Әдебиет | Қазақтың ырым тыйым сөздері

Тыйым – халықтың тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге, ақыл - кеңес берудегі тәрбие құралдарының бірі. Бұл негізінен балаларға арналған, оларды жаман әдеттен, жат пиғыл, ерсі қылық, әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады. Кейде оғаштау іс істеп қойсақ, үлкен кісілер ылғи да: «Олай істеме, жаман болады» деп атайды. Халық арасында кең тараған осындай тыйым сөздерді зерттей отырып мен олардың жас балаларға арналғандарын жинақтадым. Сонымен бірге мағынасы, тәлім - тәрбиелік мазмұны жағынан бүгінгі заман талабына сай келетінін байқадым. Яғни біз ата - бабаларымыздың даналығы сол – қанша ғасырдан бері тыйым сөздердің мәні өзгермей, қасиеті кетпей бүгінгі заман жастарына беретін өнегесі көп. Ғұлама ғалым Әл - Фараби айтқан «Адамға бірінші білім емес тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздеріне қазақтың тыйым сөздері толық мысал бола алады. .....
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Бауыржан Момышұлының бата тілек мақал мәтел нақыл сөздері

Бауыржан Момышұлының бата - тілек, мақал - мәтел, нақыл сөздері
Бата (араб, фатиха – алғыс, ризашылық, тілек) – әлем халықтарының баршасында дерлік кездесетін, адамзат қоғамы сөздің магиялық құдіретіне күмәнсіз сенген қадым заманда қалыптасқан көне дәстүр. Батаны кім көрінген емес, елге сыйлы, абыройлы адам, ақсақалды қария беретін болған. Бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық турасындағы түсініктердің айғағы іспетті. Бата қысылғанда – қуат, қиналғанда – медет беріп, Әрбір іс - әрекетіне даңғыл жол ашып, бәле - жаладан қорғайды деп есептелген.
Бауыржан шығармашылығының бір саласы оның өлеңдері мен қанатты сөздері, мақал - мәтелдері. Батыр жазушының өсиет сөздері күні бүгінге дейін елдің аузында......
Ғылыми жобалар
Толық

Әдебиет | Абай қара сөздеріндегі ар ұят және адамгершілік мәселесі

Осы зерттеу жоба Абай Құнанбайұлының қара сөздеріндегі адамгершілік пен ар – ұят мәселесін қазіргі жас ұрпақ бойында қалай қалыптасқанын, оны қалай түсінетіндіктерін, қандай жерлерде қолдану керек екендігін табуға байланысты.
Мақсаты:
Абай Құнанбайұлының айтып өткен ақыл өсиеттерін айта отырып, қазіргі жастардан адамгершілік және ар – ұят мәселесін іздеу.
Міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты ғылыми әдебиеттерді оқып, талдап, саралау.
2. Ұлы ойшылдың қара сөзіндегі ар – ұят, адамгершілік туралы мәселені ашып көрсету.
3. Ойшылдың ойын жас ұрпаққа насихаттау.
Гипотеза: Егер аға буын және отбасы жас буынның тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса, қазіргі жастардың адамгершілік рухы жоғары болады.
Зерттеу әдістері: сауалнама жүргізу, жағдаяттарды шешу және қорытынды шығару, ар – ұятты суреттеу, ұят туралы ұрпақтар сабақтастығы.
Объектісі: Абайдың отыз алтыншы қара сөзі
Зертеу пәні: Адамгершілік пен ар – ұят.....
Ғылыми жобалар
Толық

Экономика | Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық нәтижесіне оның әсері Банк кірістері мен шығындарының есебі

Қазақстан Республикасының банктері нарықтық экономика жүйесіне өтті. Тәуелсіздік алғанымызда құрылған банктер нарықтық экономикада жақсы жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алу үшін көптеген әдістер іздестірді. Негізінде Қазақстанның банктерінің кірістері тәуелсіз алған жылдан бастап, қаіргіге дейін онша жоғары көлемде болған жоқ еді. Бірақ, соңғы жылдары, яғни 2003 жылдан бастап банктердің кірістілігі артуда. Оған дәлел болып келетін статистикалық мәліметтер.
Әрине әр бір банк белгілі бір кіріс алады, бірақ ол банктің қызмет атқаруына байланысты болып келеді. Неғұрлым өз қызметін жақсы атқарса, соғұрлым көп көлемде кіріс ала алады.
Кіріс- активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.
Шығын- активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі эканомикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын -кірісті төмендету көзі.
Курстық жұмысымның өзектілігі банктің ең негізгі көздейтіні экономикалық пайданың алыну көздері және шығынның түрлерін анықтап, банктік кірістің, банктік дамудың әдістерін білу.
Курстық жұмысымның мақсаты банк қызметінде болатын кіріс көздері мен шығын түрлерін анықтау. Сонымен қатар, банк қызметінде болатын шығындар көлемін азайту жолдарын іздестіру және кіріс көздерін тауып, оны ұлғайту.
Тақырыптың міндеті осы қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар баптарының жіктелуін, топталуын байқап, есебін бухгалтерлік өткізбеде көрсетіп, банктің қаржылық нәтижесін талдап, баға беру. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әкімшілік құқық | Әкімшілік құқық мәні, пәні, әдістері, дерек көздері, субъектілері

КІРІСПЕ
Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні. Ақша-қаржы қоры кез келген қоғамның, мемлекетің, жеке және заңды тұлғалардың материалдық жағдайын қалыптастырады. Ондай қордың болмау әрекет жасауды қиындатады. Қазақстан Республикасының қаржы саласында әрекет жасайтын құқықтық нормативтік кесімдерді, қаржы құқығының қағидаттары, әдістері, жүйесі, бюджет, салық және оның түрлері сияқты санаттар мен ұғымдарды білуге «Қаржы құқығы негіздері» көмектеседі.
Қоғамдағы және құқық саласындағы барынша жағымсыз, қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктін) бірі қылмыс. Өскелен ұрпақты қылмыстық қылықтардан ауаша жүруге тәрбиелеу қоғамның міндеті. Сондықтан оқу құралының «Қылмыстық құқық негіздері» деп аталатын алтыншы бөлімінде қылмыстық құқықтың пәні, әдістері, қағидаттары, жүйесі, қылмыстық заңнаманың ұғымы, қағидаттары, атқаратын міндеттері, кылмыс ұғымы, қылмыстың белгілері, қылмысқа қатысу, қылмыс жасаудың сатылары, кылмысты топтамалау, жаза, жазадан, қылмыстық жауаптылықтан босатудың негіздері сиякты ұғымдардын мазмұндары ашылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Психология | Бастауыш сынын жасындағы балалардағы ақыл-ес дамуының қайнар көздері

1.Бастауыш мектеп жасындағы балалардың оқу мотивациясындағы мақсат,эмоция және қызығушылықтардың рөлі.
Балада өзінің оқу жұмысының жекелеген кезеңдеріне мақсат қою ептілігі болмаса, мотивтің қатысуы жеткіліксіз болады. Әсіресе бастауыш мектепте балада оқу еңбегінің жекелеген жақтарына бағыттылық қалыптасқанымен, ол осы оқу мотивтерін жүзеге асыра алмайды: мақсат қоюды, оларды негіздеуді, басты және қосымша мақсатын анықтауды білмейді, т.б. Мұғалім балаларды өздерінің мотивтерін мақсаттың жүйелілігі, бірізділігі арқылы іске асыруга үйретуі тиіс.
Мақсат қою — бұл баланың ерекше мінез-құлқының сипаттамасы бала өмірде белгілі бір мақсат қоюды практика жүзінде үйренеді. Бірақ мақсаттар бір-біріне ұқсамайды. Мотив сияқты мақсат та өзінің мазмұны бойынша ажыратылады, бала өз бетінше мақсат қоюы және жүзеге асыруы мүмкін, бірақ осы мақсаттар біздің тұлғалық адамгершілік туралы түсінігімізбен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Мақсат қою процесінің нақты қай жағы оқудың мотивациялық сферасында көрінуі тиіс және қандай ептілікке сәйкес баланы оқытуға болады?
1. Мақсатты әлеуметтік қоғамдағы баланың өзін-өзі тәрбиелеу міндеттеріне сәйкес таңдау.
2. Мұғалім қойған мақсатты қабылдау және түсіну; мұғалім мақсатын ұзақ уақыт бойы ұстау, сақтау, оған өзінің мінез-құлқын бағындыру.
3. Мақсатты өз бетінше қою (білім беру), осыған байланысты әрекеттің басталуына дейінгі мақсатты ойша елестетуді, мақсатты сезінуді, оны қалыптастыруды үйрену. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің тәрбиелік мәні

Зерттеудің өзектілігі: Абай - өз заманының биік парасат иесі ғана емес, бүгінгі заман айшылықтарын шегінуте де оң бағыт берген биік тұлға. Ақынның гуманистік идеясы тек өледдерінде ғана емес, қарасөздерінде де терең философиялық толғаныспен көрініс тапқан. Абай қарасөздері терең ой мен күрделі пікірге құрылған ақын шығармашылығындағы айтпақ ой, терең филососриялық мұғалім өзі зерттеп, түсінгенде ғана осы бағытта баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ.
Курстық жұмыстың мақсаты: Абай қарасөздерінің тәрбиелік мәнін қазақтың мақалдарын сынай отыра Абай дүниеқоңыздық, ұятсыздық сияқты адамды аздыра-тын қылықтардан жиренуді мақсат етеді. Жақсы, жаманның арасын айырып, ақиқатын айтады немесе "7-ші", "31-ші" сөзінде Абай оқу, өнер-білім мәселесі төңірегінде келелі ой қозғауы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ЖИТС-тің жұғу көздері және жұғу жолдары

ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50 миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада, Гаитиде тіркелген. Вирус ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады.
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС .....
Рефераттар
Толық

Тарих | ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.
Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш......
Рефераттар
Толық