Арманым көп ту қылып қойған алға мың

Мен Тәуелсіз Қазақстан азаматы болғанымды мақтан тұтамын.Тарихымызды парақтап қарасақ ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолында қар жамылып,мұз жастанып,ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен ұрпақ үшін,ел үшін еліміз бен жерімізді қан қырғын жаугешілік заманында қалай қорғағанына тәнті боламыз.Қаншама жылдар бойы тәуелсіздікті аңсап,арманда кеткен ата-бабаларымыз көре алмаған тәуелсіздік мына біздің еншімізге бұйырып отыр.Тәуелсіздік деген не?Біз, қәзіргі балалар,осы тәуелсіздіктің қәдірін қалай бағалаймыз?осы жайлы ойланып көрейікші.Тәуелсіздік өз-өзінен оңай келе салдыма?әрине олай емес!басқа мемлекеттермен салыстырып қарайықшы.Небір мемлекеттерде бір үзім нанға зар болып,оқу дегеннің не екенін білмейтін де балалар бар екенін ұмытпайық.Ал біз ше? Біздің еліміз-Тәуелсіз Қазақстан.Батыстан шығысқа қарай, сонау Каспийдің жағалауынан Алтайдың баурайына дейін созылып жатқан кең байтақ жерімізде емін-еркін, алаңсыз өмір сүріп жатырмыз.Қәзіргі ел басқарып отырған мемлекет қызметкерлері,бізге тәлім-тәрбие беріп,барлық жағдайымызды жасапотырған ата-аналарымыз,жаңа технологиялық құралдар арқылы саналы тәрбие мен сапалы білім беріп отырған аяулы ұстаздарымыз біздің болашағымыздан зор үміт күтіп отыр.

Олай болса,осындай Көк Байрағы биікте желбіреген еліміздің еңсесін түсірмей,барлық мемлекеттермен бәсекеге лайық болатын еліміздің ертеңі болу-біздің парызымыз.С.Торайғыров атамыз кезінде:»Алдыма толған мақсат,толған таңдау,Алайын анасын ба,мынасын ба?» деп толғағандай, менде болашағым жайлы көп ойланып, көп толғанып отырамын.Арманым көп ту қылып қойған алға мың. . .Кім болсақ та,қандай мамандық иесі болсақ та елімізге қызмет ету біздің қолымызда....
Эсселер
Толық

Әлемді дүр сілкіндірген концерт

“Астана-арена” стадионында Димаштың“Бастау” атты концерті өтті. Бұл мәлімет бүкіл әлемге тарап кетті. Жан-жақтан түрлі туристтер әншімізді көруге келді.

Қытайда өткен “Мен әншімін” байқауының жүлдегері Димашты қолдауға қытайлық Терри Лин, “Евровидение-2012” байқауының жеңімпазы Лорин, ресейлік Кристина Орбакайте, Қазақстандық майра Мұхамедқызы сынды әншілерден бөлек “Алау”, “Кешью”, “Бастау”және т.б топтар келді.

Өнердегі әріптестерінен соң сахнаға концерттің басты кейіпкері-Димаш шыққанда, оған көрсетілген құрмет-қошемет ерекше болды. Жарқ-жұрқ еткен шамдар, бишілер тобымен ортада жарқырай көрінген ол қазақ, орыс, ағылшын, француз және қытай тілдеріндегі туындыларды кезек-кезек орындады. Бес бөлімнен тұрған шығармашылық кеш барысында дуэткеде кезек берілді, күй де күмбірледі. Жүз пайыз жанды дауыста өткен концертте, әрине, мемлекеттік тілдегі әндерге басымдық берілді. Концертте “Бұл менің көптен бергі арманым ғой”деген Димашқа келген көрермендірдін қатарында қытай,орыс, француз жастары да бар.

Олар кеш бойы ақ тілегі жазылған парақшаларды жоғары көтеріп жас талапқа өз риясыз көңілдерін білідірумен болды. Недеген жанкүйерлік махабат десеңіз ші!....
Эсселер
Толық

Бақыттың кілті

Кез келген адам: қарапайым малшы да, ұлағатты ұстаз да, ел басқарған əкім де, кішкентай бала да, еңкейген қария да бақытты өмір сүргенді қалайды. Бірақ əркім бақыт дегенді əр түрлі түсінеді. Біреу үшін бақыт жоғары қызмет болса, енді біреу үшін дүние-мүлік, асқан байлық болуы мүмкін. Тағы біреулер үшін бақыт - денінің саулығы, отбасы мүшелерінің амандығы, елінің тыныштығы.

Адамдар бақытты болғысы келеді: бір-біріне "баянды бақыт" тілейді, ғұмыр бойы бақытқа жету жолында ізденеді, тынымсыз еңбек етеді. Алайда əркім шынайы бақыттың қадірін сезіне біле ме?

Кейде шалқып-тасып өмір сүріп жатқан адамдарды көріп: "Не деген бақытты!"- деп, ауыр тұрмыстың зардабынан қиналғандықтан, дəулетті болсақ, қиыншылықтан құтылып, жақсы өмір сүріп кетеміз деген үмітпен қызығып қарайтын кездеріміз де болады. Денсаулығымыз сыр бере бастағанда, қол-аяғы бүтін, денсаулығы мықты адамдарды көріп: "бақыттың қадірін түсінсе екен", - деп ойлаймыз. Биік белестерді бағындырып, жетістікке жеткен, ел құрметіне бөленген жандарды "қандай бақытты" деп есептейміз. [justify][/justify]....
Эсселер
Толық

Жастар жылына орай-жастарға қолдау көрсету-болашақтың іргетасын қалау

Жастар жылы - болашақтың оты жалындауға себеп болған жыл.ҚР әрбір азаматы бұл жылды естен шығармайды.Себебі елдің ел болуына септігін тигізген Н.Ә.Назарбаев мұндай үлкен реформа жасау арқылы елдегі барлық айбынды жастардың рухын жігерлетіп,қолдау көрсете білді.

Жастардың бойында талант пен талап үлкен еді.Тәуелсіздіктің туын биікке тігіп берген ата-бабаның еңбегінен кейін, кезек жастарда.Болашаққа үлкен сеніммен қараған кешегі айбындылардың үмітін ақтау міндет.Алайда,еш дүниеге адам өз бетінше,еш қолдаусыз жетуі мүмкін емес."Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген қазағымның асыл сөзін ұстанған тұңғыш президент елдің болашағын жасаушыларға "Серпін" бағдарламасы бойынша гранттар бөліп,көптеген ұйымдармен бірлесе отырып,жастарға жұмыс ұсыну мақсатында "Жас кәсіпкер" бағдарламасын жүзеге асырды.Оған қоса жастарды баспаналы етуді де ұмытпаған екен.Мұның бәрі білімді,талапты жастардың ел болашағында-үлкен орынға ие бола алуы үшін жасалды.

Жастарды қолдап,біліктіліктерін арттырған -бұл қоғам үшін жеңіс.Алайда,өскелең ұрпақ,қазіргі жастар бойынан ұлтшылдықты байқауымыз керек. Осы тұста Н.Ә.Назарбаев:"жастардың бойында әлеуметтік жауапкершілік, қоршаған ортаны аялау сезімін қалыптастыру негізгі міндет. Әсіресе, үлкенге құрмет, кішіге ізет білдірудің,мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін дарытудың маңызы зор.Ата-бабамыздан қалған салтымыз бар:кішілер үлкенді сыйлайды,ерлер әйелді сыйлайды.Батысқа еліктейміз демократ боламыз деп бәрін ұмытып кетуге болмайды"деген екен.....
Эсселер
Толық

Әбіш Кекілбаев поэзиясының философиясы

Прозасын оқысаң тарихтың қойнауына кіріп кеткендей боласың, поэзиясын оқысаң өзіңнің ішкі дүниеңмен сырласқандай боласың. Әдебиеттің екі жүгін жығып алмай тең көтеріп, замана көшіне ілестіре білу кез келгеннің қолынан келе бермейтін дүние деп білемін. Бұл тек қана қазақтың Әбішіне тән қасиет болар. Абыз жазушы Әбіш Кекілбаевтың өзі бұл туралы былай деп түйіндейді: “Адамдар мен халықтардың арасындағы жарастыққа қызмет ету – менің сурет­керлік те, азаматтық та парызым.» Сөзінің растығын «Жер - ананың мен сүйікті перзенті...» өлеңімен дәлелдейтіндей.

Жер - ананың мен сүйікті перзенті,
Осалсың деп айта алады маған кім?!

Менің ізім - жердің бүкіл келбеті,
Ажарымын дүниенің, адамымын!

Өкпелетіп көрген емес жер мені,
Жер - ананы өкпелетем неден мен.
Өз қолымнан салынған бар өрнегі,
Жыртығын да жамаймын өз денеммен!.....
Шығармалар
Толық

Мен таңдаған мамандық

Мамандықты дұрыс таңдау - өмір жолының сәттілігінің негізі.
Э. Ф. Зеер

Мамандық - әрбір адамның сүйіп жасайтын кәсібі. Мамандық таңдау өміріңдегі ең маңызды шешімді қабылдау. Өмірде басқа нәрседен қателессек те мамандық таңдаудан қателеспеуіміз керек. Себебі мамандық таңдау арқылы біз өз болашағымызды жасаймыз. Болашағымыздың жарқын, келешегіміздің кемел болуы біздің таңдауымызға байланысты. Мамандықты дұрыс таңдау өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Менің ойымша әрбір адам өз жүрегі қалайтын, қызығушылығын арттыратын мамандықты таңдау керек. Өзің сүйіп жасамайтын мамандықты таңдау-өмірдің қиыншылығын таңдағанмен тең. Жасөспірім шақтан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған жас шағымыздағы ең үлкен міндет-мамандық таңдау.

Мен таңдаған мамандық-әр баланың болашағына жол сілтеп, бойына ақыл мен білім дарытатын, қаратаудың қойнауындай тереңде жатқан кенді ашып, білім мен ғылым жемісінің дәмін таттыратын Ұстаз мамандығы. Ұлағатты ұстаз болу, жас ұрпақты білім нәрімен сусындату, өз білгенімді өзгеге үйрету ол менің жүрек қалауым. Ел қорғаған батырды, ақыл ойы терең данышпанда, он саусағынан өнер тамған шебер де, тілінен бал тамған ақында ұстаздан тәрбие алады. Мен де Қазақстанды дамытатын ақылына көркі сай ертеңгі елді болашағы болатын жас мамандарды даярлап шығарып, оларға білім бергім келеді. ......
Эсселер
Толық

Үй керек

Үй – адамның басты баспанасы. Адамзат баласы жұмыр жер бетіндегі тіршілік атаулының биігі – адам болып жаралып, таспен тасты үйкеп от жаққаннан, қайла ұстап қайратын жұмсағаннан бері үй жасауға құмар. Бұл құмарлық ыстық пен суықтан, түрлі сыртқы күштерден қорғануға деген биологиялық, қала берсе, қарапайым тұрмыстық қажеттіліктен келіп шықты. Есте жоқ ескі заманда баспана үңгірден басталып, кейін ұра, одан беріректе лашық, жаппа, киіз үй болып жалғасып, келесі сатыда іргетасы қаланып, керегесі көтерілетін қазіргі тұраққа келіп табан тіреді.

Қазақ тілінде «үй» сөзі «шаңырақ», «отбасы», «түтін», «үй іші», «отау» және «баспана», «қоныс», «тұрақ», «жай», «там», «пана» деген сөздерге синоним ретінде қолданылады. Алғашқы синонимдік қатардағы ұйытқы сөздің «отбасы» екеніне қарап қазақ атамыз материалдық құндылықтардың бәрін отбасы құндылығының алдына әкеп басын идіріп, соған қызмет көрсеткізіп, қажетіне жаратқанын аңғарамыз.

Үй әрбір адамға керек. Өң мен түсі түрлі-түрлі, ниеті мен пейілі әр қилы адамзат баласының бір бөлігі басқа түскенге баспақшыл деп немесе тағдырына наласын жаудырып тулақтай болса да тұрақ-жайға жете алмай зар, бір бөлігі барына қанағат етушілер, қалғаны баспанасы бар болу деген бақытты баяғыда-ақ ұмытып кеткендер. Тіпті кейде жылдар бойы жабық тұрған үйлерінің кілтін қайда қойғанын әлдеқашан есінен шығарып алғандар «кілтсіздерді» де кездестіреміз.......
Эсселер
Толық

Менің алғашқы ұстазым

Өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі.
Мағжан Жұмабаев

«Ұстаздық - ұлы құрмет». Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-алғашқы ұстаз. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Менің алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезімде, өз мейірімділігін көрсетіп, ең алғаш қолыма қалам ұстатты. Біздің білім алатын ұямыз- мектеп екенін түсіндіріп,мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатты. Енді оқушы болдыңдар дегенде өзімді ерекше сезіндім.

Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Нәзира Мұратжанқызы анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Нәзира апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.......

Эсселер
Толық

Менің сүйікті ертегі кейіпкерім

Ғалам жайлы ғажап сырлар шертеді-
Ертегіні тәуір көрем мен тегі...
Жүрсін Ерман

Адамның қиялдан, ойдан шығарған барлық көне дүниелері мифтер, аңыздар және ертегілер болып үшке бөлінеді. «Ертегі» деген ат ертеде, ерте күндегі деген сөздерден туған. Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті, жеңіл келеді. Ертегі –жақсылық пен жамандықты жеңіп,соңы жақсылықпен аяқталатын ойдан шығарылған хикая.Ертегілер - тұнып тұрған қиял-ғажайыптар, жануарлар адамша сөйлеседі, батырлар жау әскерімен ғана емес, айдаһарлармен, жын-перілермен және басқа да халық қиялынан туындаған жалмауыз - құбыжықтармен шайқасады. Ертегілер бізді жалқау болмауға, үлкенді сыйлауға, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйретеді.

Қазақ ертегілері сан алуан, оларды хайуанаттар туралы ертегілер, қиял – ғажайып ертегілер, тұрмыс - салтқа байланысты ертегілер, батырлық ертегілер, күлдіргі ертегілер деп бірнеше топқа бөлуге болады.......
Эсселер
Толық

Аманат

Дүние есігін ашқалы бері біз тәуелсіз елдің ауасымен тыныс алып келеміз. Кіндік қанымыз тамған жердің қандай ыстық, әрі жақын екенін өсе келе көз жеткіздік. Отан амандығы-ел тәуелсіздігінің таңы бір дәлелі.

Көптеген адамдар тәуелсіздіктің қасіретпен келгендігін біле бермейді. Яғни, қазақ елінде болған жағдайы сезіне алмай, ұмытып жатады. Ал ата-бабамыздың сан жылдардан бері армандарын мақсатқа айналдырып жан аямай күрескен батырларымызды қалай ұмытпақшымыз? Олардың болашаққа деген сенімінің арқасында мәңгі ұмытылмас бақытты жеңіп берді. Біз үшін құрбан болғандардың ерлігі естен шығармау керек деп қорытынды шығаруға болады.

Ал енді біз жаңа заман келбетінің әдемілігін өз көзімізбен көре аламыз. Жарқыраған күнді, көк аспанды,көз тартардай керемет табиғатты, көңілді адамдарды күн өткен сайын көру қандай бақыт. Ата-бабамыздың берген бақытын жәй ала қоймай оны аманат ретінде қарастырып, қайтадан жоғалтудан аулақ болу міндетіміз деп санаймын. Осылайша біз тарихымызға көз жүгіртіп өз аманатымыз бар екенін еске түсіріп отырсақ міндетті түрде әлем картасынан ойып тұрып орын алатынай дәрежеге жетіміз. Қазіргі заманда айнала қарасақ, бақытты аманатқа ие миллиондаған адмадар жүреді, және әрқайсынын бір-біріне ұқсамайтын елге тигізер үлестері көп-ақ. Әрюбір өз елін көркейтуге байланысты міндетін атқарып жүр деген сеніммен, тәуелсіз елімізді мәңгілік дәрежеге көтереміз. Ел дамуына барша халыққа жәрдемші тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың сөзіне қосылмасқа болмайды. Шыныменде "қазыр бой жарыстарын емес ой жарыстыратын заман". Мысалы осы күнге дейін әлі де аты өшпеген ұлы- ақын жазушаларымыздың өмірбаянын оқысақ олардың қолдарынан ешқашанда кітап түспеген, ерте кезден сауаттарын ашып, оқудан жалықпаған деп жазылады.......
Эсселер
Толық