«Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер» Н.Ә.Назарбаев Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтейтін және мақтаныш етуге тиісті ресми рәміздеріміз бар. Бұл міндеттің күрделігін Елбасы нақты пайымдап, «..бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына қатысты». Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері - Ту, Елтаңба және Әнұранның сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгіленген.......
Саламатты өмір салты - терең білім мен тәрбие көзі. Қазақ елінің ата заңына сәйкес әрбір азаматтың саулығы - мемлекетіміздің саулығы деп есептеледі. Халық даналығы «Елім бай болсын десең – денің сау болсын» деп денсаулықтың елдік, халықтық, ұлттық, отандық мағынасына айрықша көңіл аударады. Сондықтан әр адамның «менің саулығым менің ұрпағымның саулығы» деп түсінгені абзал. Бұл орайда педагог қауымының алдында үлкен міндет тұр: дені сау, білікті де білімді, саламатты өмір сүре алатын тұлға қалыптастыру. Жан мен тән саулығы ақыл - ойдың, сананың алтын арқауы екенін бүгінгі күн де дәлелдеп отыр. Олай болса, болашақ ұрпақ салауаттылығы бүгіннен басталуы керек. Бұл бағытта балабақшамызда біршама оң істер тындырылуда. Балабақшадағы әрбір іс - шаралар осы міндетті шешуге бағытталғанда ғана саламатты өмір салтанат құрмақ. Біз саламатты өмір салтын былайша анықтаймыз: 1) саламатты өмір салты - ол жеке адамның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан - жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру салты; 2) саламатты өмір салты - ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында аурудың алдын алу шараларының кешені. .....
1. (Көрсет!) Өтілетін сөздердің суреттерін тақтаға ілеміз. Балаларды кезекпен ортаға шақырып, суреттердің бірін атаймыз. Ортаға шыққан бала аталған сөзді көрсетіп, дереу орнына отырады. Ойын барлық бала шығып болғанша жалғасады.
2. (Доппен көзде!) Суреттер тақтаға ілінеді. Балаларды ортаға кезекпен шақырып, қолдарына жұмсақ доп береміз де, суреттердің бірін атаймыз. Балалар аталған суреттерді доппен дәлдейді. Ойын барлық бала шыққанға дейін жалғасады.
3. Боулинг. Өтілген сөздердің суреттері кегльдерге жапсырылған. Балалар кезекпен ортаға шығып, доппен кегльдерді құлатады. Әр құлатқан кегль үшін бір балл, ал құлаған кегльге жапсырылған суретті қазақша атаса, екі балл беріледі.
4. (Бұрыштарға жүгіру) Суреттерді бөлме ішіне қойып тастаймыз. Тақтадан көңілді музыка қоямыз. Балалар сол музыка ырғағында шеңбер жасап, айналып жүреді. Арасында музыканы тоқтатып, суреттерің бірін атаймыз. Балалар аталған суретке қарай жүгірулері тиіс. Балаларды тексеру мақсатында, мұғалім бір суретті атап, өзі басқа суретке қарай жүгіруі мүмкін.
5. Сымсыз телефон. Балалар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім шетте отырған баланың құлағына бір сөзді сыбырлайды. Ол бала жанындағы балаға, ол келесі балаға айтып, соңғы балаға жеткен уақытта, ол бала тақтадағы суреттердің ішінен өзі естіген суретін алып келеді. .....
Бөлімі: Аппликация Тақырыбы: «Өнер көзі – халықта» Мақсаты: Қазақ халқының өрнегін орамалдың түсіне сәйкес түстерді іріктеп, ерекшелеуге үйрету. Таныс қазақ өрнегінің элементтерінен өздігінен оюды жапсыру дағдысын бекіту. Мұқияттылыққа, ұқыпты жапсыруға тәрбиелеу. Сөздік жұмыс: басқұр, орамал, безендіру. Қолданады:оюлардың суреті, жапсыруға қажетті құрал-жабдықтар, киіз үй.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері Алақандарымызды үйкелейікші. – Алақандарыңды үйкелегенде не сездіңдер? Енді, осы жылуымызды бір-бірімізге ізгі тілектер білдіру арқылы берейік. Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар. Айлана ақылды бол! Алақандарын үйкелейді. – Жылу сезіндік. – Аспанымыз ашық болсын! Денің сау болсын! Әрқашанда әдемі болып жүр! Достарың көп болсын! т.б. тілектер айтады. .....
Жігіттік шаққа ену үшін біз, ер азаматтар бойымыздағы ер кісіге тән қасиеттерді сараптап, әлсіздігімізді мойындап, оларды кейін түзеуге бет алуымыз шарт. "Мен мінсіз емеспін". "Менің мінім көп, өзіме осы жәйтті қайта-қайта айтамын!" Дәл осы қасиеттер көбімізде жетіспейді...
Осы, менің бір байқағаным, әдеби шығармаларды немесе шешендік кітаптарды оқып не естісем құлағымның құрышы қанғандай болады. Ондай әңгімелерді естісең қызыға,сүйсіне тыңдайсың. Ал, қазіргі таңда әдеби кітап, шешендік сөздерді оқитын жастар қайда!? Кейбіреулерінің аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп тұрады.т Барынша кедей сөйлейді. Егін арасына шыққан арам шөп секілді, үиреншікті, бұралқы сөздермен сөйлейтін жастарымыз да аз емес, оны күнделікті өмірде де байқап жүрміз.......
Мен, қарапайым, кішкентай ауылдың тұрғынымын! Өз ауылымның көркейіп, әлеуметтік тұрмыс-тіршілігінің жақсы болғанын қалаймын. Ауылдан жыраққа шыққан жағдайда, яғни қала орталығына бара қалсаң, өзіңе қажетті нәрселердің бәріне қол жеткізесің. Ал, мен ән айтып, би билегенді, қоғамдық ортада пікір тастап, ғылыми жұмыспен айналысқанды қатты ұнатамын. Бірақ, біздің мектепте ән сабағы болғанымен, нағыз маманның болмағандығы қынжылтады, сонымен қатар би үйрететін биші де жоқ.......
Мақсаты, міндеттері: Балаларды « қамқорлыққа», «өзіне және өзгеге» деген қамқорлық ұғымдарымен таныстыру, балалардың санасына, өзіне, жақын туыстарына, достарына деген қамқорлық сезімін қалыптастыру және дамыту. - Балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету; - Достарына, жанұясына, туыстарына сүйіспеншіліктерін арттыру; - Қамқор болуға тәрбиелеу;
Қажетті құрал-жабдықтар: Интерактивті тақта, түрлі – түсті қағаздар, желім, қайшы, ермексаз, ылғалды сүрткіш, түрлі-түсті қарандаш. Мотивациялық - қозғаушы Балалармен сәлемдесу Балалар сәлемдеседі Ұйымдастырушылық - ізденушілік 1. Шаттық шеңбері Қайырлы күн балалар! Осындай мейірімді, ақылды, қамқоршыл, қайырымды балапандарды көргеніме қуаныштымын. Ал енді бүгінгі оқу қызметіне келіп отырған қонақтармен сәлемдесейік! Сәлемдесу адамгершіліктің, инабаттылықтың, ізеттіліктің нышаны, көтеріңкі көңіл күймен күлімсіреп сәлем берейік. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз, .....
Білім беру саласы: Әлеумет Тақырыбы: Өзім туралы білгім келеді Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру Мақсаты: Білімділік: өзі және өзінің жағдайы, көңіл күйі туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ т.б.), олардың атқаратын қызметі туралы түсініп, айтып беруге үйрету. Дамытушылық: Өзіне деген сенімділігін нығайтып, құрметі мен дербестігін арттыру. Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Өзіне-өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық. Көрнекіліктер:дене мүшелерінің суреттері, слайд. Алдын ала орындалған жұмыс: балалар өздері туралы әңгімелейді Сөздік жұмыс: Мен, ұл,қыз Блингвалды компонент: Ұл-мальчик, қыз –девочка, қол-рука, аяқ-нога,т.б. .....