Тарих | Иран Ислам Республикасы

Иран Ислам Республикасы – Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы – Тегеран қаласы (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн), Исфаһан (1 млн), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі – парсы тілі. Мемлекеттік діні – ислам дінінің шиит тармағы. Ислам – діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады және Министрлер Кабинетін басқарады. Жоғарғы заң шығарушы орган – бір палаталы парламент – ислам кеңесі жиналысы (меджлис) 4 жыл сайын сайланып отыратын 270 депутаттан тұрады. 1981 жылғы конституциясы бойынша, елде саяси және діни емес ұйымдарға тыйым салынған. Ұлттық мейрамы 11 ақпан – Революция күні (1979). Ұлттық ақша бірлігі – риал. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Орыс шаруалардың Қазақстанға қоныс аудару

Осындай жағдайда Ресей үкіметі, біріншіден, ішкі губерниялардағы әлеуметтік тоқуларды әлсірету және жер мәселесін өзінше шешу үшін орыс шаруаларын шығыс аудандарға қоныс аудартуға ұйғарды.
Екіншіден, шаруалардың бір бөлігін ұлттық аудандарға көшіре отырып, патша үкіметі өзіне әлеуметтік тірек жасамақ болды.
Әуелгі кезде патша үкіметі қазақ өлкесін әскери, яғни казак – орыс отарлауымен шектелді. Ресейдің отарлық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту ХIX ғасырдың 60-жылдарының ортасында басталды. XIX ғасырдың 70-жылдарынан Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Сырдария, Торғай облыстарына орыс-украин шаруаларын қоныстандыру жаппай етек алды. Жетісу облысының губернаторы Г.А. Колпаковскийдің ұсынысына сай, 1868 жылы жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы жаңа ереже қабылданды. 1883 жылға дейін күшін сақтаған бұл құжатқа сәйкес жан басына 30 десятина мөлшерде жер берілді, бірқатар басқа да жеңілдіктер қарастырылды. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Ирак бюджет жүйесі және оның даму болашағы

Мемлекеттік бюджет жаңа қоғамдық қатынастарда және жаңа экономикалық қатарды құруда маңызды роль атқарады. Ол жас мемлекеттің тек өмір сүруінің материалдық негізі ғана бола қоймай, сонымен қатар қоғамдық өндірітің пропорциясының өзгерісіне және оның масштабының ұлғаюына ықпалын тигізеді. Мемлекеттің ұлғаймалы өндіріс процесіне тікелей араласу формаларының бірі, ол мемлекеттік бюджеттің инвестициялық шығыны. Мемлекеттік бюджеттің көмегімен мемлекет меншік структурасының өзгеруіне себеп болда алады. (Ирак мемлекетінде меншік: жеке және мемле-кеттік меншік түрінде көрсетіледі)
Әлеуметтік және мәдени салаларда мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда, денсаулық сақтауда, ғылым және мәдениет, еңбек етуші қауымның өмір сүру деігейін жоғарлату қызметінде мемле-кеттік бюджет маңызды роль атқарады ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Ипотекалық несие түсінігі

Ипотека дегеніміз б.з.д. І-ІІ ғ. Рим шекарасында белгілі болған. «Ипотека» термин ретінде б.з.д. VІ ғ. Пайда болды. Ипотека грек тілінен аударғанда кепілдік деген мағына береді.
Қазақстанда ипотекалық несиелеу меншік туралы Кеңес Үкіметінің заңы қабылданғаннан кейін мүмкін бола бастады. Шын мәнінде алғашқы ипотекалық несиелеу тұрғын үй құрылыс мемлекеттік бағдарламасымен 1994-1995 жылы жүзеге асырыла бастады. Ал бүгінгі таңда коммерциялық банктердің дәстүрлі – базалық қызметі – экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Көптеген елдерде ипотекалық несиелендірудің халықты тұрғын үймен қамтамасыз етудегі ролі баршаға белгілі. Шағын болса да тұрақты табысы бар халық топтары үшін тұрғын үй сатып алуға жағдайлар жасаумен қоймай, ипотекалық несие құрылыс саласына инвестициялар тартуға мүмкіндік беріп, қор рыногының жаңа сегменті - ипотекалық құнды қағаздар рыногының әрекет етуіне септігін тигізді. Осының барлығы тақырыптың өзектілігін, зерттеу объектісін және мәнін, сондай-ақ оның мақсаттары мен міндеттерін таңдауға негіз болды. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Информация және есептеу машиналары

Ерте кезден бастап-ақ адам баласы есептеулерді оңайлату үшін өзіне көмекші әр түрлі құрылғылар құрастырған. Біздің эрамызға дейінгі V ғасырдың өзінде-ақ гректер мен мысырлықтар абақты — орыс есеп шотына ұқсас құрылғыны пайдаланған.
XVII ғ. 40-жылдарында адамзат тарихындағы ең ірі ғалымдардын бірі математик, физик, философ және дін зерттеушісі Блез Паскаль сандарды қосатын механикалық құрылғыны ойлап тауып, жасап шығарды.
Савдарды қосып қана қоймай, оларды көбейте алатын механикалық құрылғыны XVII ғ. аягыңда екінші бір ұлы математик және философ Готфрид Вильгельм Лейбниц ойлап шығарды. Лейбництің еңбектерінде сөздермен және басқа ұғымдармен амалдар орындай алатын механикалық құрылғы туралы да сөз болған. ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Информатика-бастауыш сыныпатардағы оқу-пәні ретінде және оның оқып үйренудің технологиясының жалпы мәселелері

Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта инфоорматиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Зерттеудің объектісі: бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие процесі.
Зерттеудің пәні: информатиканы бастауыш сыныпта оқытуда компьютерді пайдалану барысы.
Зерттеудің міндеттері:
- зерттеу тақырыбына информатика арнайы әдебиеттерді шолу жасау, талдау;
- компьютердің оқыту үрдісінде пайдаланудың ролі мен орнын анықтау;
- бастауыш сыныпта информатиканы оқытуда компьютерді пайдалану арқылы оқытудың тиімділігін арттыру.

Кез-келген педагогикалық жаңалықтар, соның ішінде оқыту ақпараттық технологиялары, бұрынғы тұрақталған әдістермен (тәсілдермен) салыстырғанда артықшылықтарын көрсетіп немесе олардың кейбір кемшіліктерін түзей алса, онда ақпараттық технологияның өмір сүруге және кең таратылуға мүмкіндігі болғаны.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Информатика курсында білімді моделдеу.

Бастапқыда модель деп анықталған жағдайда объектіні алмастыратын қандай да бір көмекші объект аталған. Сондықтан табиғат заңдарының әмбебаптығы, модельдеудің жалпылығы және біздің білімдерімізді модель түрінде бейнелеудің мүмкіндіктері сәйкессіз болды. Ұзақ уақыттар бойына «модель» түсінігі арнайы типтегі материалдық объектілерге ғана, мысалы манекен (адам денесінің моделі), плотинаның кішірейтілген гидродинамикалық моделі, кемелер мен самолеттердің, жануарлардың модельдері ретінде қалыптасты ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Информатика ғылымы

Информатика - ЕЭМ арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру, тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа ғылыми пән. Информатиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді пайдалану мүмкіңдіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында инфармацияны кеңінен қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ-дер күнбе-күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми-техникалық прогреске айналып отыр. Сонымен қатар информацияны өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделіленіп барады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Инфляцияның мәні және факторлары

Инфляция (лат «желбуаз»), ақшаның құнсыздануы-ақша айналысы арналарының тауар айналымы қасиеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Инфляцияның экономикалық жэне әлеуметтік зардаптары сан алуан. Инфляция қарқынының артуына қарай өндірістің дамуына нақты кедергі жасайды, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеленісті ұшықтырыды. Инфляция өндірісті қожыратып, елеулі экономикалық зиян келтіреді, экономикалық саясаттың жүргізілуін қиындатады.
Курстық жұмысымды 3 бөлімге бөлдім. Бірінші бөлімде инфляцияның мәнін, себептерін түрлерін қарастырдым, яғни инфляция теориясына коңіл аудардым.
Екінші бөлімде, инфляцияның экономикалық, әлеуметтік салдары, альтернативті көздері, тежеу шаралары мен әдістері, жұмыссыздық деңгейінің түсуі баға мен жалақы өсіміне әкеледі деген қорытындыға келген филлипс қисығы туралы қарастырдым.
Соңғы бөлімде, инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат туралы, инфляцияның Қазақстандағы ерекшеліктеріне анықтама беріп, мысалдарымен түсіндірдім.....
Рефераттар
Толық

Экономика | Инфляцияға қарсы саясат

Инфляцияның әлеуметтік және экономикалық зардаптары оған шалдыққан елдердің үкіметін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етті. Алдымен экономистер ең басты сұраққа жауап іздейді. Инфляцияны төтенше шаралар қолдану арқылы жою керек пе, әлде оған бейімделу керек пе? Бұл дилемма әр елде өзінше, сол елдің ерекшеліктеріне сәйкес шешіледі. Мысалы АҚШ-та, Англияда инфляцияға қарсы күрес мемлекет деңгейіндегі мәселе. Басқа бір елдер бейімделу шараларын қарастырады.
Инфляцияға қарсы саясатты талдауда оның екі бағытын көрсеткен жөн. Бірінші бағыт белсенді бюджеттік саясатты жақтайды, мемлекеттік шығыстар мен салықтарды икемді пайдаланып, төлеу қабілеті бар сұранысқа ықпал жасайды.....
Рефераттар
Толық