Анара Абжанова

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесінің мектеп-интернаттың мұғалімі 18.11.1986 ж., Қазіргі кезде Абжанова Анардың суреттері Қазақстанның қазіргі заманғы өнерінде айқын және белгілі құбылыс болғаны түсінікті.

Анар Абжанова өзінің 30 жасында-ақ– Қазақстанның Суретшілер одағының мүшесі, көптеген беделді халықаралық байқаулардың лауреаты. Оның шығармашылық белсенділігі, жұмыс істеуге зор қабілеттілігі, оның таланты мен өнерге деген адалдығы табыстарға жеткізді.

Оның алғашқы жеңісі 2006 жылы Астана қаласында «Жұлдыз ай» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінде Гран-При алумен келді. Екі жылдан соң Қазақстанның астанасында «Шабыт» XI - Халықаралық жастар шығармашылығы фестивалінің «Бейнелеу өнері» номинациясында Гран-При иеленді. Содан кейін жас қызға сыйлықтар алма бағындай төгілді: Анара Абжанова Ираннан, Жапониядан, Ресейден, Тайваньнан, Чилиден, АҚШ-тан, Франциядан, Италиядан және т.б. жеңіспен қайтты.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Алмат Қодасбаев

Кодасбаев Алмат Тұрысбекұлы – медицина ғылымдарының кандидаты, РМА ассоцияланған профессоры. Қазіргі таңда – Алматы қаласының қалалық кардиологиялық орталығының директоры.

1996 жылы Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітіріп, дәрігер-хирург мамандығын меңгерді.
Интернатурадан Алматы қаласындағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада өтті. Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Іле аудандық ауруханасында дәрігер-хирург болып бастады. 1998 А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургиялық орталықтың үш жылдық аспирантурасын тәмамдады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Азиз Заиров

Азиз Заиров – режиссер-сценарист, қоғам қайраткері.
Азиз Заиров Қытай елімен шекаралас Ұйғыр ауданында дүниеге келген. Ол отбасындағы төртінші бала. Азиздің анасы алтыншы баласын босанарда өмірден озған.

Азиз кішкентай кезінде дәрігерлер туа біткен жүрек ауруын анықтаған. Балаға шұғыл ота жаслуы тиіс еді, алайда әкесі баласының пышаққа түскенін қаламай, ерікті түрде бас тартып, қолхат жазады. Осылайша, екі жасар Азиз бен оның әпкесі, қарындасы үшеуі балалар үйінен бір-ақ шығады.

Он екі жасында Азиз балалар үйінде тәрбиеленушілерімен төбелесіп, жарақат алады. Қарсыласы оның аяғына тот басқан арматураны тығып алады. Салдарынан баланың аяғында жара пайда болып, аяқтың төменгі бөлігі қабынып, тромбофлебит өршиді. Жарақатқа дер кезінде көмек көрсетілмегендіктен, екінші топтағы мүгедек болып қалады.....
Өмірбаяндар (биография)
Толық