"Жақсы сөз - жарым ырыс". Ғасырлар қойнауынан қаймағы бұзылмай келе жатқан ана тіліміз нақыл сөздерге бай. Бүгін біз сіздерге соның бір парасын ұсынамыз.
1. Өзіңе жағымсыз істі өзгеге істеме.
2. Ешқандай жақсылық зая кетпейді.
3. Жақсы мен жаманның айырмасы сиыр мен жыланың айырмасындай. Біріншісі шөпті сүтке айналдырады, екіншісі сүтті уға айналдырады.
4. Кімде-кім ашуға ашумен жауап қайтармаса, екеуін де – өзін де, өзгені де құтқарады.......
Өзен кен орындарында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның құрылымында триас, юра, бор, полеоген, неоген және төрттік шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина үлгітастарын зерттегенде алынған полионтологиялық мәліметтерге және Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар шартты, негізінен электрокаратаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде микрофаунамен т.б. зерттеу арқасында қолда бар стратиграфиялық үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр. Өзен кен орының мұнай-газдылығы юра және кейде бор шөгінділерімен байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. І-ХІІ горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор – газды, ХІІІ-ХVIII горизонттар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай – газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның ХІХ-ХХІV горизонттары мұнай – газды. Пермь – триас шөгінділері Өзен кен орнының ең кәрі жыныстары болып табылады.....
Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады. Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді. Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді. Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік құнын калькуляция баптары бойынша топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын азайту жолдары. ....
Шығындарды есепке алудың және өнімнiң өзіндік құнын калькуляциялаудың белістік өдісі өнiмді жаппай өндіретiн кәсiпорындарда колданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнiмге дейiн рет-ретімен технологиялык өңдеуден өтеді Бұл әдіс шикізаттың кешенді түрде пайдаланылатын кәсшорындарында металлургиялық, химиялық, мұнай өндеу және басқа да салаларда колданылады. Мысалы, мата тоқу кәсiпорындарында үш қайта жасау — иіру, тоқу және әрлеу саласы, қара металлургияда — домен пеші, болат балқыту, прокат, былғары өндірісінде — күлді, тері илеу жөне әрлеу саласы бар Дайын өнiм немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды Бөлістік әдісте өндіріске кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді Әрбір белістен кейiн шалафабрикат шығарылады, ал түптеп келгенде — дайын өнiм алынады Бөлiніс тізбесі пайдаланылатын жабдықтар, өндіріс процесстерінің арасындағы үзіліс-іркілістер; шығарылатын шалафабрикаттардың, өнiмнің сипаты мен басқа да өзiне тән жағдайлары ескеріле отырып, технологиялық процесстер туралы деректердін негiзінде белгiленеді Бұл орайда, бөлініс жөніндегi шығындарды жоспарлау мен есепке алуды, аяқталмаған өндірісті есепке алу мен бағалауды ұйымдастыру, өзі өндірген шалафабрикаттар мен дайын өншдердің өзiндік кұнын калькуляциялау мүмкіндігi ескерiледі ....
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi. Қазақстан Республикасының бүгiнгi таңда экономикасының тиiмдi дамуында басты мәселенiң бiрi ол негiзгi өнеркәсіптік капиталдарының басым бөлiгiнiң моралдық және физикалық жағынан тозуы болып табылады. Осыған байланысты отандық өнеркәсіпорындарының экономикалық өнімділігі төмен, яғни өндірістік және экономикалық шығындары жоғары. Егер өндіріс көлемінің өсуі шығындардың одан да жоғары қарқынмен өсуін қамтамасыз етеді. Осының салдарынан отандық өнеркәсiптердiң рынокқа шығарған өнiмдерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi төмен болып, олардың экономикалық белсендiлiгiнiң өсуiне керi әсер етуде. Яғни, бiр сөзбен айтқанда экономиканың тиiмдi дамуы үшiн ұдайы өндiрiстiң негiзi болып табылатын капиталдардың толық және қарқынды қызмет етуi қажет болып табылады. Шығындар деп тек қарапайым шығындар емес, нарықта құн формасын алған ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп өткізілген өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі. Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары бар: Олар: әлеуметттік-экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағынатын шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған еңбек шығындары жатады. Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді және өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығынға - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статисткалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. Өндіріс шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың (қандайы болмасын) экономикалық шығындары, оларды өте тиімді пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын немесе айқын емес шығындарға бөленеді. Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын «Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы» деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi ел экономикасының тұрақтылығының негiзi болып табылатын отандық өнеркәсiптердiң рыноктық жағдайда бәсекеге қабiлеттiлiгi ең бiрiншi сол өндiрiстiң капитал деңгейiне байланысты болып келедi. Ал осы өндірістің дамуындағы шығындарды барынша азайтып, экономикалық шығындарды толық зерттеп, максималды экономикалық пайдаға қол жеткізу маңыздылығы, сондай-ақ өнімнің өзіндік құнынын калбкуляциялық есебін жүргізу арқылы кәсіпорындардың тиімді экономикалық қызмет етуін қалыптастыру болып табылады. ....
Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. .....
Бауыржан Момышұлының бата - тілек, мақал - мәтел, нақыл сөздері Бата (араб, фатиха – алғыс, ризашылық, тілек) – әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген қадым заманда қалыптасқан көне дәстүр. Батаны кім көрінген емес, елге сыйлы, абыройлы адам, ақсақалды қария беретін болған. Бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық турасындағы түсініктердің айғағы іспетті. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, Әрбір іс - әрекетіне даңғыл жол ашып, бәле - жаладан қорғайды деп есептелген. Бауыржан шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал - мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында......
Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін. Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады. Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы. Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды. Диалект сөздерді ХХ ғасырдың ІІ жартысыннан бастап зерттеген ғалымдар да бұл жағынан өз еңбектерін жазды. Ғ. Қалиев. Ш. Сарыбаев. «Қазақ диалектологиясы», Ш. Сарыбаев, О. Нақысбеков «Қазақ тілінің аймақтық лексикасы», С. Аманжолов «Вопросы диалектологии и истории казахского языка», Х. Кәрімов «Қазақ диалектологиясы», Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері» Ал, қазақ сөйленістерін бөлек – бөлек зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, кейінірек шыққан Ш. Сарыбаев, Ғ. Қалиевтің «Қазақ диалектологиясы» оқу құралында сөйленістер төмендегідей топтарға жіктелген:.....
Кіріспе Еліміздің әрбір азаматы, ең алдымен, өз халқының тілін білуі керек, сонымен қатар, туған тілінің асыл қазынасының інжу - маржанын тізе білу, өз тілін зерттей отырып, ерекшеліктерін анықтап, дамыта беру – әрбір жас ұрпақтың ізгілікті борышы деп ойлаймын. Сондықтан да, менің зерттеу жұмысымның тақырыбы: «Жергілікті аймақтарда диалект сөздердің қолданылу мәні» Алдымен, диалектология туралы қысқаша мәлімет беріп өтейін. Тіл білімінің диалектілер мен сөйленістерді (говорларды) зерттейтін саласы - диалектология (диалектос - сөйлеу, сөйленіс, логос - ілім деген грек сөздерінен құралған) деп аталады. Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу. Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын аумағы, тілдік материалдың көлеміне қарай диалект, сөйленіс терминдері қолданылады. Диалект – тілде жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданылатын ерекшеліктердің жиынтығы. Сөйленіс – жергілікті диалектілердің шағын аймақты қамтитын бөлігі. Мәселен, Қазақстан жерінде диалект 2 - 3 облыс көлеміндей жерді қамтыса, сөйленіс 1 облыс не 2 - 3 аудан көлеміндей жерді қамтиды......
1. программасын іске қосамыз; 2. Бағандардың енін кішірейтеміз: 2.1. Бүкіл Лист1 парағын ерекшелейміз. Ол үшін А бағананың сол жағындағы (сурет 1) сұр тіктөртбұрышта тышқанды шертеміз. Сонда бүкіл Лист1 парағы ерекше Сурет 1 2.2. Ұяшықтардың енін 2-ге тең етіп аламыз. Ол үшін кез-келген баған атында тышқанның оң жақ батырмасын шертеміз. Ашылған контестік мәзірден «Ширина столбца» қатарын таңдаймыз (сурет 2). Сонда ашылған сұхбат терезенің «Ширина столбца» өрісіне 2 мәнін береміз де ОК батырмасын шертеміз (су Сурет 2 Сурет 2 Сурет 3
3. Сөзжұмбаққа сөздер енгізу: 3.1. Тігінен кілттік сөз жазамыз; 3.2. Кілттк сөздің әрбір әрпіне мағыналас көлденең сөздер жазамыз; 3.3. Көлденең сөздерді нөмірлейміз (сурет 4); 3.4. Құрылған сөзжұмбақ аймағын ерекшелейміз. Ерекшелеу үшін Ctrl пернесін пайдаланамыз (сурет5) ....