Дінтану | Бахаи сенiмi

Келедi деп Баб болжаған Бахаулла, яғни “Құдай даңқы” деген лауазымды қабылдаған Мырза Хұсеин Әли – мемлекет министiрi қызметiн атқарған Мырза Аббастың үлкен ұлы едi. Ол Парсының астанасы –Тегеранда, 1817 жылы 12 қарашада таң алдында дүниеге келдi.Ол еқашан мектептiң табалдырығын аттаған емес, үйде ғана аздаған бiлiм алды. Бiрақ ол сәби кезiнен бастап асқан зеректiк танытты. Ол бозбала шағына жеткенде әкесi қайтыс болып, iнi қарындастарына қамқорлық Бахаулланың иығына түстi.
Ерекше қабiлеттерi Оның шектен тыс тәкәппарлығын оятпады. Ол кiшiпейiл әрi қайырымды болатын. Оның талғамы да қарапайым болатын. Ол табиғатты, құстарды, ағаштарды, гүлдердi,аңдарды жақсы көретiн және уақытын сарайдан гөрi қаланың сыртында өткiзгендi қалайтын.Ол ақшаға қызыққан емес, кедейлер мен жарлыларға жұмсайтын сол кездiң дәстүрi бойынша Ол ерте үйленген едi. Оның әйелi де бай отбасынан болатын, бiрақ оның талғамы да қарапайым едi. Өздерiнен гөрi өмiрде әлдеқайда нашар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар тұрып жатқандардың үлестерiн жеңiлдету үшiн олар бiрiгiп жұмыс iстедi. Олардың үйлерiнiң есiгi әрқашан тамақ iздеген, баспана мен көмек сұрағандарға ашық болатын. Оларды “Кедейлердiң Әкесi мен Шешесi” деп атады. Бахаулланың әкесi қайтыс болғаннан кейiн, оған оның сарайындағы орнын ұсынды, дегенмен Ол болса бас тартты.
1844 жылдың жазында, Баб өзiнiң мiндетiн жария еткеннен үш ай өткен соң, Молла Хұсейiн Бабтыңүндеулерi бар шиыршықталған бұлама қағазды Тегеранға әкелдi және оның Бахаулланың қолына түсуiн қадағалады. Бахаулла шиыршықталған бұлама қағазды оқығаннан соң, Бабты мойындап және Оның iзбасары болды. Сол кезде Бахаулла жиырма жетi жаста едi. Бахаулла Бабпен ешқашан кездескен емес, бiрақ, онымен әрдайым хат алысып тұрды, бар жанымен оның iлiмiн қолдап және оны таратуға ұмтылды. Нәтижесiнде, Ол көпшiлiк әлi жөндi бiлмеген қозғалыстың қатарында болып шықты, мұның мүддесi болса мұның өз тобының мүдделерiне қарама-қарсы едi.....
Рефераттар
Толық