Қазақ тілі | Қазақстандағы тіл саясатының мәселелері

КІРІСПЕ
Орталықтандырылған КСРО мемлекеті ыдырап, ұлттық қажеттілікке қарай, демократиялық негізде тәуелсіз мемлекеттер құрылды. Бұл орныққан жаңа әлуметтік- саяси ақуал қоғамның да, оның азаматтарының да санасына айтарлықтай сілкініс туғызды. Дүниеге халықпен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Шын мәнінде тәуелсіз елдің тілі де тәуелсіз дамуы тиіс. Сондықтан тәуелсіздік алған көптеген елдер бұрынғы кіріптарлықтан, ұлттық кемушіліктен құтылу үшін өз ұлтының тіліне мемлекеттік мәртебе беріп, сол арқылы ұлттық сананы, өзіндік мемлекеттік сәйкестікті қалыптастыруға ұмтылуда. Дегенмен бұл көп ұлтты болып Республикаларда бір күлер үшін қуаныш сезімін тудырса, енді біреулері үшін салмақты қауіп-қатер әкелетіндей көрініп, тілдік өмірді шиеленістіреді. Бұл алдымен мемлекеттік тіл ретінде жарияланған байырғы тілінің өз мәртебесіне лайық қызмет атқаруына айтарлықтай кедергілер жасауда. Мұның себебі біріншіден, "мемлекеттік тіл" ұғымының дағдылы түрде қалыптаспағанына байланысты болса, екіншіден, оның өз мәнінде ұғын-дырмалуынан, үшіншіден, оны жариялаған Конституция Тіл туралы заңдар-ының құжаттарға сәйкестенбеушілігінен болып отыр.
Еліміздегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметі, жалпы алғанда баршаға аян. Оның қызметі Қазақстанның әр түкпірінде әр түрлі екені тағы да белгілі. Алайда мемлекеттік тілдің қай жерде қай салада қандай дәрежеде екені ешкімге аян емес. Кейбір басқару органдары мамандарына белгілі болуы мүмкін, бірақ оны тілдік жоспарлауда жергілікті тіл ерекшеліктерін нақты ескере бермейді. Республика бойынша сол белгіленген шаралар нақты фактілерге негізделмей жалпылама сөзге құрылады, ал бұл тілдердің жер-жерде тиісті дәрежеде дамуын қамтамасыз етпейді.
Қазақстандағы тілдердің, әсіресе, мемлекеттік тілдің дамуының бір себебі осы. Міне осы жағдайда не істеу керек? Тіл саясатының жергілікті жердегі жүзеге асуы жайы зерттелуі шарт, содан сол бойы нақты іс-шара белгіленіп, оны қоғамға енгізу қажет және оның орындалуын бақылау қажет.
Қазақ тілін мемлекеттік тіл деп жариялаумен іс бітпейді. Тіл дамыту аса күрделі іс. Алғашқы сөз тілге мемлекеттік мәртебе беру себебінен басталуы тиіс. Негізінен әлуметтік тәжірибеде тілге мемлекеттік мәртебе екі жағдайда беріледі. Біріншіден, тілдің қоғамдық қызметі шектеулі болғанда, оның мәселесін шешіп, екіншісі – басым тілдің артықшылығын сақтау үшін бері-леді. Қазақ тіліне келетін болсақ, оған мемлекеттік мәртебе дағдарыстан шығу үшін берілді. Алайда тіл туралы заң қабылданғалы он жеті жылдан астам уақыт өтті. Сол кездегі туған бала бүгінде қыз-келіншекке қырындайтын жағдайға жетіп, мұрты тебендеген балаға айналды. Сол жылы шаңырақ көтергендер үш-төрт сәбилі болып, балаларының алды мектеп бітірді. Сол жылы жігіттің жасы жиырма бестер шамасында болса, ендігі қырықтың қырқасынан асып, бір отбасының ұйытқысы, ақылшысына, тірегіне айналып отыр. Ал қазақ тілі ше? Байлардың құлындай мемлекеттік кеңселердің есігінен сығалау бақыты ғана бұйырып тұр. Отбасы, ошақ қасы-нан басқалардың ешқайсысы қазақ тілін менсінбейді. Сондықтан қазір тіл тағдырына алаңдаушылық аса маңызды қоғамдық – саяси құбылысқа айна-лып отыр.
Сондықтан қазақ тілін республиканың мемлекеттік тіл мәртебесінде қоғам өміріне орнықтыру және ары қарай дамыту – мемлекеттік стратегия.
Тілдің мемлекеттік мәртебесі нақты жүзеге асуы үшін үкімет тарапынан билікті басқару қажет, басқару билікті білу үшін жергілікті тілдің жағдайын білмей болмайды. Бұл әсіресе жер аумағының көлемі бойынша әлемде алғашқы ондыққа енетін санатындағы Қазақстан үшін социолингвистикалық зерттеу жүргізілуі шарт, ал тіл құрылысы тізгінін отырған басшылар ондай социлингвистикалық ұсыныстарға зәру. Демек, қазақ тілінің елімізде мемлекеттік мәртбеге лайық қызмет атқаруы үшін алдымен оның қоғамдағы нақты жағдайын анықтап, сол жағдайды жөндейтін жолдарды іздестіру қажет.
Әлемдік тәжірибеде белгілі болғандай, тілдік қоғамның қызметін дамы-тудың дұрыс жолын анықтайтын – әлеуметтанушы (социолингвист), ал қол-данатын – үкімет. Диплом жұмысының өзектілігі міне, осындай әлеуметтік қажеттілікте.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Қазіргі қазақ повесть-әңгімелеріндегі лиризм

КІРІСПЕ
ХХ ғасыр соңы адам, қоғам санасына өзгерістер, берекесіздік әкелуімен ерекшеленеді. Қоғамдық құрылыстың өзгеруіне байланысты, бұрынғы сана мен бұрынғы идеалдар жойылып, жеке сана пайда болды. Осының нәтижесінде ХХ ғасыр плюрализмі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер қазіргі әдебиетте де көрініп, бір-біріне ұқсамайтын жазушылар шығармашылығы дүниеге келді. Бұрыннан жазып жүрген қаламгерлер мен әдебиетке жаңа келген жазушылар арасында түсініспеушілік пайда болды. Тіпті тұстас суреткерлер де бір-бірінің шығармашылығын түсінбейді. Өйткені әр жазушы өз шығармасында өз дүнетанымын бейнелейді, өз қабылдауын береді. Әдебиет – идеология құралы емес, жеке тұлғаның өз-өзін таныту құралына айналды.
Әрбір суреткер әдебиет арқылы өз бойындағы энергиясын шығаруға машықтанды. Көп жазушылар оқырман қабылдауымен санаспайды. Олар үшін тек субьективті дүниетанымын суреттеу ғана маңызды болды. Не болмаса, шығарма терең ойлы, ерекше саналы оқырманға лайықталады. Әдебиет қоғамдағы өзгерістерді жіті бақылап отыр, әйтсе де сол құбылыстарға ілесе алмай қалатын кездер де байқалады.
Әдебиеттануда көркемдік әдістер алмасуы әр кезеңде түрлі көзқарастар тұрғысынан көп рет талқыға түскен еді. Негізгі жетекші әдістер реализм мен романтизм деп, ал модернистік жүйе әдістері керітартпа, декаденттік әдістер ретінде түсіндіріліп келді. Тіпті, әлемдік әдебиет пен өнер тарихы «реалистік өнердің пайда болу, қалыптасу, даму және антиреалистік ағымдармен күрес тарихы» ретінде қарастырылды. Шын мәнінде шығармашылық әдіс суреткердің шындыққа қатысымен анықталатыны белгілі.
Әдебиет жазушы еңбегі арқылы жасалса, жанр да, кезі келгенде сөз суреткерлерінің ізденістерінен туады. Барлық жанрлар да өздерін қызықтырған нәрсені жалаң оқиғалар тізбегімен дәлелдей салмай, образ арқылы көрсетеді, бейнелейді, суреттейді. Суреттеу, дәлелдеу арқылы өздерін тебіренткен, толқытқан жайдың сырын ашып, жазушы жанрды идеялық ой жеткізуге тәсіл, амал есебінде пайдаланады.Қалаған жанрды таңдауға жазушы ерікті, ықтиярлы.
Көркем прозаға қатысты көрікті ой мен кешелі табиғатты толыққанды танып, көңіл көрігіне суара білетін сөз зергері жазар әлемін әдбен зерттеп, зерделеп, иін қандырып, илеуін пісірмей, тақырыбына тағдырын танып, табиғатын түгендемей, тәуекелге бармайды.Орнықсыз ой балалатып, орынсыз күшену, кейіпкерін тізелетіп тезге салу, жалған, жылтыр сөйлеу жазушыға жат.
«Кез келген жазушы психолог бола білуі керек. Ол кейіпкерлердің типтік характерін суреттеп қана қоймай, сол характердің бұлттартпай сендіретін психологиялық мотивировкасын көрсете білген жөн» /1,42/. Демек, әр жазушы үшін кейіпкер жанындағы психологиялық нәзік те сырлы әрі күрделі құбылыстарды аша отырып, характер логикасына сай келетін шешімдер табу басты мақсаттың бірі болуға тиіс, кейіпкердің характері сонда ғана жан – жақты ашылады. Қазіргі әңгіме, повесть, роман болсын олардың бір ерекшелігі кейіпкер саны аз болып келеді. Сондай – ақ, алдымен монологқа құрылады да диалогқа ұласады. (Бұл ойымызды алдағы мысалдарда дәлелдейміз). Терең психологизм дәлдігі, сенімділігі үшін монолог қандай қызмет атқарса, диалогтың да идеялық – көркемдік орны сондай үлкен.
Жалпы прозаның көркемдік сапасы, идеялық мазмны қоғамдық әлеуметтік мәні бар күрделі, қомақты шындықтарды көтеріп, соған байланысты философиялық тың ойлар түйіндеумен өлшеніп таразыланады.
Біз қарастырғалы отырған жазушылардың прозасында жекелеген адамдар тағдыры суреттелініп, бүкіл әлеуметтік өмірдің күнгейі мен көлеңкесіне, даму барысына, жалпы моральдық болмысына философиялық тұрғыда талдаулар жасалынады. Әрине, әлеуметтік шындықты көркемдік шындыққа айналдыруда жазушыға ең қажетті фактордың бірі – суреткерлік екеніне көз жеткіземіз.
Шындығында, көркемөнердің өзі адам көңіл-күйі, ой-қиялы мен қоғамдағы тарихи-әлеуметтік, эстетикалық алғышарттардың бірлігінен өрістегенін жадымызда ұстасақ, “ХІҮ ғасырдың аяғы мен ХҮ ғасырдың басында жазушылардың назарында адамның кейбір пихологиялық жағдайлары, сезімдері, сыртқы әлем құбылыстарына орай эмоционалдық үн қосу сәттері түсті. Бірақ, бұл сезімдер, адам жанының жекелеген шақтары характер болып тұтаспайды”, - деген Д.С.Лихачев тұжырымына ден қою дұрыс. Демек, лиризм мен психологизмнің де негізгі көзі – авторлық экспрессияның идеялық-көркемдік генезисі тереңде жатыр. Бүкіл факторлардың айшықты поэтикалық жүйесі ақын-жыраулардың оттты пафосқа құрылған романтикалық поэзиясы және заманның асқақ идеяларын барынша шынайы әрі мол оптимизм, нақты гуманизммен бейнелеу талаптарынан туған жаңа әдебиеттің лейтмотивіне лирика нақыштары жат элемент болып табылмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Мұхтар Шаханов поэзиясы

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Әдебиеттіміздің тарихындағы әр ғасыр, әр белес өзінің үдемелі өрбуімен көзге түседі. Соның үшін өткен ғасырдың екінші жартысынан ерекше көзге түскен әдеби құбылыстың бір ақынын ғана сөз етудің өзі үлкен мәселе. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарынан поэзиямыздағы қызуы күшті жалын болып келген ақынымыз Мұхтар Шаханов екендігінде дау жоқ. Өзінің бойындағы талантымен, айбынды поэзия үнімен қазақ өлеңіне тың жаңалықтар ақын есімімен байланысты келді.
ХХ ғасырдың соңының өзі саналуан оқиғаларға толы болды. Тәуелсіздік үшін күрестің күшейе түсуі, экологиялық апат зардаптарының алабұртуы халық өмірінде ерен із қалдырған жәйттер еді. Ақын М.Шаханов өзі көріп куәсі болған халқымыздың өміріндегі оқиғалардың бәрінің қасында, басында болғысы келген жаратылыс бітімі өзгеше азамат. Оның өлеңдері желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын айқындап берген жалынды поэзия болды. Ұлт рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады. Ол – адам рухына қатысты сөз айтушы жағы Қазақ тілі - ұлт тілі туралы бірде шырқырай түсіп, бірде лапылдап жанып тіл мәртебесін көздеп жүрген азамат та, ақын да – М.Шаханов. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев биылғы жылғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында: «Біз қазақ халқының санғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз», - [1] деп аршындап дамып келе жатқан мемлекетіміздің рухани құндылықтарына ерекше көңіл аударды.
Ақын қай мәселені сөз етсе де әріден бастап, халық өмірінің бүгініне шебер ұштасады. Оның өлеңдеріндегі бастау алар қайнары саналатын достық пен махаббат мәселелері де шынайылық танытады.
Ақын қоғам қайраткері М.Шаханов поэзиясының қайнар көздерін саралай түсу жұмыстың өзектілігі болып табылады.
Зерттелу деңгейі. Қазақ топырағында туған әдебиет бүгінде өсу, өркендеу үстінде. Оның поэзиясына салмақты үлес қосып келе жатқандардың бірі - ақын М.Шаханов. ол әрі мәжіліс депутаты, қоғам қайраткері.
Ақын өлеңдерін сараптау, сұрыптау және монографиялық тұрғыда зерттелмесе де, баспасөзде соңғы жылдары әсіресе, қаламгердің 60 жылдық мерей-тойынан бері үздіксіз сөз болып келеді.
Көптеген әдебиетші ғалымдар М.Шаханов шығармашылығының ауқымды тақырыптары мен өзгеге ұқсамайтын ақындық арыны туралы үзік сырларды айтып та, жазып та жүр. Ғарифолла Есім, Тұманбай Молдағалиев, Жүрсін Ермандардың ақын шығармашылығына арналған мақалаларында Мұхтардың қазіргі күнгі әдебиетіміздегі алатын орны, шығармаларындағы көтерген мәселелерінің көркемдік көкжиектеріне оңды баға берілді. Сондай-ақ Шаханов шығармашылығы шетелдің әдебиет сүйер қауымының да көңілін өзіне аударды. Біз жұмысымызда, баспасөзде жарияланған материалдарға назар тастай алатын ақынның «Ғасырларды безбендеу», «Жаңа қазақтар», «Эверестке шығу», «Компьютербасты жарты адамдар», «Бөдене таланттар мен Қажымұқандар» жинақтары және жеке жарияланған өлңдерін пайдаланып, тақырып аясында өз пікірімізді баяндап, тұжырым жасауға әрекет еттік.
Мақсаты мен міндеттері. М.Шаханов поэзиясы көп салалы саналуан тақырыпты қамтиды. Әрбір тақырыпты жырлауға оның түп-төркініне үңіліп, содан бастау алып, бүгінгі күннің тіршілігін терең танымдық тыныспен сипаттайды. Солардың қатарынан бөле жарып өзімізге мыналай мақсат қойдық:
- ақынның әдеби ортаға ену кезеңін белгілеу;
- ұлттық рухты биіктете түскен шығармаларын талдау;
- туған тілімізді қызғаштай қорыған өлеңдерінің идеялық мәнін ашу;
- шынайы достықты жырлаған шығармаларының жалпы адамзаттық маңызын танытуы;
- махаббат жырларының оттылығы мен ойлылығын көрсету;
- ақынның көркемдік әлеміндегі ізденістерінің беттерін ашу.
Таңдап алынған ақынның өлең, поэмаларын көз алдымыздан өткізіп, ойымызды топшылап, алға қойған мақсаттарымызды орындауға міндеттендік.
Ғылыми жаңалығы. Жоғарыда келтергеніміздей, ақын М.Шаханов шығармашылығын зерттеу жұмыстары қазіргі күнде қолға алына бастады. Ақын шығармашылығының негіздеріндегі ұлттық рух мәселесін, ана тіліміздің бірегей жанашыр ақыны екендігін, поэзияда достық пен махаббатты өлеңдеріне өзек етіп алғандығын жан-жақты қарастыру Мұхтар Шаханов шығармашылығын зерттеуге қосылатын ғылыми жаңалық саналады.
Методологиялық негізі. Диплом жұмысында С.Қирабаев , З.Қабдолов, М. Базарбаев, Т.Кәкішев, Р.Бердібаев, Р.Нұрғалиев, Т. Рахымжановтардың еңбектеріндегі әдебиеттану ғылымы жөніндегі тұжырымдар басшылыққа алынды. М.Шахановтың жинақтарымен қатар М.Мақатаевтың, Т.Айбергеновтың, Қ.Мырзалиевтердің өлеңдер жинағы да дерек көздері ретінде қарастырылды. Жалпы қазіргі күнгі әдебиеттану ғылымынң кейбір жетістіктеріне сүйендік.
Жұмыстың кәдеге жарай мүмкіндігі.
Жұмыс тікелей ақын шығармаларын сұрыптау, сараптауға арналғандықтан жасалынған тұжырымдар әдебиеттен арнаулы курс ретінде оқуға жарайды. Қазіргі дәуір әдебиетінен лекция оқығанда толық пайдалануға болады. Әдебиеттану саласына арналған конференцияларда баяндама жасауға әбден лайық.
Диплом жұмысы кіріспе, екі тарау (ішкі екі бөлемдерден), қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Ұлттық рухтың жаңа биігі.
1.2 М.Шаханов – халқымыздың ұлттық қасиетін қастерлеуші ақын
Адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Төреқұлұлы: «Поэзия – рух пен сұлулық перзенті» - дейді. Үздіксіз ағатын өзен сияқты ұрпақтан-ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұласатын поэзия да мәңгілік.
Өзгесін айтпағанда «Тарлан» сыйлығынан тартып, «Нобель» атындағы алтын медальге дейінгі иеленген қайраткер, қаламгер Мұхтар Шаханов мәңгілік поэзияның ірі өкілі. Оның шығармашылығы халқының, ұлтының рухани кәусар бұлағының сусынымен қанығып, қазіргі күнде әлем мойындап отырған терең сезімді, философиялық жағымды шығармаларға толы ақынның бар шығармасына ортақ алтын өзек ─ отанын сүю, адалдық, ізгілік екендігін танып отырмыз.
Бүгінгі күні аңсап отырған, сусап отырған ұлттық идеология қалыптастыруда осындай дәуір дауылпазы дерлік, ақын жырларының ролі ерекше.
Біз әдебиетшілер ұлы орыс ақыны Некрасовтың «Ақын болу-өз еркің, азамат болу –міндетің» деген қанатты сөзге айналған екі жол өлеңін жақсы білеміз және осы жыр жолдарының кімдерге айна қатесіз тиісті екенін іздейміз де олардың бірі емес, бірегейі біздің жерлесіміз Отырарда туып, Төлебиде өскен М.Шаханов. Бірінің тарихы, бірінің табиғаты таң қалдырған өлкенің екеуіненде ақын М.Шаханов рухани азық ала білген. М.Шахановтың ақындығын азаматтығынан бөліп қарауға болмайды.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Абай өлеңдері мен қара сөздерінің өзге тілдердегі тәржімасы

Жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Жұмыстың әдістемесі: салыстырмалы талдау әдісі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті: Абай өлеңдері мен қара сөздерінің орыс және ағылшын тілдеріне аударылған шығармаларды зерттеп, зерделеу. Алға қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- ақынның қоғамдық, адамгершілік, әлеуметтік жағдай, өмір шындығы мен заман шындығын бейнелеудегі шығармашылық тұрғысы мен ұлттық ойлау даралығын тәржімеде берілу жолдары;
- ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің аудармаларының сапасын саралау;
- аудармадағы жетістіктер мен қателіктерді көрсету;
- түпнұсқа мәтінімен орысша және ағылшынша тәржімелерді қатар салыстыру.
Жұмыстың мазмұны: Абай өлеңдері мен қарасөздерінің және оның орыс, ағылшын тілдеріне аударылған шығармалар арасында ақын стилі мен өзіндік даралығы салыстырма талдау нәтижесінде бағаланды. Жұмыстың бірінші тарауы ақын поэзиясының өзге тілдерге тәржімелену ерекшеліктеріне арналған. Заман бейнесі мен сол заманның адамының бейнесін суреттейтін Абай өлеңдерін орыс және ағылшын тілдеріне аударылу сапасы туралы айтылады.
Жұмыстың екінші тарауы ақын Абайдың адамгершілік, өмір, дін, оқу, ғылым, өнер сияқты мәселелер жайында жазылған қарасөздерінің өзге тілдерге тәржімелену сипаты туралы айтылған. Аудармашылардың жеткен жетістіктері мен жіберген қателіктері мысалдар арқылы көрсетілген.
Ақынның шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында тәржімеде қазақ ұлтына тән сөздерге дұрыс балама табылмай, транслитирация әдісімен аударылған сөздер де кездеседі. Түпнұсқа мәтіні мен тәржіме мәтінінің арасында көркемдік, эстетикалық жағынан сәйкестігі тәржімеде сақталуы қажет. Осы бітіру жұмысымызда Абай шығармаларын өзге тілдерге аудару барысында ақын тіліндегі ұлттық бояуды, түпнұсқаның ойын, мән-мағынасын тәржімеде дәлдікті, нақтылықты сақтап беру қажеттілігі туралы айтылған.
Жұмыстың қорытындысы: Абай өлеңдері мен қарасөздерін өзге тілдерге көптеген аудармашылар тәржімелеген. Осы аудармашылардың ішінен К. Серікбаева мен Р. Сейсенбаевтың тәржімелері жақсы деңгейде шыққан деуге болады. Алайда, ол аудармашылардың тәржімелері Абай деңгейінде жасалмаған. Абайдың ақындық даралығын, стилін еш аудармашы жеткізе алмаған.

Кіріспе

Қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы 1845 жылы осы күнгі Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі), Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау болысы) Шыңғыс тауында дүниеге келген. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген руынан тарайды.
Абай әуелі ел ішіндегі дін мектебінде оқып, ауылдағы молдадан хат таниды. Он жасқа келгенде Семей қаласына келіп, оқуға түседі. Семейдегі алғашқы оқытқан молдасы - Ғабүлжаппар деген татар. Одан кейін Ахмет Риза медресесіне түседі. Абай осы медреседе үш жыл оқиды. Өзі тұстас үлкен-кіші балалардың барлығынан санағұрлым зейінді, ұғымтал және ерекше ықыласты болған. Дәрісте арабша кітапты молдасының бір оқып, бір-ақ рет түрікшеге аударып берген сөздерін кітапқа қарамай жатқа айтып шыға алатындай зерек болады. Дін сабақтарымен қатар, шығыстың ұлы классиктері Науаи, Физули, Саади, Хафиз, Шамси, Сайхали, шығармаларын оқып танысады. Оларды араб, парсы, шағатай, түрік тілдерінде оқыған. Соларға еліктеп бала ақын “Изузи Раушан”,“Физули, Шамси, Сайхали” өлеңдерін жазып, алғашқы ақындық жолын бастайды.
Ахмет Риза медресесінде оқып жүрген кезінде Абай Семейдегі Приходская школада үш ай орысша оқиды. Жасы он үшке келгенде, мұсылманша үш жыл, орысша үш ай оқумен Абайға ары қарай оқудың есігі жабылады. Әкесі Құнанбай Абайды оқудан шығарып алып, ел басқару жұмысына қосады. Әке еркімен ел ісіне жастай араласқан Абай тез есейіп, балалықтан ерте арылып, жастайынан ел ішіндегі әңгіме, сөз өнерін, билердің шешендік сөздерін бойына сіңіре береді. Кезі келгенде экспромотты өлең, қалжың сықақ, тіпті кейде ел жұмысына араласқан шешендердің өзін мүдіртіп кетуге тырысады.
Абай Құнанбайұлының жас кезіндегі алғаш өз жанынан суырып салып айтқан өлеңі - “Кім екен деп келіп ем түйе қуған” деп аталатын бір ауыз шумақтан тұрады. Оны ақын он жасында бір әйелге ауызша айтқан. 1864 жылы он тоғыз жасында “Әліп-би” өлеңін жазады. Мұнан кейінгі өлеңдерінің жазылу мерзімі 1870 жылдан басталады. 1884 жылдардан бергі өлеңдерінің жылдары үзілмейді. Әсіресе, көп жазған жылдары – 1886, 1889, 1895 жылдар. 1886 жылы 17 өлең, 1889 жылы 27 өлең (оның 8-ін орысшадан аударған), 1895 жылы 13 өлең жазған.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Асқар Сүлейменов шығармашылығы

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Әдебиетке XX ғасырдың екінші жартысында келген, "алпысыншы жылғылар" деп аталып жүрген әдеби буын төл әдебиетіміздегі елеулі құбылыс болып табылады. Оны зерттеп саралаудың маңызы зор дер едік. Бұл бағытта алғашқы қадамдар жасалып жатыр деуге болады. Оған дәлел ретіңде сол кезеңдегі әдеби процесс мәселелерін зерттеу нысанына айналдырған А.Ісімақова, Ө. Көзбеков, Қ. Әбдезұлы, С. Асылбекұлы т.б. зерттеу жұмыстарын айтып өтуге болады. Асқар Сүлейменов - XX ғасырдың екінші жартысыңдағы әдеби толқынға қатысты тұлға. Бұл толқынға жататын тұлғалар: І.Есенберлин, Ә.Нұршайықов, М.Мақатаев, Ш.Мұртаза, О.Сүлейменов, Ә.Кекілбай, М.Мағауин, М.Шаханов сынды суреткерлер. Мұндағы әрбір есімнің әдеби құбылысқа айналғаны - ешкім жоққа шығармас шындық. XX ғасырдың екінші жартысындағы әдеби кезеңнің төл перзенті болып табылар А.Сүлейменовтің шығармашылығын саралау - осы кезеңдегі әдеби процесті түсініп игеруге жол ашар іргелі қадам.
Осындай қажеттіліктен барып біз, А. Сүлейменов шығармашылығын зерттеу нысанына айналдырдық. Жұмыста негізінен жазушы шығармашылығындағы үш салаға көңіл бөлінеді. Олар: көркем проза, драматургия және сын. Осы үш сала бойынша жазушы шығармашылығының жанрлық ерекшеліктері сараланады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеті:
А.Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығын жан-жақты талдау, көркемдік қырларын ашу. Жазушы өз шығармашылығында қандай көркемдік ерекшеліктерге ден қойды. Олардың шығу түп төркінін анықтау – жұмыстың басты мақсат-міндеті.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты - жазушы А.Сүлейменов шығармашылығының көркемдік ізденіс қырларын ашып көрсетіп, идеялық-көркемдік тұрғыдан саралау.
Осы орайдағы зерттеу мақсатынан мынадай міңдеттер шоғыры келіп туындайды:
1. Жазушының шығармашылығына тұтас көркемдік талдау жасау.
2. Суреткер шығармашылығының даму кезеңдерін анықтау.
3. Тақырыптың бұған дейіші зерттелу деңгейін анықтау үшін жазушы шығармашылығы жайлы мәліметтерді жинақтап, саралау.
4. 60 жылдардағы әдеби ағым ауқымында А.Сүлейменов шығармашылығының ерекшелігін айқындай түсу.
5. Жазушы стилінің қалыптасуына әсер еткен әдеби зандылықтарды анықтау.
6. Жазушы Асқар Сүлейменов шығармашылығы көркемдік тұрғыдан тұтас нысанаға айналып отыр.
7. Шығармашылық кезеңдерге шолу, «Адасқақ», «Қара шал» әңгімелер циклы, «Шашылып түскен тіркестер», «Эписталярлық хаттары» атты философиялық ой-толғамдары көркемдік идеялық тұрғыдан сараланды.
Зерттеу әдісі:Аталған зерттеу жұмыстары «60-шы жылғылар», 90-шы жылдардағы әдеби процесс секілді әдеби құбылыстар кешенді түрде слыстыру әдісі пайдаланылды.
Ғылыми жаңалығы:Жазушы шығармашылығы жөнінде алпысыншы жылдардың өзінде байсалды пікір қалыптасты. А. Сүлейменов көркемдік танымы туралы түрлі көзқарастар сол жылдарда қалыптаса бастағандығы нақты деректер келтіру арқылы зерттелді.
Құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының тақырыбының өзектілігі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылган тұжырымдар, жұмыстың теориялық - практикалық маңызы айтылады.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Жүрсін Ерман поэзиясының көркемдік сипаты

КІРІСПЕ
Өнер мұраты – халықты бір-бірімен жақындастырып, рухани жағынан үндестіру. Оның ішінде, әдебиет – халықтың ой-санасын өсіріп, кемелдендіреді. Әдебиет халықтың рухани асыл қазынасы болғанымен, оны жасайтын халық ішінен шыққан дарын иелері.Сондықтан да жеке адамдар жасаған әдебиет туындыларын сандаған ұрпақ оқып,одан ұлағатты ой, өнеге-үлгі алады. Тәлімдік, тағлымдық тұстары мол. Поэзияның өнер мүлкі ретінде қыр сыры мол жанр. Сезімнен тыс поэзия болмайды. Оның ішінде лирика тікелей сезімдік туынды екені мәлім. Алайда, әр ақынның сол сезімді поэзияға өзек етуінде эстетикалық арсеналдары түрліше.
Ақын – қоғамдық тұлға. Ақынның әдебиеттен алатын орны ақынның өмір сүрген қоғамдық ортасымен, заманымен тығыз байланысты. Ақын шығармаларының құны өзі өмір сүрген замандағы қоғам мен өмір шындығын қаншалықты көрсете білді, қоғамға қаншалықты әсер ете алды, сонымен өлшенсе керек. Адам жанының тереңіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының басты ерекшелігі – ой мен сезімнің тең қабысып отыруы. Ал, нағыз лирик осы қос қасиетпен оқырман жүрегін сәулелендіріп отыруы тиіс. Бұл әрине, қалам ұстаған кез-келген қаламгердің қолынан келе бермейтін, тек сирек талант иесіне ғана бұйырар шығармашылық бақыт.
Бұл ретте әрине, аға буын өкілдері: Ә.Тәжібаев, Д. Әбілев, А. Тоқмағамбетов, М. Әлімбаев, Х. Ерғалиев, Ғ. Қайырбеков, С. Мәуленов, С. Сейітов, Т. Әбдірахманова, К. Салықов, Қ. Бекхожин, Қ. Шаңғытбаев, т.б. азаматтық-философиялық түйін-тұжырымдарға толы өлең-жырлары, О. Сүлейменов пен М. Шахановтың азаматтық мәселелерге батыл үн қосуы, сол секілді Т. Молдағалиев, С. Жиенбаев, Қ. Жұмағалиев, Ж. Нәжімеденов, С. Иманасов, Ө. Нұрғалиев, Қ. Мырза Әлі, М. Мақатаев, К. Мырзабеков, Ж. Әбдірашев, Ш. Сариев, Т. Медетбек, Ұ. Есдәулет, И. Сапарбай, И. Ғайып, С.Тұрғынбеков, Ж. Ерман, А. Егеубай, А. Әлім, С. Адай т.б. өмірі мен өнерге адалдық танытып, қазақ өлеңін дамыту ісінде қайсар мінез бен қаламгерлік қарымдылық көрсетуі көңіл қуантады.
Қазіргі қазақ поэзиясында өзіндік көзқарасы мен қолтаңбасы бар, ізденіс пен ізгілікке жаны құштар, жүрегі жырға, көңілі нұрға толы талантты ақындардың бірі – Жүрсін Ерман.
Қазақ әдебиеті тарихының күрделі дәуірлерінде XX ғасырдың 60-90 жылдарының алатын орны ерекше. Аталмыш кезеңде қоғамдағы сәл де болса “жылымықтың” нәтижесінде қаламгер санасында бастау алған сілкініс пен серпіліс қазақ романдарының дүниеге көптеп келуіне мүмкіндік берді. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясы дүниедегі аса құдіретті, күрделі жаратынды – Адамның жан әлеміне үңілумен, адам болмысына назар аударумен ерекшеленді.
“Аталған жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің ұлттық көркем өнердегі терең тамыры нәзік арқаудан нәр тарта дамуға талпынған бет-бағдары болатын. Бұл жылдар аралығындағы лирика шын мәнінде тасты жарып шығып гүл атқан қызғалдақтай көзге ыстық тартқаны рас” /1.106/. Шынында да осы жылдары поэзиямыздың жаңа дәуірі басталды. С. Жиенбаев, М. Мақатаев, Ф. Оңғарсынова, Ж. Нәжімеденов, Қ. Мырзалиев, К. Ахметова, О.Сүлейменов, Т.Молдағалиев, Т. Айбергенов т.б. өздерінің ақындық таланттары арқылы қазақ өлеңдеріне үлкен серпіліс, жаңа өрлеу кезеңін ала келді.
Өмірі мен өнерін өлең-ғұмырға сыйғызған ақынның көп жылдық шығармашылық еңбегінің әр алуан кезең еншісінен орнын ойып алып, әдебиет майданы күрескерлерінің қаламына ілігуінің өзі де заманға сай заңдылық. Осы жылдар поэзиясының ізін басып, өнердегі өзіндік мінезімен алдыңғы топтан көрінетін Ж. Ерман поэзиясы – біздің бүгінгі жұмысымыздың басты арқауы да. Бұл орайда «Ақын қуанса, шын қуанып, мұңайса, шын мұңаяды. Оның бір жырдан екінші бір жырға көшіп отыратыны лирикалық кейіпкерінің жан-дүниесіндегі толқыныстар ауыл, аймақ, керек десеңіз кейде ұлт пен ұлыс шекарасынан шығып, жалпы азаматтық толғаныстар кеңістігіне көтеріледі. Ол аспанмен тілдессе де, жермен сырласса да, бір қызығы, сені досыңмен сөйлестіргендей, тілдестіргендей ерекше бір халге бөлейді» деген Ш.Айтматовтың пікірінен біраз нәрсе аңғарылады /2,12/.
Абай әлеміне еркін еніп, оның өлең сөздегі дәстүр -өнегесін лайықты жалғастырған қазақ ақындары /Шәкәрім, Мағжан, Сұлтанмахмұт т.б./ көркемдік рухани мәселелерді ,адам мен оың еңбегін ,өмір тұрмысын терең толғады.Ұлттық поэзияның ұлы мұраттарын бар қырынан ашып, биік белестерге көтерген – С. Мұқанов, Ә.Тәжібаев, Т. Әбдірахманова, С. Мәуленов, Ғ. Қайырбеков, М. Әлімбай, М. Айтхожина, Ф. Оңғарсынова, А. Бақтыгереева, Н. Оразалин, О.Сүлейменов, Қ. Мырза Әлі, Қ. Бұғыбаева, М. Шаханов, Т. Медетбек, Ө. Нұрғалиев, С. Иманасов, Р. Ниязбек, Ж. Әбдірашев, К. Мырзабеков, А. Егеубаев, Ж. Жақыпбаев, Ұ. Есдәулетов, Е. Раушанов, И. Ғайып, Т. Оразбаева, Б. Серікбаев, Г. Салықбаева, Т. Әбдікәкімов, Н. Мәукенлы, т.б. ізденіс-еңбектері, көзқарас эволюцияары, кеше-бүгін мәселесін жырлаудағы амал-тәсілдері қалың көптің көңілінен шығып, рухани нәр сыйлады. Аталған ақындар шоғырының бел ортасында өлең -өнердің өз өкілі – осы буын жасаған поэзияны жалғастырып, өзіндік даралығымен келген ақынның бірі – Жүрсін Ерман.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Күләш Ахметованың лирикасы

Кіріспе
Әдебиеттің тегі бейнелеу тәсілінің үш түріне қарай жіктелетіні әдебиет теориясынан белгілі. Бірі – автордың өз атынан баяндау (лирикалық түр), екіншісі – кейіпкердің толғанысы (лирикалық түр), үшіншісі – кейіпкерге өзара қақтығысып сөйлесу (драмалық түр).Әдебиетте қалыптасқан қанша жанр болса, соның барлығының атқаратын қызметі – өмір шындығын әр қырынан танытып, көркем шындықтың суретін салуға септігін тигізу. Осы жағынан алып қарағанда, әр жанрдың, әрине, өзге ұтымды жақтары бар.Көркем әдебиеттің негізгі саласының, жанрының бірі – лирика. Лирикада ой мен сезім бірлесіп, терең қабысады. Оған тартымды күш-қуат дарытатын терең оймен суарылған, нәрленген жалынды сезім әсерсіз, құрғақ қағида-тұжырымдар арқылы берілсе, оқырманды тебірентпейді. Өмір, дүние, адам тағдыры туралы үлкен толғаныстан тумаған жай сезімшілдік лириканы жандандыра алмайды. Лириканың басқа жанрлардан айырмашылығы да, өзіндік артықшылығы да бар. Академик Зәки Ахметов «Лирикалық шығармада негізінен алғанда жеке адамның көңіл-күйі, сезімі суреттеледі. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан-дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді»/1.216/.
Адам жанының тереңдігіне бойлай білуді қажет ететін лирика жанрының өзіндік ерекшеліктері, оның өзге жанрлардан айырмашылығы орыс әдебиеттануында кеңінен зерттелеген. Атап айтқанда, Л.Гинзбургтің «О лирике», М.Гринбергтің «Лирическая поэзия», «Три грани лирики». Ал Михайловтың «Лирика сердца и разума», М.Поспеловтың «Лирика среди литературных родов», В.Бузниктің «Лирика и время», Л.Г.Фризманның «Жизнь лирического жанра», Полкиннің «Лирика как искусство стихотворного слова», т.б. еңбектерінде лирика мәселесі кеңінен сөз болса, қазақ әдебиеттануында да осы жанр төңірегінде жазылған көптеген ғылыми кітап, монография, мақалалар да баршылық. А.Байтұрсыновтың «Ақ жолынан» бастап, Ж.Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы», Қ.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары», Қ.Жұмалиевтің «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі», Е.Ысмайловтың «Ақындар», М.Қаратаевтың «Шеберлік шыңына», М.Дүйсеновтың «Қазақ лирикасындағы тақырып пен көркемдік шешім», М.Базарбаевтың «Көрікті ойдан көркем сөз», З.Қабдоловтың «Сөз өнері», С.Қирабаевтың «Әдебиет және дәуір талабы», З.Ахметовтың «Өлең сөздің теориясы», Б.Кәрібаеваның «Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы», Қ.Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік», т.б. көптеген еңбектерде қазақ поэзиясы, лирикасы жүйелі түрде талданып, зерттелініп келеді.
Қазақ поэзиясындағы сапалық күрт өрлеу, жедел кемелдену, негізінен 60-жылдардан басталады. Поэтикалық даму шексіздігінің әр тұсынан бір толқын көтерген қуатты жарылыстар мен дүмпулер кезеңі боп тұратыны белгілі, 60-шы жылдар феномені де сол тектес бір «қопарылыс» мезеті еді. Оның тарихи себептері саяси, әлеуметтік-психологиялық дәйекті негіздері бар. Бұл өзі социалистік Құрылыс ауқымындағы демократияның сәл де болса кеңейе түскен, И.Эренбург «Жылымық» (оттепель) деп ат қойған кезеңде, жеке адамға, оның жан дүниесі мен рухани ділгірлігіне тереңдей үңілуге шақырған уақыт талабына, қоғамдық сана-сезімнің өрлеуіне тұспа-тұс келген, сонымен тікелей байланысты құбылыс болатын. Жеке бастың қадірі туралы концепцияның қайта жандануы лириканың да кібіртігін жазып, тұсауын шешті. Лирика кенет шешіліп, өз тілімен сөйлей бастады. Дүниеге кәдімгі ет пен сүйектен жаратылған жанның болмысынан сәулеленген поэзия келді. Лирикалық кейіпкер арқылы адам жанының тереңі, қасиет-қуаты пердесіз көрініс тапты. Қазақ поэзиясындағы осы жаңа дәуір О.Сүлейменов, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, С.Жиенбаев, М.Мақатаев, Ф.Оңғарсынова, Ж.Нәжімеденов, Т.Айбергенов, К.Ахметова т.б. есімдермен тығыз байланысты /2.63/.....
Дипломдық жұмыстар
Толық

Руxани жаңғыру бағдарламасы

Рухани жаңғыру – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыруда өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру дәлел». Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанатты таласқан озық ескерткіштеріміз, мәдени мұраларымыз бұртартпас айғақ болып табылады. Елбасымыз рухани жаңғырудың бірнеше принциптерін ұсынды: Бәсекелестік....
Шығармалар
Толық

Аяқ терлеудің ең оңай емі

Жазда, күзде, кез келген уақытта аяқтың терлеуі қояр емес. Қандай ем қолдансаңда әсері жоқ, міне енді оның ең оңай тәсілін ұсынамын: Дәріханадан фурацилин деген дәріні алсаңыз жетеді. Әсірін көрген сәтте таң қаласыз. Айтсам сенуге қыйналасыз бірақ бұл рас, бар болғаны бір қолданғаннан терлеуі азаяды немесе мүлдем жоқ болып кетеді, ал жаман иісі болса одан да құтыласыз! ......
Кеңестер
Толық

Достарым

Достарым менің достарым
бармысың бәрің армысың,
бала кезден бірге өскен
сыныптас менің достарым.

Тоқсан төрттін көктемінен
Ақшәулінің....
Өлеңдер
Толық