Абай- қазақ әдебиетінің кірпіші

Қоғамда, поэзияда, музыкада, саяси өмірде өлмес, өшпес із қалдырған- Абай Құнанбайұлы.Ақын Абайдың шығармашылығы мен өмірі- халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған рухани мұрасы.Абай үні, Абай тынысы, Абай лебі- халық бейнесі, заман тынысы, қазақ үні.
Шынайы өнер туындысындағы тұрлаулы идея қалдырған, мәдениет пен ақындығын ұштастыра отырып, ақиқатты толғайтындығы туралы Міржақып Дулатов: :" Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіші- Абай сөзі, Абай аты болуы керек...Ең жоғары, ардақты орын-Абайдікі",- деп, көркем өнердің бастауы, сөздің ұлы мағынасын айқындауышы ретінде танытады.

Абай ақындығын халыққа, ағартушылық мақсатқа бет бұрғызған.Ұрпақ мүддесі үшін ғылымның кілтін ашып, жігерлі жастық талабын білімге жұмсауға шақырған-ды.Сұлтанмахмұт Торайғыров:"Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы, ерінбе",- деп, сөз қадірін айнымас темірқазығына айналдырған хәкім Абайдың өнеріне тамсанған кейінгі буын өкілдерінің пікірі Абай образын аша түскендей......
Эсселер
Толық

Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мәдениет, білім және ғылымның дамуы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының әдеби және музыкалық мұрасы
Оқу мақсаты: • 10.4.1.7 Қазақ халқының мәдени мұрасындағы ауыз әдебиетінің маңызын анықтау
• 10.4.1.8 халықтың рухани -адамгершілік құндылықтарын сипаттайтын қазақ әдебиетінің маңызды жетістіктерін анықтау
• 10.4.1.9 фольклор және зерттеушілер еңбектерінің негізінде дәстүрлі музыкалық мәдениетінің бастаулары мен ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаты: Қазақ халқының мәдени мұрасына үлес қосқан тұлғалардың еңбектерін бағалау.......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
Сабақ тақырыбы: ХХ ғ. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиеті мен өнерінің дамуы
Оқу мақсаттары: 8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқының әлемге танытудағы роліне баға беру
8.2.2.1 Қазақ зиялыларының шығармашылық мұрасын талдау және қоғамдық санаға тигізген әсеріне баға беру
8.2.2.3 Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
Сабақтың мақсаты: Кеңестік Қазақстан кезіндегі ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет пен өнер саласының өзгерістерін және кеңестік идеологияның ықпалымен дәстүрлі мәдениеттің құлдырау себептерін анықтайды. Кеңестік әдебиет пен өнердің қалыптасу ерекшеліктерін талдайды......
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Абай Құнанбаев 175 жылдығына арналған әдеби кеш (колледж, университет)

Тақырыбы: Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби кеш

Байқаудың мақсаты: халқымыздың дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру.
Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар.
Өткізілген күні:
Қатысатын студенттер: 1-2 курс
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Гүл-гүл жайна (Қазақ ауыз әдебиеті)

Гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбала шағыңда.

Өте шығар дүние қас қағымда,
Ойнап, күлген жарасар жас шағыңда-ай.
Орамыңның барында ойна да күл,
Тұра бермес бұл жастық баяғыдай-ай.....
Өлеңдер
Толық

Әгугай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ортамызда Төлеген тұрды жорға, ахау,
Сүрінбей ме, боз жорға қазған орға, әгугай, әгугай.
Қыз-Жібекті ойласаң нең кетеді, ахау,
Орамалы тұрады бес жүз жорға, әгугай,әгугай.

А-а-ай,
Айың тусын оңыңнан.
Жұлдызың тусын соңыңнан.
Хабарсыз кетсең тым ұзақ,
Сансызбай шығар соңыңнан.....
Өлеңдер
Толық

Қалқатайдың дауысы-ай! (Қазақ ауыз әдебиеті)

Аралаймын аулыңды тарланменен,
Қарамайсың қасыңа барғанменен.
Ойнамаймын, күлмейін десем дағы, ахау,
Өтіп барады жас дәурен арманменен.

Қайырмасы:
Тайбурылдың шабысы-ай,
Сәйгүліктің дабысы-ай
Көкейімнен кетпейді-ай,
Қалқатайдың дауысы-ай.....
Өлеңдер
Толық

Угай-угай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ай қараңғы аспанда түн емес пе, угай-ай,
Жақсы әйелдер өмірде гүл емес пе, угай-ай.
Қыздар гүл-гүл болғанда, жігіт бұлбұл, угай-ай,
Бұлбұл қонып гүліне түнемес пе, угай-ай.

Угай-угай - әніміз,
Арпа, бидай дәніміз.
Угай-ай деп ән салсаң,
Келіспей ме сәніміз.....
Өлеңдер
Толық

Өтірік өлең (Қазақ ауыз әдебиеті)

Басында керегенің үрген қарын,
Көтердім жалғыз өзім соның бәрін.
Жүк қылып қара нарға артып едім,
Орнынан тұра алмады жануарым.

Басына қарағайдың көл тұрыпты,
Айтпаймын айт десеңде өтірікті.
Айтайын өтірікті ебін тауып,
Қан қылды бір санымды тышқан қауып. ....
Өлеңдер
Толық

Балам, зерделі, дана бол (Қазақ ауыз әдебиеті)

Балам, зерделі, дана бол,
Адасқанға пана бол!
Ісіңе ақылың серік болсын,
Жүзің ыңғай ашық болсын.
Лебізіңе жұрт ғашық болсын,
Жүрегің Құдай сөзіне ашық болсын!
Әкеңнің жіберген кемтігі толсын,
Қасыңнан азғырушы қашық болсын!
Қиындық көрсең, мұңайма,
Ауырлық көрсең, жұқарма. ....
Өлеңдер
Толық