Апасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Алдым биік, артым жар
Айналарға жерім тар.
Сағынғанда, жан апа,
Бір көруге болдым зар.
Жирен де аттың қасқасы-ай,
Сыдырып өрген таспасы-ай.
Айрылдым сенен, жан апа,
Шығарда жанның басқасы-ай.
Аспанда ұшқан құмайды-ай,
Құмай да бойын сылайды-ай.
Артыңда қалған балалар,
Апалап кімге жылайды-ай?!
Есіктің алды шие еді-ай,
Шиеге жеңім тиеді-ай.
Апам еске түскенде,
Ішім от боп күйеді-ай. ....
Өлеңдер
Толық

Ананы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Төр жапсарын ояйын,
Орнына сандық қояйын.
Дүниеден өткен анам-ай,
Орныңа кімді қояйын?!
Қалайы сандық қапсырдың,
Дәнекерлеп жапсырдың.
Артыңда қалған балаларды,
Анашым кімге тапсырдың?!
Шайыдан көрпе құрайын,
Дүниеден өткен анама,
Алладан иман сұрайын.
Базардан келген матадай,
........белге батады-ай.
Анашымның жоқтығы
Бір өзіме батады-ай.
Базардан келген көк арба,
Жаңбыр тисе, оңар ма?....
Өлеңдер
Толық

Келіннің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Піссіміллә деп бастайық,
Артық айтып саспайық.
Иманды болғыр, Атекем,
Жыламай қайтіп тастайық.
Арғымақ келед еңістен
Ертоқымы күмістен.
Иманды болғыр, Атекем,
Бұйырғай орын бейіштен!
Базардан келген хат-қағаз,
Қаттауын адам жаза алмас.
Атекем еске түскенде,
Амалын адам таба алмас.
Есіктің алды жас қайың,
Жапырағын баспайын.
Атекем еске түскенде,
Аузымнан қайтіп тастайын!
Жылқы ішінде қоңыр жал,
Жылқыда жоқ оған пар.
Кеше де жүрген Атекем,
Бір көруге болдым зар!
Жылқы ішінде көк дөнен,
Жал-құйрығын өрмеген.
Атекемнен айрылып,
Отыр ғой жаным өлмеген!
Базардан келген қорғасын,
Қорғасын күміс болмасын.....
Өлеңдер
Толық

Қайын атасын жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Асығыс айтып саспайын.
Иманды болғыр, атекем!
Аузымнан қайтып тастайын.
Бір пайғамбар Ыдырыс,
Мүдірмей сөйле отыз тіс.
Әкешім өтіп дүниеден
Басыма түсті қиын іс.
Бір пайғамбар Жақия,
Ноқалап тіккен тақия.
Әкешім өтті дүниеден,
Айрылып қалдым қапияда.
Алмалы бұлақ ағылар,
Алмасы бетке жағылар.
Айналайын, әкешім!
Іздесем қайдан табылар.
Тауға мұнар түсіп тұр,
Тау жемісі пісіп тұр.....
Өлеңдер
Толық

Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жж

1941 жылы 22 маусымда Фашистік Германия соғыс жарияламастан жасалған келісімді бұзып, КСРО аумағына басып кірді. Ұлы Отан соғысы осылай басталды. Гитлерлік Германия осыған дейін Еуропаның көптеген мемлекеттерін басып алған болатын. И. В. Сталин халыққа 1941 жылдың 3 шілдесінде радио арқылы үндеу жариялады. Оны бүкіл ел тыңдады. Қазақстан халқы соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ өздерінің борышын өтеп, майдандағы армияның қатарын толықтырды. Әскери міндеттілерді әскерге алу өте қысқа мерзімде жүзеге асырылды.
Сондай-ақ қазақ жеріне көптеген батыр аталарымыз, апаларымыз, ағаларымыз майданға аттанды. Олардын ішінде аты шыққан батырларымыз Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегелдинов, Рақымжан Қошқарбаев, Әлия Молдағулова, Мәншүк Мәметова тағыда басқа коптеген батырларымыз бар. Елге оралмаған көптеген боздақтарымыз Совет жерінде братский кейбірлерінде жатыр. Қатарында мыңдаған қазақстандықтар да болған кеңес жауынгерлері Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап барлық майдандарда фашистік басқыншыларға қарсы қиян-кескі шайқастар жүргізді. 1942 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда армия қатарына 300 мыңдай, ал соғыс кезінде 1 млн 200 мыңнан артық қазақстандық әскери міндеттілер шақырылды.......
Шығармалар
Толық

Кешенді географиялық аймақтарды бөлу (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақ тақырыбы: Кешенді географиялық аймақтарды бөлу
Оқу мақсаты: Кешенді-географиялық және тарихи-мәдени аймақтардың меншікті моделін ұсыну;
Әлемнің тарихи-географиялық аймақтарының географиялық сипаттамасы, олардың құрамы мен ерекшеліктерін шығармашылық формада ұсыну.
Сабақтың мақсаты: Кешенді-географиялық және тарихи-мәдени аймақтардың меншікті моделін ұсынады;
Әлемнің тарихи-географиялық аймақтарының географиялық сипаттамасы, олардың құрамы мен ерекшеліктерін шығармашылық формада ұсынады......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Салыстырмалы елтану №2 (10 сынып, IV тоқсан)

Пәні: География
Бөлімі: Әлем елдерін салыстыру әдістемесі
Сабақ тақырыбы: Салыстырмалы елтану №2
Сабақтың мақсаты: 10.6.2.1 дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын белгілерді анықтау
10.6.2.2 дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіру (таңдау бойынша: ЖШӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда, СҚП – сатып алу қабілетінің паритеті, гендерлік тепе-теңдік және т.с.с.)
10.6.2.3 көрсеткіштердің бірі бойынша графикалық түрде дүниежүзі елдерінің рейтингін көрсету(таңдау бойынша)....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Салыстырмалы елтану №1 (10 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Адамзаттың ғаламдық проблемалары
Сабақтың тақырыбы: Салыстырмалы елтану №1
Оқу бағдарламасына сілтеме: Елдерді салыстыруда қолданатын көрсеткіштерді анықтау
Білу, түсіну
Елдерді салыстыруда қолданатын көрсеткіштерді анықтайды
Дүниежүзі елдерін салыстыруда қолданылатын көрсеткіштердің бірін есептеу әдісін түсіндіру
(ЖІӨ, ЖҰӨ, оның ішінде жан басына шаққанда, СҚП – сатып алу қабілетінің паритеті).
Сабақтың мақсаты: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру. Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе №1 (10 сынып, III тоқсан)

Пән: География
Ұзақ мерзімдік жоспардағы тарау: Геоэкономика негіздері
Сабақтың тақырыбы: Экономикалық дамудағы әлемдік тәжірибе №1
Оқу мақсаты: 10.4.1.12 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму стратегияларына баға беру (қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде).....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары (9 сынып, IV тоқсан)

Пән: География
Бөлім: Елтану және саяси география негіздері
Сабақтың тақырыбы: Халықаралық ұйымдардың деңгейлері мен мақсаттары
Оқу мақсаттары: 9.6.1.2 қазақстандық компонентті қосымша қамту негізінде халықаралық ұйымдарды деңгейі және мақсаты бойынша топтастырады.
Сабақтың мақсаты: Ұйымдарды деңгейі мен мақсаты бойынша топтастыра отырып ҚР үшін маңыздылығын түсіндіреді....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық