Күндердің бір күні Жылан жер жүзіндегі жанды мен жансыздарға мынадай арыз айтады:
— Мені Тәңірім сендердің бәріңнен кем жаратыпты. Аяқ-қолым жоқ. Басымды көтере алмай, жер бауырлап қалдым. Не жеп, не қоярымды да білмеймін. Сендердің бәрің бір бүтін тілдісіңдер, ал мен айыр тілдімін. Ойлап отырсам, жанды мен жансыздың ішіндегі сорлысы мен екенмін. Маған ешқайсыңның жәрдем еткілерің келмейді. «Сен қасіретті көп тарттың, ондайлар әрдайым әділ келеді, сен барлығымызға патша да бола аласың» деп, сөзбен болса да жұбатып кетпейсіңдер, – деп, ол екі көзінен....
Қазақ биөнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi.
Бiр кездерi көптеген әлем халықтарының билерiн меңгерген «Салтанат», »Гүлдер», «Айгүл» сынды елiмiзге және одан да тысқары елдерге кеңiнен танымал ән-би ансамблдерiнiң беделi бәсеңсiп, көрермендермен жүздесуi саябырлап кеткенi ешкiмге жасырын емес. Оның үстiне, әсiресе, ежелгi қазақ биiне ерекше мән беру назардан......
Қол сағат бүгінде ерлердің жалғыз бағалы әшекейі болуға тұрарлық бұйымы. Одан бөлек, сырға, пирсинг, мойынға әр түрлі моншақ, білезікті күнделікті таққанға ерсі. Кейде ерлерге арналған жүзік, “печатка” тағуға болады, бірақ әшекей-бұйымдардың саны арнайы бір кештерде болмаса, сонымен шектелгені жақсы жақсы.
Тәрбие сағатының мақсаты: Білім негізі бастауыштан қаланатын оқушылық өмірдің бастапқы баспалдағын аяқтаған бүлдіршіндердің аяулы ұстазымен қоштасу рәсімін жасау. Бастауыш мектептен алған білімдерін, өнерлерін байқату, ортаға салу. Ұстаз еңбегін бағалай білуге, жан-жақты білім алуға, саналы азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұстаз, мектеп, Отан туралы даналық сөздер жазылған плакаттар; Балалар қолөнерлерінің көрмесі, қабырға газеті, буклеттер, шарлар, гүлдер.
Патша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 лира үшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша жалақысының.......