Жұмбақтар жауабымен: От пен жарық (2)

Қарынды, баста қылған, аяғы үш,
Зат бір, пошымдары не түрлі-түсті,
Қарнына таяқ тығып піспектесең,
Ысқырып күрілдейді қайнайды күш.
Осындай түсі суық мақұлық бар,
Ойланып ақылдылар жұмбағым шеш.
Примус

Көмір шайнап,
Темір құсады.
Домна пеші

Бір ұяда топтасқан,
Түртіп қалсаң, от шашқан.
Шырпы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, жетіген, сырнай, скрипка)

Салдырдым екі жорға жалтыр мұзға,
Он жігіт қызмет қылып жалғыз қызға.
Күніне жалғыз бекет жерді аралап,
Он жігіт тынығады әрең сонда.
Домбыра

Қояды әркім оны бұрап-бұрап.
Бар екен маңдайында жалғыз көзі,
Болады тоқсан түрлі айтқан сөзі.
Домбыра

Басы бар денесі жоқ, бойы бір кез,
Табарсың болсаң зерек осыны тез.
Қозғалсаң қос құлағын тігіп алып,
Тамаша әр тараптан айтады сөз.
Домбыра
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Байлық, баршылық, тоқтық, кедейлік

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.
Мақал-мәтелдер
Толық

Бесік жасау технологиясы

Сабақтың тақырыбы: Бесік жасау технологиясы
Пәні: Ұлттық өнер

Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Жас ұрпақты ежелден келе жатқан қолөнер түрлерін оқып үйренуге баулу арқылы олардың өзіндігінен үйреніп, жұмыс істеуіне, шеберлік деңгейін арттырып, ынта-ықыласын молайуға, әсемдік пен сұлулықты көріп бағалаййй білуге үйрету.
Тәрбие сағаттар
Толық

Сәкен Сейфуллин (Нұра)

Сағынып, Нұра, мен келдім,
Бұрынғы иең — байғұстың.
Айрылған сенен көп елдің
Жатырсың көрмей қайғысын.
Мекен болдың бір уақыт
Көшіп жүрген қазаққа.
Айырылып сенен....
Өлеңдер
Толық

Бизнес жоспар (план): Ашық аспан астында ОҚО кинотеатр ашу

МАЗМҰНЫ
Кестелер тізімі
Суреттер тізімі
ТҮЙІНДЕМЕ



1.Жобаның концепциясы
2.Қызметтің сипаты
3.Өндіріс бағдарламасы
4.Маркетингтік жоспар
4.1. Ресейлік автокинотеатр нарығының сипаты
4.2. Қазақстандық автокинотеатр нарығының сипаты
4.3.Бағаның қалыптасуы
4.4.Маркетинг....
Бизнес жоспар (план)
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Мамандықтар (шаштараз, аспаз, агроном, мұнайшы, журналист, футболшы)

Екі шекпен күмбірлеп,
Көңіл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбірлеп,
Желпіндіріп отырады.
Күйші

Отан үшін жан беріп,
Жоғалтқанмен ол атын.
Жүрегі бар мәңгілік,
Халықпен бірге соғатын.
Белгісіз солдат

Құрып қойып өрмегін,
Ұршықтарын ойнатып.
Сәнді мата өрнегін,
Жасайтын кім жайнатып?
Тоқымашы
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Әдеби жұмбақтар

Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!
Сәлемдесу

Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.
Өлең

Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.
Ана сүті
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Бір сіріңкені жылжытсаң теңдеу дұрыс болады.
Жұмбақтар жауабымен: Сіріңке суретімен

Жауабы:


Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.


Жауабы:


Бір сіріңкені жылжытсаң жауабы дұрыс болады.


Жауабы:

Жұмбақтар жауабымен

Новость отредактировал: ZHARAR - 25.12.2019

Толық