Әдебиет | Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы нақыл сөздер

Зерттеу мақсаты: ХХІ ғасырда әр жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен патриоттық жалынның ұшқынын дарыту үшін халқымыздың Бауыржандай перзентінің мірдің оғындай қанатты сөздері ауадай қажет. Ол, әсіресе, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлген. «Өзінің ұлтын сыйламаған – ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол – сөз жоқ, арамза, тексіз әрі қаңғыбас» деуі жайдан - жай емес. Оның адами қасиеттер қатарына жатқызатын – ақыл, ар, ерік - жігер, намыс, сезім, парыз, ұлттық рух, ұлттық мінез - құлық, ұлттық патриотизм, ұлттық мақтаныш, т. б. туралы ойлары арнайы зерттеуді қажет етеді. Бұл ойлардың әрісі Абайдың «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады», берісі Мұстафа Шоқайдың «ұлттық рухсыз ұлт тәуелсіздігінің болуы мүмкін емес» деген қағидаларымен сабақтасып жатыр. Осы мақсатта еліміздегі өршіп тұрған тіл мен дін мәселесін шешу үшін ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу қажет. Жат діннің жетегінде кеткенше, ұрпағымыз ел үшін қызмет атқару қажет. Отан алдындағы борыш, азаматтық парызды орындау.....
Ғылыми жобалар
Толық

Математика | Қазақтың байырғы қара есептері

Бұл жоба қазақ халқының байырғы қара есептерін, олардың шешу жолдарын зерттеуге арналған. Қазақ халқының ауызша тараған математикалық есептері ауыз әдебиетінде де, математикада да жинақталып, бір жүйеге түсірілмеген. Бұл әлі астары ашылып, түбегейлі зерттелмеген сала. Бұл ұсынылып отырған еңбек осы бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. Мұнда байырға есептерді үш топқа бөліа қарастырған. Атап айтсақ, «Алтын қазына», «Ертегілер елінде» және «Теңдеу құрып шығаруға арналған есептер». Берілген жұмыста әр бөлімге сипаттама беріліп, есептер жүйесінің шешу жолдары көрсетілген.
Бұл жұмыста оқушы қазақтың байырғы қара есептеріне және олардың шешу жолдарына тоқталған. Оқушы зерттеу жұмысын жаза отырып өзінің қазақтың байырғы өміріне аса қызығушылықпен қарайтынын, замана талқысынан өтіп, өңі өзгерген де сөлі қалған, атадан балаға мұраға қалған, жүрек қылының пернесі - ауызекі тараған математикалық есептерді жинап, оларға сипаттама берген. Қазақтың байырғы қара есептерінің әдебиетпен байланысын көрсете білген. Бұл берілген жұмысты математикадан қосымша сабақтарда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыра отырып, логикалық ойлау қабілеттерін кеңінен дамытуға қолдануға болады деген ұсыныс жасаймын......
Ғылыми жобалар
Толық

Педагогика | Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Ұлттық тәрбие беру арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
ХХ ғасырдың 20 - 30 жылдары Қазақстанда этнопедагогикалық ой - пiкiрдiң дамуына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы - педагогтары А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Дулатовтың еңбектерiнде бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру туралы ой - пікірлері, оларды жүзеге асыру жолдары нақты көрсетiлген.
1. Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс - жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттайды.
А. Байтұрсынов қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына ерекше күш жұмсап, оларға арнап “Сауат ашқыш” атты оқу құралын жазып шығарды.
Ахмет Байтұрсыновтың “Әліпбиi” қазақтың алғашқы ұлттық сипаттағы әліппесі. Ол араб графикасымен жазылған нағыз ұлттық “Оқу құрал”. Бұл оқулықты жазудағы оның алға қойған мақсаты - бастауыш сыныпта балалардың сауатын ашу. Кітапта автор әр әріпті жекелеп түсіндіріп, олардың жазылу және айтылу кезіндегі ерекшеліктеріне тоқталады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Технология | Ұлттық киелі киіз үйдің жасалу технологиясы

Негізгі бөлім
Киіз үй - «Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш», «Киіз туырлықты, ағаш уықты қазақпыз» деп, аталы сөз айтып қалдырған ата-бабаларымыздың негізгі баспанасы. Киіз үй - тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл түркі, тіпті оған көршілес елдердің де тұрақ – мекені. Солай бола тұрса да, оны қастерлеп ұстап, ғасырдан ғасырға оның мән-маңызын өзгертпей жеткізген біздің қазақ халқы екенін әрдайым мақтанышпен айтамыз.
Шығу тарихы біздің заманымызға дейінгі ғасырларда пайда болған киіз үйді біздің халық қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Өйткені киіз үй қазақтың тұрағы, құтты мекен-жайы, еншісі, баспанасы, мүлкі, мақтанышы деп бағаланды. Әрине, киіз үйді әркім біледі, бағалайды. Шынында да, арғы-бергі тарихымыз бен мәдениетімізді зерделей қарасақ, киіз үйіміздің атқарған қызметі мен рөлі өте зор екеніне көз жеткіземіз. Оған қарап отырсақ, бірнеше жүздеген, мыңдаған жылдар бойы ата-бабаларымыздың ақыл-ойы, тұрмыс мәдениеті, талғамы еш халықтан кем емес екен. Ғұламалар айтып кеткендей, осы киіз үйден қазақ халқының аспан әлеміне, есептеу жүйесіне, экономикалық біліктігі, мәдениет пен өнердегі талғамы - жалпы өмір тәжірибесіндегі іске бейімділігі аңғарылады. Ал XII - XIII ғасырлардағы мемлекеттердің Алтын орда, Ақ орда, Көк орда деп аталуының өзі осы киіз үйге байланысты екенін Ш.Уәлиханов айтқан......
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздықты талдау

Кіріспе
Қашанда өзекті мәселелердің бірі жұмыссыздық – еңбек нарығының бөлінбес элементі . Дегенмен , экономиканың тұрақтылығы еңбек нарығында жұмысқа деген сұранысты тудырады . Жылдан – жылға жұмыссыздық деңгейі әр қилы болып келеді .Бір жылы жұмыссыздық деңгейі жоғары болса , келесі жылы төмен болады . Бұған себеп не ? Бұл мәселеде көптеген себептерді алға тартуға болады . Ол :мемлекеттің экономикалық деңгейі , халқымыздың әлеуметтік жағдайы , білім деңгейі , инфляция , жұмыс орындарының аздығы немесе жұмысшыларға қойылатын талаптардың жоғарылығы , қатаңдығы , тіптен еңдек шартының өзі де жұмыссыздықтың туындауына әсер етпек .
Қазіргі таңда жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнын тамамдап , өз мамандығы бойынща қызметтерге орналаса алмай жүрген азаматтар қаншщама . Бәрінен де күрделі жағдайға келіп тірелетін оқу орнын жаңа бітірген жас мамандар . Өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасқан болса , бұрын соңды жұмыс істеген өтілі қажет етіледі . Осыдан барып адамдардың ағайын – туыс , жора – жолдас арқылы пара беру көмегімен жұмысқа орналасу жолдары пайда болады .
Басқа қаладан немесе ауылды жерлерден келгендері жұмыс таба алмаса өз жерлеріне қайтып , бірнеше жыл бойы оқып , ауыр еңбекпен алған дипломдары жарамсыз болып қалады .....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан мен Эстония қарым – қатынастары

Кіріспе
Мемлекеттік атауы - Эстония Республикасы
Астанасы - Таллин ( 427 мың. тұрғын )
Жер көлемі - 47,5 мың.км2 . Европаның солтүстік шығыс бөлігінде ,Балтық теңізінің Фин шығанағының оңтүстік жағалауында орналасқан. Оңтүстігінда Латвиямен және шығысында Ресеймен шектеседі.
Ірі қалалары: Тарту, Нарва, Пярну.
Халқы: 1,45 млн.адам. Этнтикалық құрамы: эстондықтар ( 65% ), орыстар ( 28,2% ), украиндар ( 2,6% ), белорустар (1,5% ) және финдер (0,9%).
Дін: лютерандық. Сонымен қатар православие және католиктік діндер таралған.
Мемлекеттік тілі: эстон ( тілдердің фин – угор тобына кіреді )
Мемлекеттік мейрам: 24 ақпан Тәуелсіздік күні ( 1918 жылдан )
Ақша бірлігі: крона
Әкімшілік – территориялық бөлінуі: Эстония 15 уезд және 6 жеке қалалардан тұрады (Тарту, Нарва, Пярну, Таллин, Кохтла – Ярве, Силламяэ).....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар

Кіріспе
Мемлекет аты - Грузия.
Астанасы - Тбилиси қаласы . (1,36 млн адам ) .
Территориясы - 69,7 км 2.
Ұлттық мейрамы 26 мамыр , тәуелсіздік күні .
Закавказьенің орталық және батыс бөлігін алып жатыр . Солтүстігінде Россияның Краснодар және Стравраполь крайларымен , Кабардино – Балкар, Солтүстік Осетия , Шешенстан және Дағыстанмен шектеседі .Шығысында Азербайжанмен , оңтүстігінде Армениямен , оңтүстік батысында Турциямен шектеседі . Мемлекет батысын Қара теңіз шайып жатыр .
Географиялық жағдайының ерекшелігі – Қара теңізге шығар жолының болуы және де Халықаралық теңіздік коммуникациясының болуы . Грузияның ең ірі қалалары - Кутайси , Рустаыи (158 мың адам ), Батуми (137,1 мың адам ) .
Грузияның халқына келетін болсақ 5,4 млн адам .
Этникалық құрамы - грузиндер 70,1 пайыз , армяндар 8,1 пайыз , орыстар 6,3 пайыз , азербайжандар 5,7 пайыз , осетиндер 3 пайыз , гректер 1,8 пайыз , абхаздар 1,7 пайызын , украйндар 1 пайызын , басқа ұлт өкілдері 2,2 пайызын алады . ұлттық діндеоі – грузиндік провославиелік 65 пайызын , орыс провославиясы 10 пайызын , ислам 11 пайызын , армяндық провославиелік 8 пайызын алады .
Мемлекеттік тілі - Грузин тілі . Ұлттық мейрамы 26 мамыр тәуелсіздік күні . (1991 жыл). Ақша бірлігі - лари деп аталады .....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Қазақ-өзбек шекара мәселесі

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекеттің мемлекет екендігін айғақтайтын бір дәлел оның шекарасының болуы. Онсыз мемлекет болмайды.
Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрамдас бөлігі болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы және әуедегі кеңістіктер мен оларға теңесетін объектілер жатады /1/. Бұл аумақ шекара сызығымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара туралы 1993 жылғы 13 қаңтардағы заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасының шекарасы дегеніміз- Қазақстан аумағының шегін-құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тігінен өтетін үстіңгі қабат» /2/.
Тарихқа көз жүгіртсек осы мемлекет аумағы үшін қаншама соғыстар өткен. Мақсат- жер иемдену. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жерлер дауы сонау тарих тереңіне тартады. Шыңғысхан жаулап алушылығына дейін бүкіл Дешті Қыпшақ даласы мен Орта Азияда түркі тектес мемлекеттер өмір сүріп жатты. Шыңғысханның жаулап алуымен бұл жерлерде Монғол империясының үстемдігі жүрді. XIV-XV ғасырлар тоғысында Орта Азия жері Әмір Темірдің иелігіне өтті. XV ғасырда Орта Азия мен Қазақстан жерінде ыдыраған империялардың орнында ұсақ мемлекеттер бой көтерді....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениет | Қазақ этносындағы салт-дәстүрлер

КІРІСПЕ
Қай халықты алсақ та, оның өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн көрісі, әдет-ғұрпы, салты болатындығын білеміз. Мұның бәрі сол халықпен бірге жасасып, оның тарихына өзінше ілесе жүретіндігін байқаймыз. Қоғамдық өмірдің, экономикалық жағдайлардың ілгерілеп дамуына байланысты, халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі, дүниеге көзқарасы, т.б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып, бертін келе, көп уақыт бойына қалыптасқан, белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды. Бұлардың орнына қоғамдық-таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Демек, қоғамдық және экономикалық жағдайлар, олардың дамуы ертеден келе жатқан, қалыптасып қалған тұрмыс-тіршілікке, әдет-ғұрып, салтқа өз әсерін тигізеді, жаңа мазмұнда өзгеруіне, бұрынғы қалпын біртіндеп жоғалтуына жағдай жасайды. Қазіргі таңда қазақ жастарының арасында батыс мәдениетіне еліктеушілік үрдісі кең етек жаюда. Ел болашағы жастар екені белгілі. Алайда, олар өзге мәдениеттердің теріс ықпалын өз бойына жинай берсе, болашағымыз бұлыңғыр болмақ. Сондықтан қазақ жастарының болмысын сақтап қалу үшін олардың әлеуметтену процесіне қазақи салт-дәстүрлерді тәрбие арқылы енгізуіміз қажет.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | ''Қазақ'' этнонимі

Бір ұлттың ұлттық этнонимінің шығуы, оның мән-мағынасы мен сөз төркіні тұманды мәселе. Тарихта ол талай ой-пікірді туғызып, айтыстар көтеретін, сан-алуан жорамал – жоруларды жорыққа шығаратын және бірауызды шешімге келе қою қиын күрделі мәселе. Сол сияқты, ''қазақ'' атауының шығу тегі, оның мән-мағынасы туралы мәселелер талай заманнан бері талқыланып, сан алуан жорамал-жоруларды, дәлел-деректерді тудырады. Менің бұл тақырыпты алған себебім тарих ғылымында әлі күнге дейін, бұл мәселеге дәл, тұжырымды, тоқ етер жауаптың жоқтығы. Бұл мәселені талқылауда, қазақ халқының құрылу, қалыптасу тарихы мен уақыты ''қазақ'' атауының деректемелер де жарыққа шығуынан ажырата білу қажет.Өйткені бір халықтың тарихи қалыптасуы мен оның атының бір уақытта бола бермей, ол ілгерінді-кейінді болып отырады. Алайда, бір ұлттың ұлттық атының шығу тегін, мән-мағынасын анықтау, сол ұлттың арғы тегі мен алғашқы кездегі тарихын түсінуге көмегі көп, маңызды мәселенің бірі.
''Қазақ'' сөзінің пайда болуына байланысты, ғалымдар әлі бір пікірге келген жоқ. Осы сөздің мағынасын түсіндіретін бізге көптеген ертегілер, аңыздар, мифтер, ғалымдардың еңбектері жетті. Кейбір ғалымдар, ''қазақ'' сөзі тайпалардың ыдырау нәтижесінде пайда болып, бұл сөз әлеуметтік мағынаға ие деп жорамал жасайды.....
Курстық жұмыстар
Толық