22 наурыз - Наурыз мейрамы

Жыл басы – Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды!

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.
1011,5 -567,5

22 Наурыз - Наурыз мейрамы құтты болсын (суреттер)

Сіздерді келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!

Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. «Туған ай – тураған етпен тең», әне-міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті. Амандық-саулық, ақ тілек, меймандостық, адалдық, молшылық, жалпы ұлтымызға тән тамаша салт-дәстүрімен паш етілетін Наурыз мейрамын өзіндік сән-салтанатымен, думанды тойымен, ән-жырымен қарсы.....
67,5 -37,5

22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош келдің, әз Наурыз!)

Сценарий тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Сценарий мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сценарий көрнекілігі: «Наурыз - 2012» газеті, нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
73 -43

22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Мақсаты: Оқушыларға Қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік аталуының түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі: Қазақтың киіз үйінің жабдықтары....
52 -28

22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Балабақша | Жыл басы - Наурыз)

Сценарий тақырыбы: Жыл басы - Наурыз!

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
69,5 -37,5

22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Ұлы күнде тауып мезгіл бір ретін,
Атқарғандай қасиетті міндетін.
Жаратылыс нұрын бөліп Жаратқан,
Жылына бір теңелген сәт Күн мен Түн.

Жан байытып жұрттың жылы лебізі,
Ізгі жолда сайрап жатты ел ізі.
Орындадық нақыштарын Наурыздың,
Салт-дәстүрге бай ұлтпыз ғой....
249 -146

22 Наурыз - Наурыз мейрамы

Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға,
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Бауыры жылып науат қар,
Бабымен ғана жібиді.

Наурыз, наурыз күні игі,
Күні игі жердің түрі игі!
Шашылып ырыс шанақтан.
Шақырып бір үй бір үйді,
Шаттанушы еді бір игі!

Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Наурыз тойын бергенде,
Көрмегендер де арманда,
Арманда оны көрген де.
Келіп ем өмір-орманға,
Наурыз айы келгенде.

* * * * *

Когда наступает месяц Наурыз, у нас начинается праздник. Если в этот месяц наши парни уходят в дальний путь, им мы оставляем их долю этого праздника. В добрый день Наурыза сама земля благодатна. Даже твердый снег, будет таять от теплоты. В добрый день Наурыза сама земля благодатна. В этот радостный и изобильный день, все ходят, друг к другу в гости. Когда в такое благодатное место приходит месяц Наурыз и мы празднуем праздник Наурыз, все мечты сбываются. Ия сам родился в месяц Наурыз.

0 0

22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Қош келдің, Наурыз!)

Жер жүзіндегі жұрттардың бәрінің де түрлі-түрлі мейрамдары болады. Мәселен, дін мейрамы, ұлт мейрамы, мемлекет мейрамы секілді. Өзгелерді былай қоя тұрып, өзіміздің сыбайласымыз орыс жұртын алсақ, бұл туралы қазақтың мақалы да бар: "Орыста мейрам көп, қазақта айран көп".

Біздің қазақ айранға бай болғанымен: мейрамға жарлы екендігі осыдан да көрінеді. Жалпы мұсылман жұрттарына ортақ жылына екі рет келетін ораза, құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз-ақ мейрам бар, ол - Наурыз.

Наурыз қазақтың шын мағынасындағы ұлт мейрамы. Наурызды қазақтан басқа Күншығыс жұрттарының көбі, мәселен, Үндістан, Иран, Ауған, Бұхар....
94 -54