География | Дүниежүзілік мұхит

Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы - 361 млн км,Мұхит суының басты қасиеті-температурасы мен тұздылығы.Терендеген сайын суының
температурасы төмендей түседі: 3000-4000 м,аралығында +2°-0°.
Дүниежүзілік мұхит суының құрамы: суда еритін тұздар, газдар, органикалык және ерімейтін т.б. заттар.1 литр мұхит суындағы тұздың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Ол промилле арқылы өлшенеді.
Мұхит суының орташа тұздылығы-35 0/о.Дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық. Қызыл теңізде, 41"/ю.Мұхит суынын беткі температурасы полюстерге қарай төмендей түседі.Дүниежүзілік мұхит мұздықтары бір жылдық, көп жылдык, қалкыма (айсберг)
больш бөлінеді.
Мұхит пен материк арасындагы өзара байланыс - муссондар болып табылады.Мұхиттың белгілі бір бөліктерін ашып жатқан зор көлемді суды - су массалары деп атайды. Су массалары: экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық болып бөлінеді. Мұхит пен материк арасындағы жылу мен ылғал айналасында беткі ағыстар пайда болады.
Мұхиттык ағыстар: Солтүстік пассат ағысы, Гольфетрим,-Солтүстік Атлант ағысы, Канар суық ағысы. Бразилия ағысы, Батыс желдер ағысы, Бенгал ағысы.....
Рефераттар
Толық

География | Тектоникалық көлдер

Қазакстанның кең-байтақ аумағында көлдер көп. Мұңда ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көл бар. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) - көлемі 1 км2-ден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы дерлік - ағынсыз тұйық көлдер.
Көбінің суы тұзды, соңдықтан тұңба тұзды болады, олардан тұз өндіріледі. Қазақстанда ауданы 100 км2-ден астам 21 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр. Қазақстан көлдері аумақ бойынша біркелкі тарамаған. Климаттық жағдайларға байланысты көлдердің саны солтүстіктен оңтүстіке қарай кемиді. Мысалы, Солтүсгік Қазақстанда 21580 көл бар (еліміздегі көддің 45%-ы). Ал Орталық және Оңтүстік Қазақстан аумағында 17550 көл (36%) кездеседі. Алып жатқан ауданы жағынаы солтүстік көлдерінің үлесі бүкіл көлдердің 35%-ын, ал орталық және оңтүстік көлдершің үлесі 10%-ын кұрайды.....
Рефераттар
Толық

География | МЕМЛЕКЕТТІК ҚОРҒАЛЖЫН ҚОРЫҒЫ

Қасиетті қазақ жерін жаяу аралап шыққан кез келген адамның төрткүл дүниені түгел шарлағандай әсер алатыны ақиқат. Ата-бабамыз ұрпағына ұлағат еткен осы аяулы атамекенімізде Жер-анаға тән қандай да жағрапиялық ерекшелік, қандай да ауа райы климатының құбылысы жоқ десеңізші!
Жер ұйығы – Жетісудың, ақбас шың Алатаудың, асқақ Алтайдың, шежірелі Маңғыстаудың, қазыналы Қаратаудың, қарағайлы Қарқаралының, кербез сұлу Көкшетаудың, бағаналы Баянауылдың баламасыз тамаша табиғаты тәжірибелі жаһанкездердің өзін де таңдай қаға тамсандырып келеді, таңдандыра бермек.
Соның бірі – Солтүстік жар¬тышарда сақталған самалды Са¬рыарқаның салиқалы жа¬зы¬ғындағы қоғалы көл, қоқиқаз¬дардың құт мекені – Қор¬ғал¬жын қорығы. Бүгінде Ақмола облысының Қорғалжын, Егін¬дікөл, Қарағанды облысының Нұра аудандарының аумағында орналасқан бұл мемлекеттік қо-рықтың көлемі 258963 гектарды құрап отыр. Оның 197919 гек¬тарын су айдыны алып жатыр. ....
Рефераттар
Толық

География | Латын Америка елдері

Америка-Батыс жарты шардағы екі құрлықтан тұратын дүние бөлігі. Атлант және Тынық мұхиттары аралығында жалпы аудан 42,5 млн км², Халқы 479 млн (1967) жылы. Оның құрамына Солтүстік Америка мен Оңтүстік Америка құрлықтары, дүние жүзіндегі аса ірі арал- Герландия т.б жағалауға жақын аралдар кіреді. Солтүстік Америка мен Оңтүстік Американың бір-бірінен бөлек және дербес құрлықтар деп санауға негіз болады. Олар бір-бірінен Панама мойнағы аралығы және Вент-Индия аралдары Орталық Америкаға жатады.
Солтүстік Американың солтүстік-шығыс жағалауын мен Гренландия аралын алғаш рет 900 жылы шамасында нормандар ашты. Антиль аралын және Оңтүстік Американың солтүстік жағалауының бір бөлігін, Солтүстік Американың Кариб теңізі жағалауының оңтүстік бөлігін 1492-1503 жылы Христофор Колумб ашты (бұл жерлер Америка жағалауларына Христофор Колумбтың экспедициясы келуінен көп бұрын да белгілі еді деген жарамалдары бар). Бұл дүниенің жаңа бөлігі И талия ....
Рефераттар
Толық

География | ЖЕР-СУ АТТАРЫ

Қазақ даласының жер-су аттарын тарихтың хаты деп жүрміз. Осы атаулар негізінен әр замандарда орын алған елеулі тарихи оқиғаларға немесе жеке тұлғаларға байланысты шыққан. Ал, кейбір атаулар табиғи жағдайларды баяндайды.
Мысалы, Арыс, Асы өзендерінің аты б.д.д. мыңдаған жылдар бұрын мекендеген Арыс және Асы сақтарының тайпалық аттарына байланысты екенін жоғарыда айттық. Б. д. д. 178 жылы Дәу би жерленген жер Дәубаба аталды. Б. д. д. заманның соңында өмір сүрген Шақпақ әулие (Үйсіннің 12 ұрпағы) мекендеген жер Шақпақ ата болды. Шамамен 576 - 604 жылдары Қараша хан мекендеген Алматының шығыс жағындағы Ақтау, Қараш таулары - Үш Қараш деп аталып кетті. ....
Рефераттар
Толық

География | Жергілікті жердің гидронимі

Топонимика – географиялық атаулардың шығу тегін, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Қазақстан жерінде түрлі топонимдер бар. Ұлан-байтақ территорияны алып жатқан,табиғаттың сан қилы өлкеміздің жер-суына ерте замандардан бері сан алуан атаулар қойылып, олар түрлі өзгерістерге ұшырап отырған. ....
Рефераттар
Толық

География | Жер табиғи ресурс ретінде

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған XXI ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер обьектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр. ....
Рефераттар
Толық

География | ЖЕР АСТЫ СУЛАРЫНЫҢ ТАБИҒИ РЕЖИМДЕРІ

Әсер етуші факторларға байлапысты жер асты суларының табиғи режимдері климаттық, ғидрологиялық, жер астының үстеме ағысты және кешенді режимдерге бөлінеді.
Климаттық режимдер. Климаттық факторлар ықпалынан грунт суларының теңбе-теңдігі, яғни қоректену мен шығын арасындағы қатынас өзгереді (қоректену шығыннан асып түскенде грунт суларының деңгейі жоғарылайды, шығын қоректенуден асып туссе, су деңгейі төмендейді, ал қоректену мен шығын тең болса, су теңбе-теңдігінде ауытқулар болмайды). Режимнің бұл типімен сипатталатын грунт сулары атмосфералық жауын-шашынның есесінен қоректенеді. ....
Рефераттар
Толық

География | Жер асты суларының пайда болуы

Жер асты суларының пайда болуын бірінші болып талаптанғандар көне грек философтары- Платон мен Аристотель. Платон жер асты сулары теңіздің тұзды суларының есесінен түзіледі деп болжады. Оның топшылауынша тау жыныстарының қуыстарын бойлай қозғалған теңіз суы өзінің тұзынан арылып тазарады да жер бетіне тұщы бұлақтар түрінде шығады. Аристотель жер асты суларының тау жыныстарының қуыстарындағы суық ауаның қоюлануы нәтижесінде пайда болады деп санады.

Римдік Марк Витрувий Полий жер асты сулары жаңбыр мен қар суларының топыраққа сіңуі есесінен түзіледі деп болжады. Кейінірек жер асты сулары су буларының аса үлкен тереңдікте қоюлануынан немесе жер бетіндегі сулардың тау жыныстарына сіңіп төмен қозғалуынан пайда болғандығы жөніндегі түсініктер басымырақ айтылып жүрді. 1902 жылы австралиялық геолог Э. Зюсс жер суларының магмалық жолмен жаралғаны жөніндегі теорияны ұсынды.....
Рефераттар
Толық

География | Жер қойнауы және оның байлықтары

Күнді айналып жүрген 9 планетаның біреуі Жер - барлық адамдардың «үйі» болып саналады және солай болып қала бермек.
Әуелде салқын және борпылдақ жер қойнауындағы заттар бірнеше миллиөн атмосфераға жететін салмақтан жаншылып, бірте-бірте нығыздалып және ондағы радиоактивті элементтерден бөлінген жылудан қызып, біртіндеп үлкейіп осы күнгі қалыпқа келді.
Жер қойнауы қызуына байланысты ондағы заттар балқып, бір-бірімен араласып, қүрамы мен үлес салмағы аздар «қалқып» жоғары қабатқа көтеріліп, үлес салмағы ауырлап төмен түсіп орта қабатқа жиналған.
Сөйтіп жер шарының ортасында радиусы 3500 км шамасында ете тығыз орасан зор жердің ядросы (өзегі) пайда болған. Оның салмағы жер шарының 34 процентін құрайды. Ядроны айнала қоршап жатқан, радиусы 2900 км. шамасындағы қабаты Мантия деп атайды. Ғалымдардың болжауы бойынша мантия крем-ний, темір және магний тотықтарынан тұрады. Жер шарының сыртқы қабатының жер қыртысы (литосфера) деп аталады. Оның радиусы 15-18 км-ден 80 км дейін болады. Жердің осы қабаты адамдар пайдаланып жүрген барлық минералды байлықтар сақталған «қойма» болып есептеледі. ....
Рефераттар
Толық