.

Тақырыбына сай,құрылымы жүйелі келісу,келіспеу эссесін жазады.

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

Бөлім «Тарихи тұлғалар. Лексикография»

№2

Оқу мақсаты 6.3.4.1- эссе тақырыбынан ауытқымай, абзац түрлерін жүйелі құрастырып, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («келісу, келіспеу» эссесі).

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу.

Бағалау критерийіБілім алушы

  • неологизм сөздердің анықтамасын табады;
  • күрделі сөздер арқылы жасалған неологизм сөздерді таба алады;
  • термин сөздердің қатарын анықтай алады;
  • білім алушы диалект сөздерді анықтай алады;
  • мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;
  • тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады.

Ойлау дағдыларының деңгейіҚолдану

Орындау уақыты15-20 минут

1-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер

  • Неологизм сөздер дегеніміз не? [1]

а) Жаңадан пайда болған жаңа ұғымдарды білдіретін жаңа сөздер.

ә) Ұмытылып кеткен ескі сөздер

б) Әлі де қолданыстан қалмай келе жатырған сөздер

в) Аймақ көлемінде ғана қолданылатын сөздер

  • Күрделі сөздер арқылы жасалған неологизм сөздерді табыңыз. [1]

а) менеджер, глобус, электр

ә) зияткерлік, баспагер, айтылым

б) ата-ана, планшет, зейнет

в) сыйақы, зейнетақы, ұжымшар

  • Термин сөздердің қатарын анықтаңыз. [2]

а) жол, әуе, баян

ә) жаранама, ғаламшар, кеден

б) көмем, ашық, мерей

в) химия, графика, климат

  • Диалект сөздердің қатарын белгіле. [2]

а) сым, жар, тұқым

ә) тұрақ, егемендік, кеден

б) жаға, сүндет, мүшел

в) жейде, үшем, немелтай

2-тапсырма. Білім алушы өз ой-түйінін қорытып, еркін стильде өз жауабын келтіре отырып келісу не келіспеу эссесін жаза алады. көлемі (40-50 сөз) [4]

Әйгілі сәулетші Норман Фостер Бейбітшілік және келісім сарайының авторы. Нұр-Сұлтан - әлемдегі Ұлан-батырдан кейінгі ең суық астана саналады. "Думан" ойын-сауық орталығының мұхит-аралы - ТМД-да ашылған ерекше нысан. Ол әлемдегі көк мұхиттан 3000 км қашықтықта орналасқан жалғыз мұхит-арал. "Ханшатыр" ойын-сауық орталығы Гиннестің рекордтар кітабына кірген. Ол әлемдегі шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат. Биіктігі 150 метр. "Әзірет-Сұлтан" мешіті Орта Азиядағы ең үлкен мешіттердің бірі. Елордалықтардың орташа жасы - 30 жас. Астанадағы ең қысқа көше - Біржан сал көшесі. Ұзындығы - 358,7 метр.

"Елорда туралы қызықты деректер" деген тақырыпта келісу не келіспеу эссесін жазыңыз. Жазба жұмысыңызда неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қажеттісін қолданыңыз. Эссеңізде мәтіннен іріктелген мысалдарды қолданыңыз.

Орындау уақыты

15-20 минут

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Неологизм сөздердің анықтамасын табады.

Күрделі сөздер арқылы жасалған неологизм сөздерді таба алады.

Термин сөздердің қатарын анықтай алады.

Диалект сөздерді анықтай алады.

1

Сұрақтың дұрыс нұсқасын тауып белгілейді.

Сұрақтың дұрыс нұсқасын тауып белгілейді;

Бірнеше дұрыс екі нұсқаларды тауып белгілейді.

Бірнеше дұрыс нұсқаларын тауып белгілейді.

1

1

1

1

1

1

Екпін түрлерін сөйлем ішінде ажыратады.

2

Келісу не келіспеу эссесін жазады;

Орфографиялық норманы сақтап жазады;

Емле ережесін сақтайды;

Ойын толық жеткізеді.

1

1

1

1

Барлығы

10 балл

«Тарихи тұлғалар. Лексикография»

бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні_____________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Неологизм сөздердің анықтамасын табады;

Күрделі сөздер арқылы жасалған неологизм сөздерді таба алады;

Термин сөздердің қатарын анықтай алады;

Диалект сөздерді анықтай алады;

Мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;

Неологизм, термин, диалект сөздердің анықтамасын табуда, күрделі сөздер арқылы жасалған неологизм сөздерді ажыратуда, мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқуда қиналады.

Неологизм, термин, диалект сөздердің анықтамасын табуда, күрделі сөздер арқылы жасалған неологизм сөздерді ажыратуда, мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқуда қателеседі.

Неологизм, термин, диалект сөздердің анықтамасын табады, күрделі сөздер арқылы жасалған неологизм сөздерді ажыратады, мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды.

Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады.

.

Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазуда қиналады.

Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазуда қателеседі.

Тақырыбына сай, құрылымы жүйелі келісу-келіспеу эссесін жазады.

3-ТОҚСАН БӨЛІМ БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»,

«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»

бөлімдері бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

№1

Оқу мақсаты

6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;

6.4.4.1 сөйлемдегі есімдіктің қызметін түсіну, есімдікті зат есім, сын есімнің орнына қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • мәтінді оқиды;
  • судың пайдалы қасиеттерін сәйкестендіру арқылы детальді ақпаратты анықтайды;
  • мәтіндегі есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратады.

Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді оқып, судың пайдалы қасиеттерін сәйкестендір. [4]

Су - тіршілік көзі

 Су — тіршілік көзі, табиғатта ең көп таралған зат. Су Жер шарының 3 / 4 бөлігін алады. Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді, табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді.Тірі ағзалардың 60-70 %-ы , ал өсімдіктердің 90 % -ы судан тұрады. Су — тамақ рационының маңызды құрамдас бөлігі. Сусыз тіршілік жоқ. Адам шөлдегеннен гөрі аштыққа шыдамды келеді екен. Зат алмасудың барлық процестері судың қатысуымен атқарылады.Тамақты сіңіру, қанға нәрлі заттардың жетуі сұйық ортада өтеді. Зат алмасудың зиянды өнімі организмнен су арқылы шығарылады. Организмде судың жеткіліксіз болуы шөлдеуге әкеліп соқтырады да, судың артық болуы жүрек-қан тамыр жүйесінің жұмысын қиындатады. Судың пайдалы қасиеттеріне келесілері жатады:

– Су қоректік заттектерді (жасушаларға), алмасу өнімдерін және гормондар, ферменттер, тромбоциттер және қан жасушалары сияқты түрлі заттарді (жасушадан) тасымалдайды. Соған сәйкес ол жасушалық зат алмасудың өтуіне септігін тигізеді және жасушалардың химиялық қызметтеріне аса қажет.

– Су еру мен суспензиялау үшін тамаша орта. Көптеген субстраттар суда ериді немесе суспензияға айналады, осылайша жаңа заттектер түзетін реакцияларға түсе алады. Судың бұл қасиеті ағзадағы алмасу заттары мен улы заттардың зәрмен шығуына септігін тигізеді.

– Су еріткіш ретінде тұтқыр молекулалармен қосылып, буындарға арналған майлайтын сұйықтық және ас қорыту жүйесі мен несеп-жыныстық жолдарды майлайтын шырыш, ішкі органдарды майлайтын ұйыма сұйықтықтарды және асқорыту жолдары арқылы өткенде асты ылғалдандыратын басқа да секреттерді түзеді.

– Су өз температурасын салыстырмалы түрде аз өзгерте отырып, жылу сіңіреді. Судың жылуды сақтау қасиеті жылуды сіңіріп, оны жылу өнімі және тер булануы ретінде шығара отырып, дене температурасын реттеуге көмектеседі.

Су ағзаның маңызды құрылымдық компоненті болып саналады. Ол жасушалардың пішінін сақтайды және барлық ағзаның жасуша жарғақшаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Су еру мен суспензиялау үшін қандай ортаға жатады?

Су еріткіш ретінде тұтқыр молекулалармен қосылып, буындарға арналған майлайтын сұйықтық және ас қорыту жүйесі мен несеп-жыныстық жолдарды майлайтын шырыш, ішкі органдарды майлайтын ұйыма сұйықтықтарды және асқорыту жолдары арқылы өткенде асты ылғалдандыратын басқа да секреттерді түзеді.

Су еріткіш ретінде қандай заттарды түзеді?

Су ағзаның маңызды құрылымдық компоненті болып саналады. Ол жасушалардың пішінін сақтайды және барлық ағзаның жасуша жарғақшаларының ажырамас бөлігі болып табылады.

Су өз температурасын қалай өзгерте алады?

Су еру мен суспензиялау үшін тамаша орта. Көптеген субстраттар суда ериді немесе суспензияға айналады, осылайша жаңа заттектер түзетін реакцияларға түсе алады. Судың бұл қасиеті ағзадағы алмасу заттары мен улы заттардың зәрмен шығуына септігін тигізеді.

Су ағзаның қандай құрылымдық компоненті болып саналады?

Су өз температурасын салыстырмалы түрде аз өзгерте отырып, жылу сіңіреді. Судың жылуды сақтау қасиеті жылуды сіңіріп, оны жылу өнімі және тер булануы ретінде шығара отырып, дене температурасын реттеуге көмектеседі.

2-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап бер [1]

Мына сөйлемнен сұрау есімдігін тап.

1. Суды қорғау үшін қандай көмек көрсете аламыз?

а) судыб) қандай

ә) қорғаув) көмек

2. Жіктеу есімдігі қатысқан сөйлемді көрсет. [1]

а) Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары әдемі,үйлесімді болып шыққанын байқаған.

ә) Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді,сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын дәлелдеген.

б) Өзіңді ауыз су ішуден шектеуге болмайды.

в) Ал дәл осы суға "ыза", "соғыс", "қан", "өлім" сияқты жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа, бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті.

3. Сілтеу есімдігі қатысқан сөйлемді көрсет. [1]

а) Күнделікті ішіп отырған суымыз қайдан келіп жатыр?

ә) Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді

б) Ғалымдардың айтуынша, болашақта су тапшылығы арта түспек.

в) Ағзаға таза су енеді де,ол біздің қанымызға әсер етеді

4. Өздік есімдігі қатысқан сөйлемді көрсет.[1]

а) Осы мөлдір сұйықтыққа бар тіршілік тәуелді.

ә) Күнделікті ішіп отырған суымыз қайдан келіп жатыр?

б) Ғалымдардың айтуынша, болашақта су тапшылығы арта түспек.

в) Өзіңді ауыз су ішуден шектеуге болмайды

Бағалау критерийі

Тапсырма

Дескриптор

Балл

Мәтінді оқиды;

Судың пайдалы қасиеттерін сәйкестендіру арқылы детальді ақпаратты анықтайды.

1

Мәтін мазмұны бойынша судың қасиеттерін сәйкестендәреді

1-қасиет

2-қасиет

3-қасиет

4-қасиет

1

1

1

1

Мәтіндегі есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратады.

2

Мәтінді тыңдай отырып, тест тапсырмаларына жауап береді

Сұрау есімдігін табады;

Жіктеу есімдігін табады;

Сілтеу есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетеді;

Өздік есімдігі қатысқан сөйлемді көрсетеді;

1

1

1

1

Барлығы

8

 

««Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер. Морфология»,

«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары. Морфология»

бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтінді оқиды;

Судың пайдалы қасиеттерін сәйкестендіру арқылы детальді ақпаратты анықтайды.

Мәтінді оқып, судың пайдалы қасиеттерін сәйкестендіру арқылы детальді ақпаратты анықтауда қиналады.

Мәтінді оқып, судың пайдалы қасиеттерін сәйкестендіру арқылы детальді ақпаратты анықтауда қателеседі.

Мәтінді оқып, судың пайдалы қасиеттерін сәйкестендіру арқылы детальді ақпаратты анықтайды.

Мәтіндегі есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратады.

Мәтіндегі есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратуда қиналады.

Мәтіндегі есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратуда қателеседі.

Мәтіндегі есімдіктердің мағыналық түрлерін ажыратады.

«Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары», «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері» Наурыз бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

№2

Оқу мақсаты

6.1.3.1- тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау;

6.4.4.2 етістіктің етіс түрлері мен салтсабақты етістіктердің тіркесімдік мүмкіндігін ауызша және жазбаша тілдесім барысында қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

  • Мәтіннен өзгелік,ырықсыз етістер бар екенін табады;
  • Етіс түрлерін дұрыс сәйкестендіреді.

Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, негізгі, қосымша және детальді 3 ақпаратты анықтап, кестені толтырыңыз.

1. Мәтіндегі 3 басты ақпараттарды анықтаңы [3]

 Қазақстандық бокс жайында әңгіме болғанда кәсіпқой бокс туралы да айтпай кетуге болмайды. Бұл салада бүгінде отандастарымыз бағындырған биіктер, қол жеткізген табыстар көп. Соның арасында кезінде Афина олимпиадасының күміс жүлдегері болған, бүгінде әлемдік кәсіпқой бокстағы құбылыстардың біріне айналған Геннадий Головкиннің орны бөлек. Егер бір кезде қазақ жастарының арасынан суырылып шығып, олимпиадада тамаша өнер көрсеткен Серік Қонақбаевтың әуесқой бокстағы қазақ боксшыларына әсері қандай болса, Геннадий Головкиннің де қазақ кәсіпқой боксына да әсері сондай деуге болады. Осы кезге дейін кәсіпқой бокста 43 кездесу өткізіп соның 41-інде жеңген (бір тең ойын, бір жеңілісі бар) Головкин кәсіпқой бокс бойынша бірнеше тұжырымның чемпионы. Бүгінде кәсіпқой бокста жүрген, жай жүрмей жетістікке жетіп жүргендер отандастарымызға Василий Жиров пен Геннадий Головкиннің жетістіктері шабыт бергені анық.

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

2-тапсырма.

  • Сөйлемдегі қарамен белгіленген сөз қай етіске жатады? [1]

Бұл салада бүгінде отандастарымыз бағындырған биіктер, қол жеткізген табыстар көп.

а) ортақ б) өзгелік

ә) өздік в) ырықсыз

  • Мәтінде қандай етістер кездеседі? [2]

 Қазақстандық бокс жайында әңгіме болғанда кәсіпқой бокс туралы да айтпай кетуге болмайды. Бұл салада бүгінде отандастарымыз бағындырған биіктер, қол жеткізген табыстар көп. Соның арасында кезінде Афина олимпиадасының күміс жүлдегері болған, бүгінде әлемдік кәсіпқой бокстағы құбылыстардың біріне айналған Геннадий Головкиннің орны бөлек. Егер бір кезде қазақ жастарының арасынан суырылып шығып, олимпиадада тамаша өнер көрсеткен Серік Қонақбаевтың әуесқой бокстағы қазақ боксшыларына әсері қандай болса, Геннадий Головкиннің де қазақ кәсіпқой боксына да әсері сондай деуге болады. Осы кезге дейін кәсіпқой бокста 43 кездесу өткізіп соның 41-інде жеңген (бір тең ойын, бір жеңілісі бар) Головкин кәсіпқой бокс бойынша бірнеше тұжырымның чемпионы. Бүгінде кәсіпқой бокста жүрген, жай жүрмей жетістікке жетіп жүргендер отандастарымызға Василий Жиров пен Геннадий Головкиннің жетістіктері шабыт бергені анық.

а) ортақ б) өзгелік

ә) өздік в) ырықсыз

3-тапсырма. Төмендегі етістерді сәйкестендіріңдер [4]

ортақ

өздік

өзгелік

-ыл,-іл,-л,-ын,-ын,-н,

-ыс,-іс,-с

-ын,-ын,-н,

ырықсыз

-дыр,-дір,-тыр,-тір,-қыз,-кіз, -т

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

1

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады

1-ақпарат

2-ақпарат

3-ақпарат

1

1

1

Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табады

2

Дұрыс жауабын табады;

Мәтіннен етісті табады;

Мәтіннен етісті табады;

1

1

1

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады.

Етістің түрлерін сәйкестендіреді

Өздік етіс;

Өзгелік етіс;

Ырықсыз етіс;

Ортақ етіс.

1

1

1

1

Барлығы

10

«Әлемді өзгерткен өнертабыстары. Шешендік сөздер» бөлімі

бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады.

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табуда

қиналады.

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табуда қателеседі.

Мәтіндегі детальді ақпараттарды табады.

.

Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табады

Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табуда

қиналады.

Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табуда

қателеседі.

Мәтіннен өзгелік, ырықсыз етістер бар екенін табады

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады.

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда қиналады.

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратуда қателіктер жібереді.

Үстеудің мағыналық түрлерін ажыратады.

4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАРЫ

«Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

№1

Оқу мақсаты

6.1.3.1. Мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты анықтау.

6.4.4.3. Үстеудің мағыналық түрлерін ажырату, синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды;
  • Үстеудің құрамын біледі;
  • Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады;
  • Үстеудің мағыналық түрлерін анықтайды;
  • Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып мәтін жазады.

Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

 Мәтіннен негізгі, қосымша ақпаратты және көтерілген мәселені сәйкестендіру арқылы анықтаңдар. [3]

 "БУККРОССИНГ" ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

 Кітап - біздің асып-таспайтын асыл досымыз. Француз философы Дени Дедро: "Кітап оқуды қойған адам - ойлауды да қояды" деген екен. Технология атаулы қанша дамып жатыр десек те, қай заманда болмасын, кітаптың орны биік тұрары сөзсіз. Алайда, қазіргі кезде кітапхана мен кітап дүкендеріне барудан қалып бара жатқанымыз өтірік емес. Біріне уақыт сылтау болса, екіншісіне қалтамыздың көтере бермейтіндігі сылтау. Ал, бұл екі сылтауға да кедергі бола алатын "кітап сыйлау" немесе "кітап алмастыру" акциясы туралы естуіңіз бар ма? Толығырақ айтқанда, акцияның негізгі атауы "Буккроссинг" деп аталады. "Буккроссинг" қазақшаға аударылғанда "кітап сыйлау" немесе "кітаптың айналыста жүруі" деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым - Рон Хорнбекер. Ол 2001 жылы көпшілік жүретін жерде мынадай жазуы бар кітапты қалдырып кеткен екен: "Бұл жоғалып кеткен кітап емес, оның бұрынғы иесін мына сайтқа кіріп біле аласыз. Кітапты оқып біткесін, оны әрі қарай саяхаттауға жіберуіңізге болады". Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір "Bookcrossing" сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті.

Көтерілген мәселе

Француз ғалымы Дени Дедро кітап оқымайтын адамдарда ой болмайтынын айтқан.

Жазылған хат пен кітап адамдарға қызықты болған соң, сайтқа кірушілер саны артып, қазір "Bookcrossing" сөзі Оксфорд сөздігіне ресми түрде енгізіліпті.

Негізгі ақпарат

Кітап - адамзаттың асыл досы. Кітапты сыйлау және айналыста жүргізу арқылы адамзат баласының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Қосымша ақпарат

"Буккроссинг" қазақшаға аударылғанда "кітап сыйлау" немесе "кітаптың айналыста жүруі" деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым - Рон Хорнбекер. Оның адамға пайдасы бар. Ол адамдардың кітапқа қызығушылығын арттырғысы келді.

2. Берілген сұраққа дұрыс жауабын белгіле. Күрделі үстеулерді тап, дұрыс жауабы екеу. [1]

а) соншамаб) кешег) ақырын

ә) бүгінв) жаздыгүні

3. Үстеудің синонимдік қатарын тап.[1]

Жазылмаған дала заңы қазақ халқының өткен замандарда ұстанған салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының ар жағында биік парасат пен даналық жатыр.

а) болашақтаб) кешег) бүгінде

4. Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып, "Кітапханалардың адамдар үшін маңызы қандай?" тақырыбында шағын мәтін жаз. [3]

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды.

1

Мәтіннен негізгі ақпаратты табады.

Мәтіннен қосымша ақпаратты табады.

Көтерілген мәселені анықтайды.

1

1

1

Үстеудің құрамын біледі

2

Күрделі үстеулерді табады

1

Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады.

3

Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдана алады

1

Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана отырып мәтін жазады

4

Үстеудің мағыналық түрлерін қолдана алады

Орфографиялық нормаға сай жазады

Емле ережесін сақтайды

Ойын жүйелі жеткізеді

1

1

1

Барлығы

8

«Әлемдегі ірі кітапханалар» бөлімі

бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтауда қиналады.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды қателеседі.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады. Көтерілген мәселені анықтайды.

Үстеудің құрамын біледі

Үстеудің құрамын ажыратуда

қиналады.

Үстеудің құрамын ажыратуда

қателеседі.

Үстеудің құрамын ажыратуды біледі.

Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады, қолдана отырып мәтін жазады.

Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда, қолдана отырып мәтін жазуда қиналады.

Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолдануда, қолдана отырып мәтін жазуда қиналады.қателеседі.

Үстеудің синонимдік қатарларын түрлендіріп қолданады, қолдана отырып мәтін жазады

«Ғылым мен технология жетістіктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

№2

Оқу мақсаты

6.2.5.1 мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты, көтерілген мәселені анықтауға бағытталған нақтылау сұрақтарын құрастыру;

6.4.5.1 қазақ тіліндегі тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін (даралаушы) түсіну, дұрыс қолдану.

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады;
  • Стиль түрін біледі;
  • Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратады.

Ойлау дағдысының деңгейлері

Қолдану

Орындау уақыты

15-20 минут

1-тапсырма. 1. Мәтінді оқып, оның қандай стильде жазылғанын анықтаңыз. [1]

Адамзат бүгінгі таңда әлеуметтік шиеленісті өршітетін қоғамдық індеттердің бұғауынан құрық үзіп, құтыла алмай отыр, бірақ көңілге үміт ұялатар мүмкіндіктер де жоқ емес. ХІХ–ХХ ғасырларда адам баласы ғылым мен техникалық прогресте бұрын-соңды болмаған ғаламат жетістіктерге қол жеткізді. Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну. Табиғатты өзіне бағындырарлықтай мүмкіндікте жаратылған адам баласы ғаламды танып-білуге, білгендерін көкейінде түюге тиісті. Көңілге түйіп, көкейге тоқығандары арқылы табиғатты құрық атып бас білдірген тайыншадай дегеніне көндіріп, ықпал жасаудың жолдарын қарастырады. Бұл табиғаттың адамға аманат етілуі, ал адамның Жаратушының әмірлеріне мойынсұнып, құл екенін сезінуі дегенге саяды.

Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын адам баласының игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда. Осыған қарап ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін екендігін пайымдаймыз. Бұдан үрейленудің де жөні жоқ. Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.

Кейде ғылым-білімге сүйеніп, он ойланып, тоғыз толғанған іс-әрекеттеріміздің өзі оңды нәтиже бермей жататындығы белгілі. Бұған түсіністікпен қараған жөн. Ал бірақ білімсіздіктің, жоспарсыздықтың әрдайым тұйыққа тірейтіндігін ұмытпау қажет.

а) Публицистикалық стиль б) Көркем әдебиет стилі

ә) Ғылыми стиль

1.1. Публицистикалық стильде жазылған мәтіннің сипатына сай тілдік құралдарды мысалдарымен сәйкестендіріңіз. [3]

бұғауынан құрық үзіп

термин сөздер

құрық атып бас білдірген тайыншадай

тұрақты тіркес

ғылым мен технология

экспрессивті сөздер

2-тапсырма. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды сәйкестендіріңіз. [2]

Қазіргі жағдайға ой жүгіртсек, физика, химия, астрономия, медицина, т.б. ғылым салалары уақыт озған сайын адам баласының игілігі үшін түрлі жетістіктерін алға тартуда.

Негізгі ақпарат

Басқа келер қатерді ғылым-білімнен немесе ғылым-біліммен қаруланған дүниеден іздеу бос әурешілік, нағыз қатер надандықта, санасыздықта және жауапкершіліктен жалтарған табансыздықта.

Қосымша ақпарат

4-тапсырма. Қойылған тыныс белгілерді түріне қарай ажыратыңыз. [2]

Нағыз ғылым дегеніміз – ғалам мен ондағы құбылыстардың астарына үңіліп, шынайы мәнін ұғыну және оның арқасындағы Ұлы Құдіреттің мұратын сезіну.

а) Сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілер.

ә) Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілер.

б) Тыныс белгілері - жазуға тән шартты белгілер.

Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Білім алушы

Балл

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін біледі.

1

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін табады.

Мәтіннің сипатына сай тілдік құралдарды мысалдарымен сәйкестендіреді.

  • термин сөздер
  • тұрақты тіркес
  • экспрессивті сөздер

1

1

1

1

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады;

Мәтіннен негізгі ақпаратты табады;

Мәтіннен қосымша ақпаратты табады

1

1

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратады.

2

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып толықтырады.

Мәтіндегі тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіреді.

1

1

Барлығы

8

«Туризм: экотуризм» бөлімі

бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты

ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні _______________________________________________________________________________________

Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін біледі.

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратуда қиналады.

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін ажыратуда қиналады.

қателеседі.

Мәтіннің жанрлық ерекшелігін біледі.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табуда қиналады.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табуда қиналады.

Мәтіннен негізгі және қосымша ақпаратты табады.

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратады.

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратуда қиналады.

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратуда қателеседі.

Тыныс белгілерінің түрлері мен қызметін ажыратады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
---



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу