Жұмбақтар жауабымен: Метаграммалар

Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.
Жалау-палау

Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.
Жастық-астық

"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын.
Қызық - сызық
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Техника, көлік, шеберхана құралдары

Күші білінбес жүзінен,
Қақ бөлінер әйнегің,
Сызып өткен ізінен.
Алмас

Ағаш көрсе қышынар,
Сояу-сояу тісі бар.
Ара

Маржан тісі ақсиып,
Ызылдап ән шырқады.
Көк тіреген қақшиып,
Қарағайды қырқады.
Ара
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Жұмбақтар жауабымен: Табиғат туралы жұмбақтар (5)

Айтқаныңды айнытпай,
Қайталайды өзiңе
Тiл қатқанмен қаймықпай,
Көрiнбейдi көзiңе.
Жаңғырық

Мұхиттардың ортасында
Аппақ тау бар, түк өспейдi
Жер шарының картасында,
Оған еш шың теңеспейдi.
Айсберг

Жалтырайды сайда,
Сынбайтын айна.
Мұзойнақ
Жұмбақтар жауабымен
Толық

Көңіл, көңілшек

Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

Жақсының өңі қартайса да,
Көңілі қартаймайды.

Көңілсіздің көлігі шаппас.

Жақсы жұмыстан
Жан рахат алады.
Жаман жұмыстан,
Көңіл қалады.

Мір тәуекел бұзады,
Мың қайғының қаласын;
Бір жылы сөз бітірер
Мың көңілдің жарасын.
Мақал-мәтелдер
Толық

Мінез

Нар мінезді жігітке
Нарға мінсе, жарасар.

Қауызында дәні жоқ,
Сабан мінезді адам болады.
Қорсылдаса көңілі тоқ
Қабан мінезді адам болады.

Адам жылқы мінезді:
Бір күнде түлейді,
Бір күнде жүдейді.

Сүтпен кірген мінез
Сүйекпен кетеді.

Жолбарыс жұлқынса,
Жонынан от шығады.
Мақал-мәтелдер
Толық

Алтын

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.

Ақыл айнымас, алтын шірімес.

Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.

Алтын тапсаң, санап ал.

Алтын белдік — бел сәні,
Асы жігіт — ел сәні.

Мақал-мәтелдер
Толық