Орбұлақ шайқасы зерттеп жүрген тарих танымгері, өлкетанушы, шежіреші Асан Оразханұлы Тұрабаевты әңгімеге тартқан едік.
– Байырғы дұшпан Хото Батор Хонтажы бастаған ойрат-қалмақ елу мың қолмен қазақ елін жаулап алуға аттанғаны жөнінде Салқам Жәңгір өз шолушыларынан мәлімет алады. Орбұлақтағы ойрат пен қазақтың тектілері Қарахан патшаның тұсында «Арамызды шаhар байласын, шаhар байламаса, заhар шайнасын»деп анттасқан көрінеді. Маруан-Аhра би «Орбұлақ тектілердің ат-тізгінін тартып тоқтаған тәтті жері еді. Ойраттар анттан аттады. Орбұлақтың бойында улы жебемен қарсы алыңдар. Бұл жерге қылыш көтеріп.....
Әнет баба (1628 – 1723) – "Жеті жарғыны” құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі. Руы Тобықты. Жас кезінде Бұхар-шарифте үйсін Сарышуаш жыраумен бірге медресе бітірген. Ислам қағидаларына, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әділдігімен, діндарлығымен аты шыққан. Қалқаман—Мамыр дауы (қосымша "Қалқаман-Мамыр”) кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік шығарады, бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, енді тентегіңді сен де өлтір деген .....
Жәнібек Бердәулетұлы (туған жылы белгісіз – 1792) – батыр, шешен. Жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстарға белсене қатысқан. 1760 ж. Ж. абақ керейлерді Алтай тауының қазіргі Шыңжаң өлкесіне қарасты байырғы мекеніне апарып орналастырған. Есімі абақ керейдің ұранына айналған. Жоңғар шапқыншыларына қарсы соғысқа аттанарда нағашы атасы Қаз дауысты Қазыбек биден бата алады. Бір шайқаста мінген тұлпары болдырып қалған Абылай ханға астындағы көк дөненін түсіп беріп, Абылайды құтқарып қалады, өзі жекпе-жекке шыққан екі қалмақ батырын жеңіп, жаудың бетін қайтарады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, т.б. батырлармен тізе қоса отырып, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыстың аяғына дейін қатынасады. 1731 ж. Кіші жүз ханы Әбілқайыр Ресей империясының бодандығын қабылдаған кезде Ер Жәнібек керей тайпасын бастап, Сыр бойынан үдере көшіп, Қалба тауына келіп қоныстанады. Осы арадан Алтайдың Ақтау төңірегіндегі .....