Сәлем – сөздің анасы

Тақырыбы: «Сәлем – сөздің анасы»

Мақсаты: Халқымыздың салт – дәстүріндегі инабаттылық ережесі туралы түсініктерін тереңдету арқылы балаларды сәлемдесу мәдениетіне, үлкенді сыйлауға, имандылыққа тәрбиелеу.

Балаларды әдептілікке, кішіпейілділікке, сыпайылыққа, адамдар мен қарым – қатынас жасай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, үйрету.

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, нақыл сөздер......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Электр жүйесі | Электр жүйесімен қамтамасыздандыратын екінші ретті электрқоректендіру көздері

КІРІСПЕ
Екінші реттік электр қоректендіру көздері (ЕЭҚК) бұл бірінші реттік қоректендіру көзінің энергиясын ЭК-і мен жүйелердің параметрлерінің сәйкес келетін жиілік мәнді, деңгейлік және тұрақты электр энергиясына түрлендіретін құрылғы.
Бірінші реттік ЭҚК-і ретінде ЭК және әдетте айнымалы токтың өндірістік желісін немесе айнымалы автономдық көздерін (генераторлар), әйтпесе тұрақты (аккумуляторлар, химиялық батареялар және т. б.) токтарды пайдаланады.
Әртүрлі ЭК мен жүйелерді қоретендіру үшін қолданылатын бұл көздер өте шектеулі екендігін практика көрсетеді. Оның себебі, қазіргі кездегі ЭК-і өзінің тұрақты кернеуін төменгі деңгейде ( 5... 15) қоректенуін талап ететін интегралдық сұлбаларды (ИС) пайдаланумен орындалады. Сонымен қатар, бұл кернеудің ауытқуы берілген мәннен (5...10%) аспауы қажет. Қажеттілік қатарында, мысал ретінде прецизиондық аналогтық құрылғыларды немесе аналогты-цифрлық және цифрлы-аналогтық түрлендіргіштерді қоректендіру кезінде кернеудің қоректену тұрақтылығы жоғары болуға тиіс (0,1...0,01%).
1. Екінші ретті электр қоректендіру көздері
Бірінші ретті ЭҚК-нің практикасында қолданылған нақты параметрлер, төменгі талаптардың шартын орындайды: өндірістік желінің және тұтынушылардың кернеу жиілігі сәйкес келмесе онда өндірістік желі айнымалы кернеуді 50 Гц деңгейімен қалыптастырады, ол кезде ЭК-тері негізінен тұрақты токтың, яғни нөлге тең кернеу жиілігі кезіндегі токтың кернеуін қоректендіру үшін қолданылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Экономикалық процестегі мемлекеттің рөліне толық көзқарастар

Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы:- «Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі»-деп аталады. Бұл тақырыпты таңдауыма басты себеп болған мәселе, оның бүгінгі қоғамдағы экономикамыздағы ең өзекті мәселелерінің болуында. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономмканы реттеу зор роль атқарады.Халық шаруашылығын экономикалық кан тамыры іспетті, осы нарықтық байланыстар аркылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Оның өміршеңді өндірістің табиғатына, экономикалық әлуметтік жағдайына байланысты , дегенмен нарықтың біраз дербестілігі болады, сондықтанда олар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориллық айтыстар толастай келеді.Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде "нарық" деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Нарық сауалға бірден жауап берудін өзіндік қиындығы жеткілікті. Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта қүру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық түралы бірыңғай пікір жоқ, Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.Сондықтан нарық үдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты түтқасы. экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмнің қүрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Экономикалық өсу жағдайы, үлгілері, көздері

Кіріспе
Көптеген ежелгі ғалымдар мен данышпан адамдардың айтуынша өмір деген қозғалыс деп түсіндіріледі. Қоғамның экономикалық өмірі де табиғат сияқты үнемі қозғалыста болады. Бұл қозғалыс сапалық және сандық өзгерістермен ерекшеленеді. Бұл өзгерістер өндірістік қатынастарға ғана емес сонымен еңбек өнімділігіне де әсерін тигізеді. Ал еңбек өнімділігінен өз кезегінде қоғамға қажетті экономикалық игіліктер туындайды. Яғни экономикалық өсу өндірістің және экономикалық игіліктердің өсуі немесе ұлғаюы деген мағынаны береді.
Курстық жұмыста экономикалық өсу теориясы қарастырылады. Бұл теорияға сәйкес экономиканың толық деңгейде дамуы немесе өсуі үшін мемлекетте өндірілетін ресурстар толығымен және үнемді қолдануы керек. Мұнда ресурстар қатарына тек шикізаттар ғана емес, сонымен қоса экономиканың потенциалы, мемлекеттегі еңбек күші және тағы басқалар жатқызылады. Жұмыспен қамтамасыз ету теориясы мен экономиканы тұрақтандыру саясаты статистикалық немесе қысқа мерзімді факторларға негізделген. Теорияға жүгінсек, толық жұмысбастылық пен ресурстың тұрақты көлемі бар кезде экономика өзін қажетті жалпы ұлттық өніммен (ЖҰӨ) қамтамасыз ете алады.
Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау кезінде негізігі себеп болған: Экономикалық өсу кез келген мемлекет үшін негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады. Яғни мемлекеттің даму қарқын айқындау үшін оның экономикалық өсуне талдау жүргізу арқылы анықтауға болады. Менің ойымша, экономикалық өсу тақырыбы өте актуалды болып келеді. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары

Кіріспе
«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше
үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз».
(Ы. Алтынсарин)
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен, сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.
Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.
Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді, ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі. Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ әдебиеті | ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

Кіріспе
Зерттеу өзектілігі.
Қазіргі таңда еліміздің оқ󬬬-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселелерінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған ,өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу. Сонымен қатар жеке басының сапасын көтеру.Тәрбие - қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара-қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың сапалы тәртібі мен байымды мінезін қалыптастыру, оған сәйкес сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс-әрекетіне байланысты.Тәрбиенің негізгі міндеті-қоғамның қажетті талаптарын әрбір баланың борыш, намыс, ождан, қадір-қасиет сияқты биік адамгешілік стимулдарына айналдыру.
Қазіргі таңда әсіресе , көп көңіл бөлінетін мәселе - адамгершілік тәрбиені күшейту.Қазақстан Республикасының «Ұлттық энциклопедиясында» адамгершілік ұғымына былай деп анықтама берілген:«Адамгершілік-адам бойындағы гуманистік құндылық, әдеп ұғымы. «Кісілік», «Ізгілік», «Имандылық» тәрізді ұғымдармен мәндес. Халықтық дүние танымда мінез-құлықтың әртүрлі жағымды жақтары осы ұғымнан таратылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Математика | Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру

Кіріспе
Еліміздің егемендік алып, тәуелсіздіктің даңғыл жолына түсуі саяси-әлеуметтік өміріміздің басты буыны - білім саласына да көптеген өзгерістер алып келді.
Бүгінгі заман талаптары білім мекемелері мен ұстаздар алдына орасан зор міндеттер жүктейді. Сондықтан қазіргі таңда ауыл мектебіне, оның ішінде шағын комплектілі мектепке ерекше көңіл бөлініп, оның мәселелері мемлекеттік деңгейде көтерілуде. Ауыл мектебі - қашанда дана мен даралар шыққан білім ордасы, тәрбие мен білімнің сарқылмас кәусар бұлағы. Сондықтан да болар Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен 3 жылымызды «Ауыл жылы» атағаны, яғни сондықтан ғылыми жұмысты «Шағын комплектілі бастауыш мектепте математикадан өз бетінше жұмысты ұйымдастыру» атты курстық жұмыс жазудан бастадым.
Зерттеу әдісі — педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар жинақтау, озат тәжірибелі мұғалімдер сабағына қатысу, бақылау ізденушілік және зерттеушілік жұмыстары.
Зерттеу объектісі - шағын комплектілі мектепте оқушыларға математиканы оқыту процесі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | ФРАЗЕОЛОГИЗМНІҢ СӨЗ ТІРКЕСІНЕ ЕНУ ТӘСІЛІ

Кіріспе
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады. Екіншісі – бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.
Фразеологизмдердің тек өзіне ғана тән өзгеше белгілері бар. Осы белгілер тілдің бұл категориясын өз алдына жеке сала ретінде қарастыруға итермелейді. Әрі тілдің басқа единицалардан айырмасын айқындайтын негізгі ерекшелік болып табылады. Бұл белгілердің түрі мына төменгідей:
а) лексикалық мәні.
ә) копаненттік құрамы.
б) грамматикалық категориялардың түрі.
Бұл белгілердің тек фразеологизмдерге қатысты екенін дәлелдеу үшін сол фразеологизмдерді тілдік единица сөзбен жәй сөз тіркесімен салыстыру қажет. Екеуінің де фразеологизмдермен ортақтасып кететін белгілері бар.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Тіліміздегі фразеологизмдерді тіл білімінің синтаксис саласында зерттеу де оның ашылмаған сан қырының бірі.Фразеологизмдерді зерттеу арқылы тек тілдің өткенін,түп-тамырын ғана емес,сол тілді қолданушы мәдениетін терең білуге болады.Осыдан келіп фразеологизмдерді зерттеушілер синтаксисте оның ішкі байланысына ғана тоқталады.Сөз тіркесі негізінде іштей берік жымдасқан фразеологизмдердің сөйлем ішінде қалай байланысқа түсетіні жайлы зерттеу-тақырыптың өзектілігі болып танылады.....
Курстық жұмыстар
Толық