Қазақша Жаңылтпаш: "К" әрпі » ZHARAR © 2016 | Қазақша Жаңылтпаш к әрпі к буква к, жаңылтпаштар балаларға, жаңылтпаштар балаларға арналған, жаңылтпаш балаларға, жанылтпаштар қазақша, қазақша жаңылтпаштар жинағы қазақша




  • »

Қазақша Жаңылтпаш: "К" әрпі

Қазақша Жаңылтпаш:

Күш, күш, күшігім,
Қарда жатсаң үсідің.
Кір, кір, үйге, күшігім,
Ки көкемнің ішігін!

Кінә бар,
Күнә бар,
Күмән бар.
Кінә не,
Күнә не?
Күмән не?
Кінәні артады,
Күнәге батады.
Күмән боп жатады.
Кінәлі, күнәлі,
Күнәлі күмәнді,
Күмәнді кінәлі.

Көбелек бедеде,
Бөдене көдеде,
Беде не? Көде не?
Бедені беде де,
Көдені көде де!

Көк аспанда жұлдыз бар,
Мөлдір суда құндыз бар.
Жұлдыз түнде жылтырар,
Құндыз түнде жылтырар.

Көше бүгін көктайғаң!
Көктайғақта тоқтай қап,
Көкбай бала
Көктайғақты боқтайды-ақ!

Көпбай көк атын айдап келеді,
Көк ат шөбін шайнап келеді.
Көк ат көк өзеннің бойын бойлап кедеді
Көпбай көк атын ойына ап келеді.

Көп-көп көк жеп,
Келді көжек

Көпті көп,
Азды аз дейміз.
Қысты қыс,
Жазды жаз дейміз.

Күлегеш
Тілеулес
Бұл емес!
Кіл егес
Шығаргыш
Бұл — Елеш.

Кәпңаз — «қап» тауы ма?
«Қап» тауы - Кәпқаз емес.
Ойдан орғытып біреудің тапқаны ма?!

Кендірден кенеп шығар,
Кенептен елек шығар.
Електен кебек шығар,
Кебек те керек шығар.

Күн күнді көктен.
Күткенбіз көптен.
Көкүйек көктем,
Келіпті көшіп
Көгал, көлшімекпен.

Кітапты
Қанапия мен Құныпия,
Аса құпия
Ара-тұра, шала-пұла оқыды.


Санат: KZ портал » Қазақша Жаңылтпаштар жинағы | | 877
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .