Италияның әйгілі Ватикан кітапханасынан түркілер мен қазақтар тарихына қатысты жаңа батыс деректері табылды. Рим Папасы бірінші Ұлы Левтің Аттиламен кездесуін сипаттайтын қолжазбада Орта Азиядан шыққан Авар қағанаты туралы мәліметтер кездеседі. Бұл қазақ елінің сонау түркі дәуірінен Еділ патша бастаған ұлан-ғайыр мәдениеттің заңды мұрагері екендігін айғақтайды. Отандық ғалымдар «Қазақ хандығынан – «Мәңгілік елге» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда осындай деректер....
АҚШ-тағы Индиана университеті Орталық Еуразияны зерттеу кафедрасының профессоры Уильям Фиерман 40 жыл бойы қазақ және өзбек тілдерін зерттей келе «шала қазақтарды» сынауға болмайды деген тұжырым жасады.
Бұл туралы «Мой городқа» сілтеме жасап, NUR.KZ хабарлады.
«Мен «шала қазақтар» деген ұғымнан хабардармын. Менің бірнеше «шала қазақ» достарым бар. Олар өз тілінде сөйлеуге тырысқан сайын, айналасындағылар саусағын шошайтып, сынға ала бастайды. Олар тығырыққа тірелген. Бір шетінен өз тілдерін үйренгісі келеді, екінші шетінен сол үшін көпшіліктің мазағына қалады. Ал мен, Америкадан келген профессор, қазақша қате сөйлеп бастасам, шала қазақ емес, керісінше, қазақша сайраған адам болып шығамын. Олай болмауы керек», — деп ағынан жарылды Фиерман сұхбатында.
Уильямның ойынша, мұндай «шала қазақтардың» қалыптасуына КСРО кезіндегі саяси қуғын-сүргін мен қазақ тілінің үш рет жазу емлесін ауыстыруы себеп болған.
«Репрессия — орыстандыру саясатының бір бөлігі болды. Бұдан бірінші кезекте....
Кінә бар, Күнә бар, Күмән бар. Кінә не, Күнә не? Күмән не? Кінәні артады, Күнәге батады. Күмән боп жатады. Кінәлі, күнәлі, Күнәлі күмәнді, Күмәнді кінәлі.
Еркелету тек ер мен әйелдің арасында ғана емес, ата-ана мен баланың, жалпы үлкен -кіші арасында болатынын да ескеріп өткім келді. Сонымен, қазақтар балаларын қалай еркелетеді? Қазақтар сый-құрметті үлкендерге алғашқы буынға -еке, -аға, -ке, -а, сияқты жалғаулар қосу арқылы: Мәке, Сәке, Тәке, Бәке, Нұраға, Мұқа, Бауке – деп білдіретінін белгілі. Бірақ, кішілерге сүйіспеншілікті, жылылық пен мейірімді қалай жеткізген? Осыған жауапты, аталарымыздың малшылық пен аңшылық кәсібінен іздеп, қазағымның қазіргі еркелету сөздеріне қатты әсер екетенін байқауға болады. Ботам, ботақаным.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер