Өлең: Достарым

Өлең: Достарым казакша Өлең: Достарым на казахском языке

Достарым менің достарым
бармысың бәрің армысың,
бала кезден бірге өскен
сыныптас менің достарым.

Тоқсан төрттін көктемінен
Ақшәулінің мектебінен,
түлек болып ұштық біздер
орта білім мектебінен.

Жетпіс жеті түлектері
алып ұшты жүректері,
оқу оқып қала кезіп
оқтай ұшып үміттері.

Әр баланың мамандығы
жоқ қой кәсіп жамандығы,
нетсек тірлік қылып жүрміз
Алла берсе амандығы.

Ақшәулі мен Қарабұлақ
аралары жақын бірақ,
бір ауылдай болып кеткен
балалары ұйымшыл ақ.

Міне бүгін ертенде
өтіп жатыр өмірде,
алтын менің достарым
аман болшы бұл күнде.

Мынау қалған өмірде
сыр қалмасын көңілде,
кездесейік достарым
шаттық думан көңілде!!!

Ерік Еренғазыұлы
13.09.2018.ж.




KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, достар туралы олендер, достар туралы өлеңдер, дос туралы өлең, дос туралы олен, Ерік Еренғазыұлы өлеңдері, ерик еренгазыулы олендери казакша, достар туралы олендер достар туралы өлеңдер дос туралы өлең дос туралы олен Ерік Еренғазыұлы өлеңдері ерик еренгазыулы олендери казакша, Өлең: Достарым қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке