Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар

Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан   мен   Грузия   арасындағы  қарым – қатынастар казакша Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан   мен   Грузия   арасындағы  қарым – қатынастар на казахском языке

Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................3

І – тарау Табиғат жағдайлары мен халқы
І.1 Табиғат ресурстары……………………………………………………………5
І.2 Халқы және ұлттық құрамы………………………………………………….7
ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Отын–энергетика, металлургия және машина жасау кешендері…………9
ІІ.2 Тамақ және жеңіл өнеркәсібі……………………………………………...12
ІІ.3 Агроөнеркәсіптік кешені мен шипажайлары……………………………..14
ІІ.4 Көлік жүйесі мен ішкі экономикалық аудандары……………………..17
ІІІ – тарау Сыртқы экономикалық байланыстары
ІІІ.1 Грузияның сыртқы саясаты……………………………………………….24
ІІІ.2 Қазақстан мен Грузияның саяси байланыстары……………………….25
ІІІ.3 Сауда - экономикалық байланыстары……………………………………...27
Қорытынды………………………………………………………………………..30
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша

Кіріспе
Мемлекет аты - Грузия.
Астанасы - Тбилиси қаласы . (1,36 млн адам ) .
Территориясы - 69,7 км 2.
Ұлттық мейрамы 26 мамыр , тәуелсіздік күні .
Закавказьенің орталық және батыс бөлігін алып жатыр . Солтүстігінде Россияның Краснодар және Стравраполь крайларымен , Кабардино – Балкар, Солтүстік Осетия , Шешенстан және Дағыстанмен шектеседі .Шығысында Азербайжанмен , оңтүстігінде Армениямен , оңтүстік батысында Турциямен шектеседі . Мемлекет батысын Қара теңіз шайып жатыр .
Географиялық жағдайының ерекшелігі – Қара теңізге шығар жолының болуы және де Халықаралық теңіздік коммуникациясының болуы . Грузияның ең ірі қалалары - Кутайси , Рустаыи (158 мың адам ), Батуми (137,1 мың адам ) .
Грузияның халқына келетін болсақ 5,4 млн адам .
Этникалық құрамы - грузиндер 70,1 пайыз , армяндар 8,1 пайыз , орыстар 6,3 пайыз , азербайжандар 5,7 пайыз , осетиндер 3 пайыз , гректер 1,8 пайыз , абхаздар 1,7 пайызын , украйндар 1 пайызын , басқа ұлт өкілдері 2,2 пайызын алады . ұлттық діндеоі – грузиндік провославиелік 65 пайызын , орыс провославиясы 10 пайызын , ислам 11 пайызын , армяндық провославиелік 8 пайызын алады .
Мемлекеттік тілі - Грузин тілі . Ұлттық мейрамы 26 мамыр тәуелсіздік күні . (1991 жыл). Ақша бірлігі - лари деп аталады . Админстрациялық территориялық бөлінуі бойынша Грузия 66 ауданға , 51 қалаға , 62 қала үлгісіндегі поселкелерге бөлінеді . Грузияның құрамына Аджар Автономиялық Республикасы және Абхазия Автономиялық Республикасы кіреді .
Мемлекеттік құрылымы бойынша президенттік республика . Мемлекет басшысы президент болып табылады . Әрбір 5 жыл сайын сайлау өтеді . Грузияның ең жоғарғы деңгейдегі органы Грузияның бір палаталы парламенті болып табылады . Олар елдің ішкі және сыртқы саясатымен айналысады . Ол 150 адамнан тұрады . 4 жылда бір реттеліп сайлау өтіп тұрады . Елдің саяси партиясы : Ұлттық қозғалыс демографиясы .
І – тарау Табиғат жағдайлары мен халқы
І.1 Табиғат ресурстары
Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай . Тас көмірдің қоры Чагин ( Ткибул – Шаорин )және Кадор (Ткварчель ) жоталарында шоғырланған . Қоры жағынан 400 млн тонна . Ткварчелиде көмірдің үлкен қоры бар . Бұл жерде көмірді шахталық әдіспен алады .Грузияның оңтүстігінде Ахалцих тауының жоталарында қоңыр көмір кездеседі . Бұл жердің көмірі сапасы жағынан өте төмен болып табылады .Калхид жазығының батыс бөлігінде торфтың мол қоры кездеседі . Торф бойынша басты аймақтары Тот , редутлаль , Хоб аймақтары . Негшізінен торфты цитрус және шай плантациялары қолданады . Грузиядағы мұнайдың жалпы қоры жағынан 580 млн . тоннаны құрайды . Оның негізгі қоры оңтүстік шығысында , сонымен қатар Тбилиси аймағында кездеседі . Грузияда мұнайдың 7 % игерілген . Бұл жерде АҚШ тың , Ұлыбританияның , Швейцарияның , Австралияның компаниялары.
Грузияда табиғи газдың қоры бойынша 98 млрд м3 деп есептеледі . Термальды сулар негізінен энергия көзі болып табылады . Грузияда термальды сулардың көлемі 200-250 м 3 Термальды сулардың негізгі бассейндері – Кадори , Кохет , Тбилиси , Алазань бассейндері . Марганец бойынша үш бассейнді айтуға болады .Олар : Чиатур , Чхор –Аджамей, Квирил бассейндері . Марганейтің барлық қоры бойынша 225,5 млн . т . Марганецтің 90% жуығы Чиатур бассейнінде шоғырланған .
Түсті металлургия бойынша мыс ( маднеул , Квайда ) , свинец , цинк полиметалдары ( Дамбуд , Мери , және Оңтүстік Грузияда) өндіріледі . Алтын қазіргі кезде Маднеул аймағында өндірілуде . Сонымен қатар Болнис ауданында , Аджар , Триалет , Сванет аймағында өндіріледі . Мышяк Лухон аймағында өндіріледі . Цемент шикізаты бойынша Грузияда қоры өте жоғары дәрежеде . Су ресурстары бірінші кезекте энергетикалық жағдайларда қолданылады . Гидроэнергетикалық ресурстар бойынша Грузияда бұл 76% батысында (Риони , Ингури , Кадори өзендерінде) өндіріледі . Грузияда рекреациялық ресурстарға бай мемлекет . Бұларға минералды көздер , емдік ыстық сулар – Цхалтубада орналасқан . Гидрокарбонатты – натрий сулары – Баржомиде , Хлорлы натрийлі сулар Тбмлмсиде шошғырланған .
І.2 Халқы және ұлттық құрамы
Халқы 2000 жылғы мәліметтер бойынша Грузияның халқы 5,2 млн адамға жеткен . Халықтың этникалық құрамы әртүрлі болып келеді . Этникалық топтар – грузиндер 70 % , армяндар 8 , осетиндер 6 ,қалғанын гректер , күрттеғр , абхаздар құрайды . Грузиндер Кавказдың армяндық картвель тобына жатады . Халықтың көбі христиандықты ұстанады .
Халқы 1991 жылы Грузияда туылу азайып , табиғи өсімге кері әсерін тигізді. . Қазіргі кезде Грузия өлімнің көптігі жөнінен Закавказ аймағында 1 орынға ие ( 1991жылы 13,7 % болса , 1994 жылы 17,5% өскен ) Елде халықтың орташа тығыздығы 1 км 2– 77,5 адамнан келеді . Таулы аудандарда 5-15 адамнан келсе , жазықтық аймақтарда 1 км 2– 100 – 150 адамнан келеді . Халықтың 89,1% жазықтық жерлерде шоғырланған . Қала халқының саны 2000 жылғы е сеп бойынша 57,7%құраған.(1992-55,7%) Қазіргі кезде Грузияда 114 қала типті елді мекендер бар . Олардың 62 қалалар тобына жатады . Грузияда қалалардың ішінде маңызды орынды елдің астанасы Тбилиси қаласы алады . Тбилисиде халықтың 1\4 шоғырланған , яғни 1,3 млн адам . Грузия да халықтың жоғарғы дәрежедегі білімі бойынша , ғылым және техникалық кадрларды дайындауда ерекше көзге түседі .
Елдегі жұмыссыздар бойынша Грузия ТМД бойынша жоғарғы орынды алады . Грузияда елдің 4,7% жұмыссыз . Орташа айлық жалақы 2000 жылы 33,4 $ , зейнетақы 81 $ құраған .
ІІ – тарау Шаруашылығына жалпы сипаттама
ІІ.1 Отын–энергетика, металлургия және машина жасау кешендері
Грузия отын ресурстарына өте бай . Соның ішінде көмірге өте бай келеді . 1960 жылы жергілікті отын елдің 40 % қамтамасыз етті . Электроэнергия бойынша 1960 жылы өндірісінде басты орында . Электроэнергияның ішінде маңызды орынды ГЭС алады . Земо –Авчал ГЭС і маңызды орынды алады . елдегі ең үлкен ГЭС терге Ингур ГЭС –і (қуаттылығы 1,6 млн кВт ) , Варцих ГЭС – і (176 мың кВт ) , гидротехникалық кешен Авагри ауданында орналасқан . Соңғы жылдары Жылу электр станциялары дамуда . Ол жергілікті көмір ; мұнай , газбен жұмыс істейді . Ең үлкен ЖЭС – Тбилиси . Ол 10 энергияблоктан тұрады . Жылына 7 млрд кВт электр өндіреді . Қазіргі кезде Грузияда 8 ЖЭС , 60 ГЭС жұмыс істейді . ЖЭС – 7,5 8 млрд кВт , ГЭС – 8 млрд кВт . Грузия 1991 жылы өнеркәсібі үлкен дағдарысқа ұшырады . Бұған басты себеп : құрал жабдықтардың ескіруі , қайта өңдеу өнеркәсіптерінің болмауы , т. Б. Себептер әсмер етті . Грузияда машина жасаудың негізгі салалары электроэнергия , автомобиль жасау , прибор жасау , станок жасау , т. Б. Салалар құрайды . 1990 жылы өнеркәсіп өндірістері 6 есе , машина жасау 6,2 есе , құрылыс материалдары 20 есе , жеңіл өнеркәсіп 25 есеге дейін қысқарған .
Қара металлургия.Грузияда қара металлургия бойынша екі өндіріс кешенін бөліп көрсетуге болады .
1 Рустав толық циклды комбинаты.
2.Зестафон ферроқорытпа зауыты . Рустав толық циклды металлургия комбинаты 1944 жылы құрылысы басталып , 50 жылдары іске қосылды . Ол шикізат қоры ретінде Азербайжандағы Деникесан аймағының темір рудасы комбинаттың негізгі шикізат көзі болып табылады . Ткварчел және Тсихул көмірі , Чиатурлық марганец рудасын құрайды . Комбинат құрылымы рудасыз шикізат, коксты батарея , агломерациялық фабрикалар , мартен пештері толығып отырады . Зестафон ферроқорытпа зауыты 1933 жылы құрылған . Ол Чиатур аймағының марганецін пайдаланып жұмыс істейді . Чиатур аймағы Зестафон аймағынан 28 км алшақта орналасқан . Зестафон ферроқорытпа зауыты ферромарганец , металдар т .б. Грузияда түсті металлургиядан молибден , вольфрам , мыс , барит – полиметалл рудаларын байыту үшін құрылған . Олардың ең бастылары Маднеул аймағындағы таулы комбинатты жатқызуға болады . Елде мыс , барит . мырыш қоры көптеп кездеседі .
Машина жасау. Грузияда қазіргі кезде бірнеше машина жасау кәсіпорындары жұмыс атқаруда . «Станок жасау » бірлескен кәсіпорыны көпфункциялы станок жасауға маманданған . Грузиядағы барлық салалар сияқты бұл сала да біртіндеп дағдарысқа ұшырауда . Электровоз жасау саласы бойынша магистральды электровоздар шығаруға маманданған . 1990 жылдың басында бұл сала үлкен дағдарысқа ұшырап , 1995-1997 жылдары бірде бір электровоз шықпады Автомобиль жасау бойынша Грузияда Кутай автомобиль зауыты 1915 жылы салынған . Зауыт ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдайтын жартылай прицепті машина жасауға маманданған . Қазіргі кезде зауыт жұмыс істеуде . Авиациялық зауыт Тбилисиде орналасқан . Кеме жасау Батуми мен Поти аймағында орналасқан . Химия өнеркәсібі бойынша Грузияда 1970-1980 жылдары құрылған . Химия өнеркәсібінің басты орталығы ретінде Рустав қаласы ерекше көзге түседі . Химия өнеркәсібінің ммаманданған салалары : химиялық валокон өнеркәсібі , лак бояу , тұрмыстық химия , таулы химия салалары ......
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!


loading...


KZ / Курстық жұмыстар жинағы [тегін], курстык жумыс Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа, сборник готовых курсовых работ на казахском языке, скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском, дайын курстык жумыстар саясаттану жобалар курстық жұмыстар, курстык жумыс Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар курстық жұмыс дайын жоба курсовая работа сборник готовых курсовых работ на казахском языке скачать бесплатно готовые курсовые работы проекты на казахском дайын курстык жумыст, Курстық жұмыс: Саясаттану | Қазақстан мен Грузия арасындағы қарым – қатынастар дипломдық жұмыс тақырыптары дипломдык жумыс дипломдық жоба тақырыптарыкурстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін курстық жұмыс курстық жұмыс тақырыптары педагогика курстық жұмыс тегін