Байғұлан

Ертеде бір батыр болған екен. Оның байлығы тоғыз-тоғыздан айналып жатқан құла шұбар жылқысы болса керек. Бұл байдың үш баласы болыпты. Екеуі – ер, біреуі – қыз. Ең үлкен баласының аты – Байғұлан өзі ер, әрі сал болса керек. Мұның барлық істейтін кәсібі – ертеден кешке шейін аң аулау. Сөйтіп жүргенде, әкесі қайтыс болып, қалған дүниесі ер баласының қолына қарайды. Бұдан кейін Байғұлан өзіне елінен таңдап жүріп бір әйел алады. Байғұлан бұрын төртеу болса, енді бес жан болады. Тағы да бұрынғы қалпында аң аулап жүре береді. Аңнан келген сайын, өзімен бірге туысқан......
Ертегілер
Толық

Ақылсыз берілген жаза

Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Оның әйелі болыпты, бір қарындасы болыпты. Міне, осы бай байлықпен бір дәуір бойы өмір сүріп тұрады. Сөйтіп жүргенде әйелі мен қарындасы өштесіп ұрыса беріпті. Әйелі күйеуіне арыз түсіргенді де қоймапты. Оны бай тыңдамай жүре береді.
Күндерде бір күн бай ұзақ жерге бір шаһарға жиынға кетеді. Осы сапардан ол бай оралып үйіне келер қарсаңында, әйелі үй ішіндегі бар дүниесін жыртып, сайманын сындырып, үйдің ортасына үйіп қойыпты......
Ертегілер
Толық

Науша хан

Науша хан өзінің хан болып тұрған уақытында барлық елін жинап алып сұрапты:

— Менің қол астымда қандай батыр бар? Кімнің қандай көргені бар? – деп сұрайды. Сонда сол көптің ішінен біреу түрегеліп айтады:

— Менің бір көргенім бар еді, ұлықсат етсеңіз мен айтайын, – дейді.

...Ол өзі жалғыз жолаушы болып келе жатып, түн ішінде жол бойындағы жалғыз ақ үйге келеді. Үй айналасы толған ат, үстері толған қару екен. О да келіп, атын байлап есіктен қараса, маңдайында құлағы, көздері бар, мойындары бір кез толған адам екен. Содан кейін ол кіруге қорқып, кейін барып жатуға да қорқып, атын қасына алып отырады.......
Ертегілер
Толық

Балғабек Қыдырбекұлы | Үйшінің әңгімесі


— Оған міне елу жыл болып барады,— деп бастады Тоқсанбай қарт әңгімесін.— Кедейліктің кесірі не істеткізбеуші еді. Үй жонатын өнерім болатын. Содан төмен үй жасауға Ілеге түскен кезім бар-ды.

Осы Алатаудың бауырынан он түйемен төрт-бес кісі үй жонуға аттандық. Қоңыр күз болып, ағаштың жапырағы түсе бастаған кез. Алатау маңында қазақ үй жонуға қолайлы ешкітал өспейді. Мұндай тал осыдан үш-төрт жүз километр жердегі Топардың Ілеге құйған жерінде. Онда сыңсыған орман, қорыс. Біздің мақсатымыз осы көп ағаштың кеніне кіріп, он шақты күннің ішінде он үй жонып алып қайтпақпыз. Онда қазақ үйдің сүйегі бір қара тұратын. Ал бес кедейге он түйені жалға берген байға сегіз қанат екі үйдің сүйегін тегін жонып жеткізіп беруге міндеттіміз. Амал нешік көлігіміздің жоқтығынан екі атан түйеміз байға босқа кетеді.

Арада далаға екі күн түнеген соң жердің түрі өзгере бастады. Ит шайнаған орамалдай қалың қоңыр қырқа біртіндеп азайып барып жоқ болды. Енді бірыңғай боз жусан өскен жазық дала. Елсіз далада жаз күнінде шырылдап тыным таппайтын бозторғайлар мүлде жоқ, күз түсуімен олар түстік жаққа ауысып кетсе керек. Қыс келетінін уәйімдеп аспанда көз жетер-жетпесте ұзын мойын тырналар тырулап қайтып барады. Алыстағы төңкеріліп жазылып ұшқан тырналарды көріп бала күнімізде айтатын «арқан тарт, кілем жап, ақсақ қызға сәлем айт» дейтін өлең есіме түсті. Қоңыр күздің мизам ұшқан бозша даласында анда-санда дала құсы — бұлдырық көрінеді. Басқа күс та, аң да көзге түсе қоймайды. .....
Әңгімелер
Толық

Астана

Астана əсем қаласың
Көркейіп жылда барасың
Бауырына тарта бер
Қазақтың əр баласын

Еліміздің Астана мақтанысың
Өзіне мейрімі елдің....
Өлеңдер
Толық

Тоқсаба мен тоғыз жасар бала

Аққойлы би Тоқсаба деген кісі жолаушылап келе жатып, бір ауылдың сыртында қозы баққан жас балаға жолығып:

– Балам, бұл қозы кімдікі? – депті.

– Ата, қозы қойдікі,– депті бала.

– Әкеңнің аты жоқ па еді? – депті Тоқсаба.

– Әкемнің қара, торы, құла аты да бар, – депті бала.......
Ертегілер
Толық

Биология | Көбеюі және дамуы Сүтқоректілердің көптүрлілігі

Сабақтың тақырыбы: Көбеюі және дамуы. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.
Сабақтың мақсаты: Сүтқоректілердің көбеюі мен дамуы, сүтқоректілердің отрядтарының ерекшеліктері жайлы мағлұмат беру.
Сабақтың міндеттері:1.Сүтқоректілер жайлы білімдерін толықтыру
2.Ойлау, салыстыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
3.Сүтқоректілердің отрядтарын сипаттай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Көрнекіліктер:презентация «Сүтқоректілердің көптүрлілігі», Венн диаграммасы, кестелер, сызба, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі .....
Рефераттар
Толық